Тақырып 10. Автоколонна бастығының қызметтік нұсқаулығы

Автоколонна бастығы жүргізушілердің құрамына, жүргізуші топтарының жетекшілеріне және автокөлік колоннасының табель жабатын мамандарына басшылық жасайды. Ол автобустардың желіге кесте бойынша нақтылы шығуын және олардың желідегі тұрақты жұмысын, қарамағындағы жұмыскерлердің өндірістік және көліктік тәртіп ережелерін сақтауын, сонымен қатар автобустарды пайдалануға байланысты барлық өндірістік көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз етеді.

Автоколонна бастығы тікелей пайдалану бөлімінің басшысына бағынады. Автоколонна бастығын пайдалану бөлімінің бастығы мен директордың пайдалану бөлімі бойынша орынбасарының ұсынысы бойынша автокөлік мекемесінің директоры тағайындап, орнынан ауыстырады.

Жалпы ережелер:

1. Автоколонна бастығы өндірістік бөлімнің бастығы болып саналады, оның қызметіне тасымалдау үрдістерін ұйымдастыру және тікелей жетекшілік жасау кіреді.

2. Автоколонна бастығы тікелей пайдалану және тасымалдау бөлімінің бастығына, ал шұғыл техникалық мәселелермен бас инженерге бағынады.

3. Автоколонна бастығы өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңдары, қызметтік нұсқаулықтар, бекітілген жоспарлар мен мекеме басшыларының бұйрықтары, ережелері және басқа да басқарушы нормативті материалдар шеңберінде жұмыс атқарады.

4. Автоколонна бастығы жылжымалы құрамалардың құрылымын, тағайындалуын, конструкциялық ерекшеліктерін, техникалық және пайдалану жөніндегі мәліметтерді, маршруттағы автобустардың жұмыс істеу шарттарын, өндірісті ұйымдастыруды және оның экономикасын, еңбекақыны төлеудің қолданыстағы жүйесін, еңбек заңнамасының негіздерін, еңбек қорғау мен техника қауіпсіздігі, жол қозғалысы, өндірістік тазалық және өрт қауіпсіздігі ережелерін білуі керек.

Автоколонна бастығының қызметтік міндеттері:

1. Автокөліктерді техникалық тұрғыдан дұрыс әрі тиімді пайдалануды, тасымалдау жоспарының барлық техникалық және пайдалану көрсеткіштері бойынша орындалуын қамтамасыз етеді.

2. Автокөліктердің техникалық жағдайына және олардың қатаң түрде бекітілген кестеге сәйкес желіге шығарылуына бақылау жасайды.

3. Автокөлік тасымалдарының тиімді жоспарларын құрастыруға қатысады.

4. Жүргізушілердің желідегі жұмысын бақылайды, қажет болған жағдайда автокөліктерге техникалық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.

5. Жұмысты ғылыми негізде жүргізуді енгізу, автокөліктердің бос жүрісін қысқарту және тасымалдаудың өзіндік құнын төмендету жұмыстарын ұйымдастырады.

6. Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету жоспарын жасауға және маршрут тораптарын құрастыруға қатысады.

7. Автокөліктердің бекітілген жоспарға сәйкес техникалық бақылаудан өтуіне және жасалған жөндеу жұмыстарының сапасына бақылау жасайды.

8. Пайдалануға берілген автокөліктерді қабылдап алуды және автокөліктерді техникалық бөлім арқылы бір жүргізушіден екінші жүргізушіге беру жұмыстарын ұйымдастырады.

9. Автокөліктердің сынып қалу, бүліну, апатқа ұшырау себептерін және де жол қозғалысы мен техникалық пайдалану ережелерінің бұзылуын тексеруге қатынасады.

10. Жұмыс нәтижелеріне талдау жасайды және тасымалдау жоспарын орындауға бағытталған шараларды құрастырады.

11. Жүргізушілерге өндірістік нұсқаулықтар жүргізеді, өндіріс және еңбек тәртіптерінің сақталуын, еңбек және техника қауіпсіздігі бойынша жол қозғалыс ережелерінің қатаң сақталуын бақылайды.

12. Жол-көлік оқиғаларының алдын алу ескертпелері бойынша жұмыстар жүргізеді, техникалық оқыту және еңбек тәртіптерін бекемдеу сабақтарын ұйымдастырады.

13. Мамандардың жұмыстан кету себептеріне зерттеу жасайды және оларды қысқарту бойынша ұсыныстар енгізеді.

14. Күн сайын автоколонна табеліне, жүргізушілердің жұмысына бақылау жасайды, әр күн үшін автокөліктердің желіге шығу табельдерін өзі толтырады. Еңбек және жалақы бөлімдерімен бірге жүргізушілер құрамдары мен әрбір жүргізушінің жұмысына сараптама жасап, кемшіліктерді анықтайды. Жүргізушілердің техникалық кеңес пен қозғалыс қауіпсіздігінің кеңесіне келулерін қамтамасыз етеді.

15. Құрал-саймандарды, жабдықтарды, приборлар мен автобустардың ақпараттық жапсырмаларына (экипировка) қатысты басқа да қолданыстан шығарылатын заттардың бар болуын және олардың жарамсыздығын алдын-ала тексеріп барып істен шығару актісін жасайды.

16. Өндірістік қажеттілікке сәйкес жүргізушілер топтарымен алдын-ала жүргізілген келісім бойынша маршруттың топ басшысын (бригадир) ауыстыру, жүргізушіні бір автобустан екіншісіне ауыстыру сонымен қатар еңбекті қорғау мен өндірістік қауіпсіздікті бұзған жұмыскерлерді жұмыстан шығару жөнінде пайдалану бөлімінің бастығына немесе автокөлік мекемесінің бастығының орынбасарына ұсыныс жасайды.

17. Еңбек заңнамасына сәйкес жүргізуші құрамдарының еңбек демалысының кезектілігін реттейді және жүргізушілердің жұмыс кестесін өзгертеді. Техникалық ақауы бар көліктердің жұмыс істеуіне шектеу қояды.

18. Еңбекақы мен сыйақыны төлеудің қолданыстағы жүйесіне сәйкес жүргізушілергі сыйақы тағайындау және оның көлеміне өзгеріс енгізу бойынша ұсыныс жасайды.








Дата добавления: 2016-06-24; просмотров: 2703;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.