Есептеу үшін қабылданған Тcpi және бастапқы мәліметтері
Клапан үшін Tcpi=545 сағ.; δ1=0,3*545=163,5 сағ.
Втулка үшін Tcpi=500 сағ.; δ2=0,3*500=150 сағ.
Поршень үшін Tcpi=250 сағ.; δ3=0,3*250= 75 сағ.
Шток үшін Tcpi=500 сағ.; δ4= 0,3*500=150 сағ.
Штокты тығыздауыш үшін Tcpi=300 сағ.; δ5= 0,3*300=90 сағ.
Диафрагма үшін Tcpi=1200 сағ.; δ6= 0,3*1200=360 сағ.
Сенімділік көрсеткіштерін есептеу есептеу сұлбасының бірінші нұсқасы бойынша мына формулалар бойынша іске асырылады
- Екі поршенді сорап үшін
Р(t) = (6.117)
- Үш поршенді сорап үшін
P(t)= (6.118)
Сенімділік әдістерін бейнелеу үшін келтірілген, Тcpi есептеуге арналған бастапқы мәліметтердің [21], бұрғылау сорабының таза ерітіндіде жұмыс істеуіне ең төмен дегенде үш сатылы тазартудан кейін сәйкес келетінін атап өткен жөн. Бұрғылау сораптарының белгіленген істен шықпай атқаратын жұмыс көлемі 90%-дық ресурста есептеледі (90%-дық ресурсты есептеу мысалын қара, 6.11-бөлімшеден) және есептеу сұлбасының бірінші нұсқа бойынша 6.16-кестесінің мәліметтерін құрайды:
- УНБ-600-1 екіпоршенді сорап үшін Ту=62 сағ;
- УНБТ-950 үш поршенді сорап үшін Ту=110 сағ.
Есептеудің екінші нұсқасы бойынша сенімділік көрсеткішін есептеу кезінде, яғни бір типті функционалды түйіндер бір функционалды түйіндер ретінде қарастырылғанда, гидроблоктың істен шықпай жұмыс істеу ықтималдылығы негізінен төмендегідей анықталады:
- екі поршенді сорап үшін
Р(t)= P1(t) P2 (t) P3(t) P4(t) P5(t) P6(t), (6.119)
- үш поршенді сорап үшін
Р(t)= P1(t) P2(t) P3(t) P6(t), (6.120)
Поршенді гидроблок ВБР төлкелерімен бір уақытта ауыстыру кезіде анықталады:
- екі поршенді сорап үшін
Р(t)= P1(t) P3(t) P4(t) P5(t) P6(t) , (6.121)
- үш поршенді сорап үшін
Р(t)= P1(t) P3(t) P6(t). (6.122)
ВБР есептеу нәтижелері 6.16 кестеде көрсетілген.
90% ресурста есептеу сұлбасының екінші нұсқасы үшін бұрғылау сорап тарының істен шықпай атқаратын жұмыс көлемі келесіні құрайды:
- УНБ-600-1 екіпоршенді сорап үшін Ту=124 сағ.;
- УНБТ-950 үш поршенді сорап үшін Ту=149 сағ.
Дата добавления: 2016-12-08; просмотров: 885;