Мәліметтер қорын жобалауға қойылатын талаптар
Мәліметтер қорын жобалауда және пайдалануда оған келесі талаптар қойылады:
1. Пәндік саланы жабдықтауды бейнелеудің барабарлығы (толықтығы, тұтастығы, қайшылықсыз болуы, мәліметтердің көкейкестілігі).
2. Әртүрлі категориядағы пайдаланушылардың өз ара әсерінің мүмкіндігі; кіру мүмкіндігінің жоғары тиімділігін қамтамасыз ету.
3. Интерфейстің жақындығы.
4. Құпиялылық пен жасырындылықты қамтамасыз ету.
5. Бағдарламалар мен мәліметтердің өзара тәуелсіздігін қамтамасыз ету.
6. Мәліметтер қорының сенімділігі қамтамасыз ету; мәліметтерді кездейсоқ және қасақана бүлдіруден қорғау; жүйе істен шыққан (сбой) жағдайда мәліметтерді тез және толық қалпына келтіру мүмкіндігі.
Мәліметтер қорын жасауға, пайдалануға және алып жүруге жауапты тұлға – мәліметтер қорының администраторы (МҚА) болады. Оның міндетіне келесі қызметтерді атқару кіреді:
1. Пәндік саланы талдау, оны сипаттау, тұтастығына қойылатын шектеулерді тұжырымдау.
2. МҚ құрылымын, яғни мәліметтер қоры файлдарының құрамы мен құрылымын, олардың арасындағы байланыстарды жобалау.
3. МҚ құрылымын және мәліметтерді өңдеу процедурасын сипаттау кезінде тұтастыққа қойылатын шектеулерді беру.
4. МҚ алғашқы жүктелуі және жүргізу.
5. Мәліметтерді қорғау:
• жүйеге кіру ретін қамтамасыз ету;
• пайдаланушылардың мәліметтерге кіру мүмкіндігін құқықтарын анықтау;
• мәліметтерді қорғаудың бағдарламалық-техникалық жабдықтарын талдау және жасау;
• мәліметтерді қорғау жабдықтарын тестілеу;
• мәліметтердің пайдаланылуы туралы статистиканы жинау;
• мәліметтерді қорғауды бұзу жағдайларын зерттеу;
• мәліметтер қорын қалпына келтіруді қамтамасыз ету, жүйелік журналдарды жүргізуді ұйымдастыру.
6. МҚ пайдаланушылардың қарауын талдау.
7. Пайдаланушылармен жұмыс істеу.
8. Мәліметтер қорын жетілдіруге және динамикалық дамытуға жұмыс істеу.
Мәліметтер қоры өмірлік циклде басты маңызды кезеңдердің бірі
нәтижесінен пәндік саланың есептерін шешуде, МҚ кейінгі пайдаланылуының тиімділігі тәуелді болатын жобалау кезеңі болады. Жобалау процесі кезінде шешілетін басты мәселе – мәліметтерді ұйымдастыру, яғни өзара байланысты біріктіру, құрылымдау, және анықтау. Мәліметтерді ұйымдастыру тәсілі пәндік саланың негізгі мәндерін және олардың өзара байланыстарын бейнелейтін логикалық модель арқылы анықталады. Объектілер арасындағы байланыстарды кейіптеудің әртүрлі формалары, мысалы иерархиялық, желілік, реляциялық сияқты мәліметтердің әртүрлі логикалық модельдерінің тууына әкелді. 1980 жылдардың ортасына қарай қарпайымдылығына және математикалық негізделуіне байланысты ең көп тарағаны реляциялық модель болды. Соның нәтижесінде қазіргі заманғы мәліметтер қорын басқару жүйесінің көпшілігі осы модельді қолдап, жүргізуде.
Дата добавления: 2017-01-29; просмотров: 2426;