II. Қызметтік міндеттері

1. Нарықтық экономика талаптарына сәйкес кәсіпорынның техникалық даму бағыты мен жабдықталуын және қайта құру жолдарын анықтайды.

2. Еңбек өнімділігі мен өндірістің тиімділігін арттыруды және өндірістің техникалық дайындығының қажетті деңгейде болуын қамтамасыз етеді.

3. Жаңа техника мен технологияны енгізу жоспарын құрастырып енгізу, ғылыми зерттеулер мен тиімді конструкторлық жұмыстарды өткізу шараларын ұйымдастырады.

4. Құрылғыларды жөндеу және жетілдіру жұмыстарының өз уақытында және сапалы болуын дұрыс жобалауды қамтамасыз етеді.

5. Өндірістің технологиялық үрдістерін механикаландыру мен автоматтандырудың кешенді жүйесін енгізуді, өнімділігі жоғары мамандандырылған құрал-жабдықтарды сынап тексеріп өндіріске енгізу арқылы жұмыстың экономикалық тиімділігін арттыруды жүзеге асырады.

6. Конструкторлық және технологиялық жобалау жұмыстарын бақылауды, еңбек қорғау ережелері мен шарттарының, сонымен қатар қоршаған орта мен өндірістік тазалықтың, техника және өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.

7. Техникалық құжаттардың (сызбалар, технологиялық карта) шартты мерзімде дайын болуын қамтамасыз етеді.

8. Жұмысшылар мен техника инженері мамандарының біліктілігін жоғарылатып оқыту жұмыстарын ұйымдастырады

9. Кәсіпорынның техникалық қызметіне жетекшілік жасап, өзіне қарайтын бөлімдердің еңбек және өндірістік жұмыс тәртібін қатаң сақтауларын қадағалайды.

10. Директор болмай қалған кезде оның құқықтарын пайдаланып, міндетін атқарады және жауапкершілігіне алады.

 

III. Заңды құқықтары

 

1. Техникалық бөлімінің атынан кәсіпорынның өзара байланыстағы басқа да құрылымдық бөлімшелерімен, әртүрлі ұйымдармен және де мемлекеттік мекемелермен байланыс жасауға құқылы.

2. Кәсіпорынның құрылымдық бөлімдерінің басшылары мен мамандарынан қажетті мәліметтерді сұрап алуға құқылы.

3. Кәсіпорынның құрылымдық бөлімдерінің өндіріс жұмысына техникалық дайындығын тексеруге құқылы.

4. Кәсіпорынның өндірістік жұмысына қатысты жобаларды, бұйрықтарды, нұсқаулықтарды сонымен қатар смета, келісімшарт және басқа да құжаттарды әзірлеуге қатысады.

5. Кәсіпорынның құрылымдық бөлімше жетекшілеріне өндіріс жұмыстары бойынша нұсқаулар беруге құқылы.

6. Өзінің құзіреттілігінің шеңберінде құжаттарға қол қойып іске асыруға, кәсіпорын аумағында өндіріс мәселелері бойынша өз қолымен растап бұйрықты нұсқаулар беруге құқылы.

7. Өзінің құзіреттілігі бойынша кәсіпорынның басқа бөлімдерімен және басқа да мекемелермен ақпарат алмасуға құқылы.

8. Тексеру нәтижелері бойынша қызметкерлердің материалдық және тәртіптік жауапкершілікке тартылуы туралы кәсіпорын директорына ұсыныстар жасауға құқылы.

 

 








Дата добавления: 2016-06-24; просмотров: 2616;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.