Бірқалыпты күйге келтіру процесі.
Бірқалыпты күйге келтіру процесі қатынастарды бірқалыпты формалғарға келтіру тізбегінен тұрады. Әрбір кезеңде қатынастың қажет емес сипаттамалары алынып тасталады.
Бірқалыпты емес форма(БЕФ) деп бір немесе бірнеше қайталанатын атрибуттар тобы кірістірілген кесте аталады.
Бірінші бірқалыпты форма(1БФ) деп әрбір баған мен жол қиылысында
тек қана бір мән орналасқан қатынас аталады.
Екінші бірқалыпты форма (2БФ) деп бірнші бірқалыпты формада болатын және әрбір атрибуты алғашқы кілтке кірістірілмеген толығымен осы алғашқы кілттен тәуелді қатынас аталады. А және В атрибуттары үшін толық функционалдық тәуелділік келесіні білдіреді: егер А атрибутынан тәуелді, бірақ А атрибуттарының ішкі жиынынан тәуелді емес болса, онда В атрибуты толығымен А атрибутынан тәуелді болады.
Үшінші бірқалыпты форма(ЗБФ) деп бірінші және екінші нормаланған формада болатын және атрибуттары алғашқы кілттен транзитивті тәуелді алғашқы кілттер кірістірілмеген қатынасты айтады. А, В және С атрибуттарының транзитивті тәуелділігі келесіні білдіреді: егер А→В және В→С болса, онда С транзитивті түрде А атрибутынан В атрибуты арқылы тәуелді болады(А атрибуты В және С атрибуттарынан функцционалды тәуелді болмауы керек).
Бойс-Кодд бірқалыпты формасы (БКБФ) деп әрбір детерминант потенциальды кілт болып табылатын қатынас аталады.
Төртінші бірқалыпты форма(4БФ) деп Бойс-Кодд бірқалыпты формасындағы және тривиальды емес көпмәнді тәуелділік кірістірілмеген қатынас аталады. А, В және С атрибуттары арасындағы көпмәнді тәуелділік деп А атрибутына сәйкес В және С атрибуттарының мәндер жиыны бар, бірақ олар бір бірінен тәуелсіз болатын тәуелділік аталады.
15-сурет. Бірқалыпты күйге келтіру процесінің сызбасы
Бақылау сұрақтары:
1. Бірқалыпты күйге келтірудің қажеттіліг қандай?
2. Функционалдық тәуелділік дегеніміз не?
3. Транзитвті тәуелділік дегеніміз не?
4. Детерминант дегеніміз не?
5. Бірқалыпты форманың түрлері қандай?
Әдебиеттер:
[3], [4], [7].
ЫСҚАША ДӘРІСТЕР КОНСПЕКТІСІ
Дәріс.
Тақырыбы:Мәліметтер қорымен жұмыс жасауға арналған құрылғылар мен
бағдарламалау ортасы
Дәріс мақсаты:Мәліметтер қоры қосымшасын құруға арналған құралдарға шолу жасау және баңдарламалау ортасын анықтау.
Кілттік сөздер: BDE,SQL Links, BDE Administrator, Database Desktop, Database Explorer, SQL Monitor, Visual Query Builder, Data Dictionary, Data Module, Object Repository, Data Migration Wizard, визуалды емес компоненттер, визуалды компоненттер, Local InterBase Server, InterBase Server for Windows 95
Жоспары:
8.1. Мәліметтер қорымен жұмыс жасауға арналған инструментальді құралдар.
8.2. Delphi-де мәліметтер қорымен байланысты ұйымдастыру
Дата добавления: 2017-01-29; просмотров: 2109;