Тақырып 2. Жолаушыларды тасымалдау көліктерінің түрлері және олардың артықшылықтары мен кемшіліктері
Жолаушылардарды тасымалдайтын көлік түрлері: теміржол көлігі, автокөлік, әуе көлігі және су көлігі, (теңіз, өзен).
Осы көлік түрлерінің әрқайсысының қолданылу аумағы мен пайдалану қажеттіліктеріне сәйкес өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Алайда халықтың шаруашылық қажеттіліктері мен жолаушы тасымалын толық әрі өз уақытында қамтамасыз ету үшін барлық көлік түрлері біртұтас көлік жүйесінде өзара тығыз байланыста жұмыс істеуі керек.
Жолаушы тасымалдаушы көліктердің әрқайсысының техника-экономикалық көрсеткіштеріне және тасымалдау қашықтығына, тасымал құнына, жолаушыларға қызмет көрсету сапасына, қауіпсіздігіне және көлік инфроқұрылымының даму деңгейіне сәйкес оларды тиімді пайдалану аумақтары бар. Қазақстан мен ТМД мемлекеттерінің аумағы үшін тасымалдау қашықтықтарының атауын келесідей шартпен қабылдау бекітілген.
Кесте 1. Тасымалдау қашықтығының түрлері
Түрлері | Тасымалдау қашықтықтары, км | Көлік түрі |
Қысқа | 100-200 | Автокөлік |
Орташа | 200-800 | Теміржол көлігі |
Алыс | 800-1500 | Теміржол, әуе көліктері |
Өте алыс | 1500 жоғары | Әуе, су көліктері |
Тасымалдау қашықтықтарына және тасымалдау мақсатына сәйкес келетін көлік түрін дұрыс таңдай білу, көліктердің пайдалану тиімділігін жоғарылатады, сонымен қатар жолаушылардың тасымал шартын қамтамасыз ете алады.
Кесте 2. Жолушы тасымалдаушы көліктерді тиімді пайдалану аумақтары және олардың артықшылықтары мен кемшіліктері
Көлік түрі | Пайдалану аумағы | Артықшылықтары | Кемшіліктері |
Авто-көлік | Қала іші мен қалаға жақын орналасқан елді мекен-дерді байланыс-тыратын қысқы қашықтық және қаларалық, халық-аралық жол қатынас-тары | 1. Қол жетімділігі жоғарғы, яғни қаланың кез-келген жерінен оған отыруға, жалдауға болады, бір жерден екінші жерге бір ғана көлікпен «есіктен-есікке» дейін жету мүмкіншілігі жоғары; 2.Жедел әрекет жасауға ыңғайлылығы; 3. Жол құрылысына кететін шығынның теміржол көлігімен салыстырғанда аз болуы; 4. Жүріс бағытын шұғыл сұранысқа сай өзгерте алады; 5. Аз көлемді жүктер мен жолаушыларды тасымалдаудың тиімділігі; 6. Жол бағытындағы басқа көліктерге тәуелсіз қозғалады. 7. Басқа көлік түрлерін өзара байланыстырушы көлік. | 1. Бір жүргізушіге шаққандағы тасымал көлемінің аздығы, бір көлікке бір жүргізуші керек, яғни еңбек өнімділігі төмен; 2. Жол қашықтығы және тасымал көлемімен өлшегенде тасымалдаудың өзіндік құны теміржол, су көліктеріне қарағанда жоғары; 3. Басқа көлік түрлерімен салыстырғанда 1 т-км кететін отын энергия шығыны 10 есе жоғары; 4. Қоршаған ортаны ластаудың жоғары даңгейі; 5. Бөлшек саймандарының тез тозуы, сенімділіктің аздығы; 6. Ауа-райына тәуелділігі; 7. Жолаушының қажетті-ліктерін (ауқаттану, дәрігерлік көмек т.б.) өтеу мүмкіншілігінің төмендігі. |
Теміржол көлігі | Орташа және алыс қашықтық-тағы қала- маңдық, қаларалық, халықара-лық тасы- малдарға қолданыла- ды. | 1. Жолдардың өткізгіштік қабілеттілігі жоғары (автоматты блокты екі жолды жол тәулігіне 150-200 жұп пойыз, бір жолды жол 60-70 жұп пойыз өткізеді); 2. Жоғары сенімділігі, беріктігі, пайдалану уақытының ұзақтығы (20-25 жыл); 3. Жүк және жолаушы санымен есептегенде пайдалану шығындары төмен; 4. Бір пойызда әртүрлі жүктерді тасымалдаудың мүмкіндігі; 5. Рельс жолында меншікті кедергі төмен болғандықтан 1 т жүкке жұмсалатын энергия шығыны аз болады; 6. Отынның әр түрін пайдалану мүмкіндігі және (тепловоз, электровоз) көбіне электр энергиясын пайдаланатын-дықтан экологияға зияны аздау; 7. Жер бетінде және жер астында (метро, тоннель) тасымалдауды ұйымдастыру мүмкіндігі; 8. Еңбек өнімділігі жоғары, яғни көп көлемді жүктермен жүздеген жолаушыларды бір мезетте кем дегенде екі жүргізушінің тасымалдауы; 9. Ауа-райына тәуелсіздігі жүйелі тасымалдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді; 10. Жолаушыларға ыңғайлы әрі жайлы жағдайлар жасай алуы. | 1. Рельс жолымен жүретін-діктен қозғалыс бағыттарының шектеулілігі, яғни тапсырыс беруші кез-келген уақытында қозғалыстағы пойыздың жүріс бағытын өзгерте алмайды; 2. Бұрылу радиустарының үлкен болуы 100-120 м жол құрылысында қиындық туғызады, қосымша қаржылық шығындарды талап етеді; 3. Жолдардың еңіс-дөңестілігі төмен болуы керек, жоғары болса жүріс жылдамдықтары, тасымалдау көлемі, аялдау мүмкіншіліктері төмендейді; 4. Жол құрылысына жұмса-латын шығынның көптігі (1 жолды желілердің 1 км құны шамамен 300 мың шартты бірлік, 1 км жолға 200 т метал керек,) 5. Пайдалану орындарының шектеулі болуы; 6. Бір рельсті желіде жүретін-діктен жол үстіндегі кез-келген жол апаты, сол бағыттағы барлық пойыздардың қозғалысын бөгеп аз уақыттың ішінде көптеген шығындар келтіреді; 7. Жолаушыларды мінгізіп-түсіру үшін арнайы алаңдар (перрон) мен көпірлер, жүктерді тиеп-түсіруге арналған қоймалық алаңдар мен мамандандырылған тиеп-түсіру механизмдері керек болады. |
Су көлігі | Құрлықпен байланысу шектелген жерлер мен су арқылы шектесетін елдер арасында пайдала-нылады | 1. Тасымалдау қабілеттілігі, яғни еңбек өнімділігі жоғары (екі жолды теміржолға қарағанда екі есеге дейін жоғары); 2. Тасымалдаудың өзіндік құны төмен (теміржол көлігімен салыстырғанда 2-3 есе кем) 3. Қозғалыстың меншікті кедергісі құрлық жолымен салыстырғанда төмен болған-дықтан, жұмсалатын отын жанармай шығыны да төмен болады (автокөлікпен салыс-тырғанда 4 есе, әуе көлігімен салыстырғанда 15-20 есеге кем); 4. Арнайы бағытталған жолдарсыз еркін қозғалады және алғашқы қаржылық салым аз болады (теміржол көлігімен салыстырғанда 10 есе кем); 5. Көлемі үлкен жүктерді тасымалдау мүмкіншілігі; 6. Жолаушыларға жайлы жағдайлар жасай алуы. 7. 1 тонна жүк көтерімділікке теміржол және автокөлікпен салыстырғанда сәйкес келетін метал көлемінің аз болуы. | 1. Үлкен кемелер үшін қозғалыс жылдамдығы төмен, яғни жүктер мен жолаушыларды жеткізу мерзімі ұзақ (теміржол мен автокөлікке қарағанда 1,5-2 есе, әуе көлігіне қарағанда 3-5 есе көп уақыт алады); 2. Ауа–райына, жыл мезгілде-ріне және географиялық ерекшеліктерге тәуелді; 3. Кемежайлар, жүктер мен жолаушыларды тиеп-түсіру, отырғызу алаңдарының қаржылық шығындары; 4. Кемелерді сатып алу құнының жоғарғы болуы; 5. Жол сапарында кездейсоқ қауіптердің туындау мүмкіндіктері кезінде оның алдын алудың шектеулі болуы (дауыл, өрт); 6. Өзен көліктері үшін су тереңдігінің біркелкі болмауы, жолдардың айналмалы болуы; 7. Өзендер арқылы жолаушы тасымалдаудың тек күндізгі уақытта ғана жүзеге асуы; 8. Жолаушыларға қажет дүниелердің қол жетімділігінің шектеулі болуы. |
Әуе көлігі | Орташа, алыс және өте алыс қашықтық-тарға жолаушы-лар мен жүктердің жекелеген түрлерін тасымал-дауға, көбінесе халықара-лық тасымал- дарға қол-данылады. | 1. Жүктер мен жолаушы-ларды жеткізу жылдамдығының жоғарғы болуы; 2. Жаңа маршруттарды ұйымдастырудың шапшаңдығы; 3. Қонбай ұшып өту жолының ұзақтығы (10 мың км дейін және одан көп); 4. Жердегі көліктермен салыстырғанда ең қысқа жолды таңдау мүмкіншілігінің жоғарғы шегі (теміржол көлігіне қарағанда 25%, су көлігіне қарағанда 50% қысқа); 5. Жол бағыттарын иеленудің алғашқы қаржылық шығынының теміржол көлігімен салыстырғанда 30 еседей төмен болуы. 6. Шектелмеген тасымалдау қабілеттілігі. | 1. Отын энергиясы қымбат және тасымалдау жылдамдығы жоғары болғандықтан тасымал-даудың өзіндік құны жоғары болып келеді, сондықтан жүк тасымалдауға тиімсіз; 2. Ауа – райына тәуелді; 3. Жолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастырудың және басқарудың күрделілігі; 4. Зиянды газдармен атмосфераны ластауы 5. Әуежайлардың қаладан алыс орналасуы және ұшақтарға арналған ұшып-қону алаңдарына үлкен аудандағы жерлердің қажеттілігі; 6. Қауіптіліктің жоғары болуы және пайда болған ақауларды жөндеу, қалпына келтіру мүмкіншіліктерінің шектеулілігі. |
Тасымалдау көліктерінің осындай жекелеген салыстырмалы артықшылықтары мен кемшіліктерін және олардың географиялық жағдайға сәйкес мүмкіндіктерін ескере отырып жолаушылар мен жүктерді тасымалдау кезінде барынша ең аз шығын жұмсалатын бағыттарды таңдау мүмкіншілігін тудыру және олардың жарнамалық қызметі мен тұтынушылардың қол жетімділігін арттыру жолдарын назарда ұстау керек.
Дата добавления: 2016-06-24; просмотров: 9019;