Алыптың тетіктерін жылумен өңдеудің ерекшеліктері
Қалыптаушы айлабұйымдардың барлығы жасау кезінде әртүрлі жылумен өңделеді. Қалыптың негізгі тетіктері – пуансон мен қондырғы жәшікті –шынықтыру міндетті емес. Мысалы, жұмсақ металл – жұмсақ болатты, мырышты, алюминийді кесуге арналған қалыптың тетіктерін шынықтыру керек емес. Сонымен, кез келген жұмсақ металды кесу үшін қондырғы жәшікті шынықтырып, пуансонды – аз немесе әлсіз шынықтыруға болады. Қыздырылған металды кесу кезінде қондырғы жәшік пен пуансонды бірдей шынықтырады. Өлшемі нақты тетіктерді шабуға арналған қалыпты жасау кезінде пуансонды ғана шынықтырады, себебі пуансон алынатын тетіктердің өлшемінің дәлдігін қамтамасыз етеді. Осы шарт орындалған жағдайда пуансонның пішіні өз қалпын сақтайды, егерде шеттері тойтарылса, онда қайрау арқылы түзетуге болады.
Қалыптың тетіктері ірі болған сайын, шынықтыру кезінде ақаулардың, әртүрлі майысулардың пайда болуы артады. Қалыптағы шынықтыруды қажет етпейтін әртүрлі тесіктер асбестті балшықпен немесе ылғалды асбестпен толтырылады. Аз өлшемді қалыптардың нақты тетіктерін ұсақ ағаш көмірімен толтырылған жабық болат жәшіктерінде қыздырады. Бұл тетіктің бет қабатын күюден қорғап, біркелкі қыздыруға мүмкіндік береді. Қалыптың тетіктерін бет жағын төмен қарата отырып, жәшікке орналастырады.
Болат ентаңбасына қарамастан, пуансон мен қондырғы жәшікке босату амалын откізеді. Бірақта болаттың ентаңбасы мен қалыптың жұмыс сипатына қарай босату шамасы әртүрлі болады. Аз өлшемді қалыптың тетіктерін босату қыздырылған құмды астауда жүргізген дұрыс. Қалыптың тетіктерін пішіні мен шамасына қарай суытады. Ұзын емес, жұқа пуансонды жұқа қабырғасын төмен қарата отырып, тік бағытта майға немесе суға, ал домалақ пішінді пуансонды кескіш жиегін алға шығарып, батырады. Қалып тетігінің пішіні күрделі әрі болат қатты болған сайын, салқындату сүйықтығына батыру жылдамдығы баяу болуы керек. Сондықтан қондырғы жәшіктің пішіні күрделі және болаттың қаттылығы жоғары болған кезде шынықтыруды 40–50°С дейін қыздырылған суда немесе 60°С қыздырылған майда жүргізу керек.
Жеке жағдайларда сатылы шынықтыруды, яғни әртүрлі екі салқындату ортасында тез суыту қолданылады. Бірінші орта – тұз ерітіндісі, екінші орта - 40°С дейін қыздырылған май.
Шынықтырудың бұл тәсілінің артықшылығы жылулық кернеулерді азайту, яғни жылулық ақауларды болдырмау, сонымен қатар жоғары тұтқырлықтың беріктімен жақсы үйлесуі. Сатылы шынықтыруды көміртекті болаттардан жасалған қалыптың жұқа тетіктері үшін және легеирленген болаттардың қалың тетіктері үшін қолданады.
Бақылау сұрақтары:
1. Қалып дайындауға қандай талаптар қойылады?
2. Неге пуансон мен қондырғы жәшікте соңғы өңдеуді жылумен өңдеуден кейін жүргізеді?
3. Қалып жасауға арналған материал мен дайындаманы қалай таңдайды?
4. Қалыптың айлабұйымын жасау үшін қандай жылумен өңдеу тәсілдерін қолданады?
№ 5 дәріс. Қосиiндi ыссы қалыптайтын баспақта қалыптау.
ҚЫҚБ-да қалыптаудың ерекшелiктері.
Дата добавления: 2016-12-08; просмотров: 940;