АЛЫП ЖЫЛҒАЛАРЫНЫҢ ТҮРІ

Жоғарыда қаралған соғылмаларды қалыптау үшін әртүрлі жылғаларды қолданады. Орындалатын операцияларға байланысты жылғалар мынандай алты түрге бөлінеді (13.1 сурет):

I – жинау жылғалары. Осы жылғалар кейінгі қалыптауға дайындаманың диаметрін үлкейту үшін қажет. Дайындаманың бүйіржағында немесе бүйіржағынан кейбір ара қашықтықта бір немесе бірнеше жуандатылған жерді алу үшін металды сотанда (а), ұяқалыпта (в), сотан мен ұяқалыпта бір мезгілде (б) және сырғанайтын ұяқалыптарда (г) жинайды;

II – сыртпішіндеу жылғалары (алдыңғы және ақырғы). Осы жылғаларды керекті пішіні мен өлшемі бар соғылмаларды алу үшін қолданады. Қалыптау сотанда (а), ұяқалыпта (б) және ұяқалып пен сотанда (в) бір уақытта іске асырылады. Соғылманың ең жақсы дәлдігін сотанда қалыптау қамтамасыз етеді, бірақта сотанда қалыптағанда қалыптау еңістерін қолдану талап етіледі. Соғылманың төмен дәлдігін ұяқалыпта қалыптаған кезде жетеді, бірақта мұнда қалыптау еңістерін қолданбауға болады;

I – жинау жылғалары; II – сырпішіндеу жылғалары; III – тесу жылғасы; IV – кесіп алу жылғасы; V – қию жылғасы 13.1 сурет КСМ қалыптары жылғаларының түрі  

III – тесу жылғасы. Осы жылға ұяқалыптағы тесік 3 арқылы сотан 2-мен тесікті қобылау жолымен шыбық 4-тен қалыптанған соғылма 1-ді бөлектеу үшін қажет.

IV – кесіп алу жылғасы. Осы жылғаны пышақтар 5-пен соғылма 1-ді және шыбықты 4-ті салыстармалы ығыстырған кезде соғылманы шыбықтан бөлектеу үшін қолданады;

V – қию жылғасы. Осы жылға сотан 2-мен соғылма 1-ді қию ұяқалыбы 3 арқылы итеру жолымен қалыптаған кезде пайда болған қылауды соғылмадан бөлектеу үшін қажет;

VI – арнайы жылғалар. Осы жылғалардың біреуін соғылманың қалыңдатылған бөлімін ұяқалыптың қозғалатын жүрісімен жайпайту немесе сыртпішіндеу үшін, ал басқаларын ию оперециясын орындау үшін, қозғалатын ұяқалыппен дайындаманың шеткі жағын ұзындату үшін және т.б. операцияларды орындау үшін қолданады.

Негізгі әдебиеттер [3] (тарау 7, бет 235 – 259); [4] (тарау 6, бет 410 – 442).

Қосымша әдебиеттер [6] (тарау 9, бет 276 – 282).

Бақылау сұрақтары

1. КСМ-да қалыптаудың қандай артықшылығы бар ?

2. КСМ-да қалыптағанда қандай жылғалар қолданылады ? Әр-бір жылға не үшін қажет ?

3. Жинау жылғасы не үшін қажет ?

4. Сыртпішіндеу жылғасы не үшін қажет?

5. Тесу жылғасы не үшін қажет ?

6. Кесір алу жылғасы не үшін қажет ?

7. Қию жылғасы не үшін қажет?

8. Арнайы жылғалар не үшін қажет?

 








Дата добавления: 2016-12-08; просмотров: 857;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.