Сенімділік көрсеткіштерін есептеу үшін статикалық мәліметтерді өңдеуді автоматтандыру құралдары

Мәліметтерді өңдеудің стандартты статикалық әдістері Excel, Lotus 1-2-3, QuattroPro сияқты электронды кестелердің және жалпы қолданудағы математикалық пакеттерге, мысалы Mathcad, құрамына енгізілген. Заманауи математикалық статистикалық әдістері қолдануға мүмкіндік беретін, арнайы статикалық пакеттер үлкен мүмкіндіктерге ие.

Берілген типтегі терең мамандандырылған бағдарламалардың ішінде құрамында статикалық функциялардың көпшілік түрі: факторлы анализ, тіркеу анализі, кластерлік анализ, көп өлшемді анализ және т.б. функциялары бар, Statistica және STADIA – статикалық бағдарламалар комплексін ерекшелеп айтуға болады. Берілген бағдарламалар алынған нәтижелерді көзбен көруге ыңғайлауға арналған құралдары бар: әр түрлі графиктер, диаграммалар, әр түрлі карталарға мәліметтерді беру.

Қолданушыға статикалық бағдарламалар пакетін анализдеу кезінде статиканың түрлі есептеулерін жүргізуге, оларды анализдеу үшін мәліметтерді түрлендіруге және беруге, сонымен қатар алынған нәтижелерді көрнекі күйде көрсетуге тура келеді. Сондықтан пакеттерді салыстыру үшін статикалық пакетті таңдау кезінде, келесі сипаттамаларға зер салу керек:

- мәліметтерді басқару ыңғайлылығымен (мәліметтерді экспорттау/им-порттау, оларды қайта құрылымдау);

- қол жететін функциялардың әртүрлілігі (статистикалық модульдердің саны);

- графикалық мүмкіншіліктер (енгізілген графиктік редактордың болуы, графиктің жеке эдементтерін көрсету мүмкіндігі, графиктерді экспорттау мүмкіндігі).

Бұдан басқа пакетпен жұмыс істеу ыңғайлылығы, оны меңгеру жеңілдігінің (енгізілген көмекші жүйенің болуы, қолдану нұсқамасы, мәліметтерді, есептеу нәтижелерін, кестелер мен графиктерді басқару ыңғайлылығы деңгейі), сонымен қатар есептеулерді жүргізу жылдамдығының мәні зор.

Берілген бөлімде қарастыруға келесілер таңдалды: біздің елге әйгілі STATICTICA бағдарламасы және отандық туынды – STADIA.

STATISTICA пакетін StatSoft (США) компаниясы жасалған. STATISTICA мәліметтерге толық, жан-жақты анализ жүргізуге, анализдің нәтижелерін кесте және график түрінде көрсетуге, істелген жұмыс бойынша автоматты түрде есеп беруге мүмкіндік береді. Жүйе үнемі жаңартылып отырады, оған жаңа модульдер және есептеу процедуралары енгізіледі.

Пакетте әртүрлі статистикалық операциялар жүргізуге мүмкіндік беретін арнайы модульдер саны өте көп.

Графиктік мүмкіндіктері: берілген мәліметтердің және нәтижелердің кестелерінен тікелей графиктерді салу мүмкіншілктері үлкен, мұнда мәліметтердің анализі мен графигі тығыз интегралданған. Жүйенің әр түрлі модулінде графиктерді құруға арналған, алынатын нәтижелердің ерекшелігін ескеретін арнайы құралдар бар.

STADIA пакеті “Информатика және компьюторлер” ҒӨБ-нің туындысы болып табылады және де тиімді және заманауи анализ жасаудың әдістерін ұсынады; сипаттау статистикасы, айырмашылық сынбағалары, санаттық, дисперсиялық, спектралды анализ, сүзгілеу және болжау, қарапайым, көп мағыналы, қадамдық және сызықты емес регрессия, сапаны бақылау әдістері және т.б.

STADIA құрамына толықтай іскерлік графиктің комплексі: функциялар, тәуелділіктер, таралымдар, беттер, болжаулар, үш өлшемдік графиктер, гистограммалар, бағаналы, доңғалақ диаграммалар, дендограммалар, өлшемдердің установкасы, графикалық архив және т.б.

 








Дата добавления: 2016-12-08; просмотров: 1096;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.