Тақырып 7. Жолаушы автокөлігі кәсіпорнының жұмысшыларының қызметтік міндеттері
Жолаушы тасымалын жүзеге асырушы автокөлік мекемесінің басшысы директор. Ол жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыруға қатысты барлық сұрақтармен және тасымалды ұйымдастырудың жетілдірілген жобасын жасаумен, бекітілген жоспардың орындалуын қамтамасыз етумен және автокөлік мекемесінің пайдалану жұмыстары бойынша нұсқаулықтар мен ережелер жинағын құрастырумен, олардың орындалуын басқарумен айналысады.
Жоспарлау бөлімі бекітілген жоспарға сәйкес прогресивті нормалар негізінде автокөлік мекемесінің қаржылық жоспарын құрастырады және оны бақылайды, оперативтік және статистикалық мәліметтерді жинақтайды.
Еңбек және жалақы бөлімі жұмысқа алу және жұмысшылардың еңбекақысын төлеудің нарықтық экономика өзгерісіне сәйкес тиімді жүйесін енгізумен айналысады.
Бухалтерлік тіркеу бөлімі жұмысқа және қаржыға бухалтерлік есеп жұргізеді, тасымалдаудан түскен ақшаға жол билеттеріне бақылау мен есеп жасайды. Сонымен қатар автокөлік мекемесінің өндірістік қаржылық жұмысына талдау жүргізіп, мекеменің кіріс – шығысын есептейді.
Жабдықтау бөлімі (снабжения) мекеменің материялдық қажеттілігіне есеп жүргізіп, мекемеге қажетті заттардың тізімін тапсырыс хаттарының негізінде жинақтап, оларды іздеу, сатып алуға келісім шарт жасау, сатып алу және тасымалдап жеткізу, қоймаларда сақтау және өндіріске қосу кезеңіне дейінгі жұмыстарға жауап береді.
Кадрлар бөлімі бекітілген бұйрыққа сәйкес жұмысшы санын реттеу, мекеме басшысының бұйрығымен жұмысқа қабылданған жұмысшылардың құжаттарын тексеріп, тіркеу және ол құжаттарды сақтау жұмыстарын атқарады. Сонымен қатар мамандыққа дайындау, біліктілігін жоғарылату, қайта оқу және қысқарту шараларына қатысты құжаттарды толтырып тіркеумен айналысады.
Әкімшілік-шаруашылық бөлім мекеме ғимараттарының барлық ішкі-сыртқы жағдайына, шаруашылық жұмыстарына ( жылу, жарық, тазалық т.б.) жауап береді.
Жолаушы тасымалын ұйымдастыру үрдісінің күнделікті жұмыс технологиясы бір-біріне өзара тәуелді екі күрделі құрылымдық бөлімнен тұрады. Олар өндірістік–техникалық бөлім және пайдалану бөлімі.
Өндірістік-техникалық бөлім басшылығы жылжымалы құрамалардың техникалық жабдықталуын, оларды сақтау, жөндеу және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын ұйымдастырумен айналысады.Өндірістік-техникалық бөлімді мекеменің бас инженері басқарады. Ол көліктердің техникалық жағдайына, жоспар мен кесте бойынша қажетті көлік санын қамтамасыз етуге, пайда болған техникалық ақауларды қалпына келтіруге, сонымен қатар техникалық пайдалану ережелерінің орындалуын қадағалауға басшылық жасайды.
Пайдалану бөлімін директордың пайдалану ісі жөніндегі орынбасары басқарады. Ол жолаушы тасымалын жүзеге асыру технологиясын жобалауға, жоспарлауға және тасымалдау үрдісінің бекітілген кесте бойынша орындалуын қадағалауға, тиімді жүріс кестесін құрастыруға, жоспарды орындауға, жүргізушілердің жұмыс кестесі мен ережесін құрастырып, оның орындалуына бақылау жасауға жауап береді.
Пайдалану бөлімінің жұмысын екі бағыттқа бөліп топтастыруға болады:
1.Автокөлік құрамаларының ең тиімді жұмыс жоспарын жасау, яғни тиімді қозғалыс кестесін және жол маршрутын құрастыру, жүргізушілер мен кондукторлардың жұмысын оңтайлы етіп ұйымдастыру, қозғалыс ережелері мен нұсқаулықтарын құрастыру.
2. Құрастырылған тасымалдау жоспарының орындалуын қадағалау, шығын мен пайданы есептеп бақылау, тіркеу және жол желісіндегі қозғалысты диспетчерлік орталық басқарма арқылы бақылау. Бұл бөлімді ревизорлық-бақылау бөлімі деп атайды. Бұл бөлім автокөлікті дұрыс пайдалануды, бекітілген тәртіп пен жұмыс көлемінің орындалуын, жанармай шығынын және тасымалдаудан түскен ақшаны, жолақысы мен жолашыларды тасымалдау ақысын қадағалайды.
Диспетчерлік құрам бас диспетчер, кезекші диспетчер және желілік бақылаушы диспетчерден тұрады. Олардың әрқайсысының қызметтік міндеттері бар. Барлық диспетчерлердің жүйелі жұмысына бас диспетчер жауап береді.
Бас диспетчер автокөлік топтарының (автоколонна) басшысына бағынып, тікелей соның басшылығымен жұмыс жасайды. Автокөлік топтарының басшысы ертеңгі күнгі жұмысқа шығатын жүргізушілер мен көлік маркалары және жұмыс көрсеткіштері мен пайдалану шығындары көрсетілген тапсырма параған (разнарядка) толтырып, оны бас диспетчерге береді. Бас диспетчер тапсырма парағын жүргізушілер құрамы мен көлік санының қажеттілігін кестеге сәйкес толық тексеріп оны кезекші диспетчерге табыстайды.
Кезекші диспетчер тапсырма парағын ЭЕМ-да алдыны ала дайын тұратын үлгілік парақтарға енгізіп, жол парақшасын (путевой лист) толтырады. Жол парақшасында келесі мәліметтер көрсетіледі:
· маршрут бағыты;
· жұмыс уақытының басталуы және аяқталуы;
· жұмысқа шығатын жүргізуші туралы мәліметтер;
· жүргізушіге берілетін көліктің маркасы;
· тәуліктік айналым саны, яғни жүріс жолының ұзақтығы;
· қажетті жанармай көлемі.
Толтырылып дайын тұрған жол парақашасын дәрігерлік тексерістен өтіп келген жүргізушіге табыстайды.
Кезекші диспетчер желідегі барлық жолаушы тасымалдаушы көліктердің жұмысын бақылап, тәулік бойына үзіліссіз тікелей басланыста отырады. Желідегі көліктердің біреуі сынып қалған жағдайда немесе басқа да жолаушы тасымалына кедергі келтіретін кез-келген кездойсоқ жағдайларды бас диспетчерге мәлімдеп, соның нұсқауымен тиісті шараларды жүзеге асырады. Сонымен қатар, кезекші диспетчер жолаушылар тарапынан түскен арыз шағымдарды қабылдап, тіркеп бас диспетчерге хабарлап есеп беріп отырады.
Желілік бақылаушы диспетчерлердің қосындары автобус маршрутының соңғы бекетінде немесе аралық бақылау бекеттерінде орналасады. Ол кезекті жүріс айналымын жасап келген автобустың келу уақытының кестеге сәйкестілігін тексеріп белгілеп отырады.
Желілік бақылаушылар автобустардың кесте бойынша қозғалуын және тасымалдау қызметінің сапасы мен ержеге сай болуын, сонымен қатар жолақысы мен жеңілдетілген жолақы билеттерінің заңдылығын қадағалайды.
Дата добавления: 2016-06-24; просмотров: 3637;