Тақырып 4. Автокөлік тасымалының түрлері және оның маңыздылығы

Тасымалдарды көлік түрлерінің арасында бөлу әрбір көлік түрлерінің негізгі ерекшеліктері мен артықшылықтарын ескере отырып жасалынады. Көліктің әрбір түрінің, бірінші кезекте тасымалдау және өткізіу қабілеттілігінің қорларының бар болуына, жүктерді және жолаушыларды жеткізу жылдамдығына, тасымалдау арақашықтығына, маусымдылығына сонымен қатар жоғарғы еңбек өнімділігіне, ыңғайлылығына, бір қалыпты ырғақтылығына, жүйелілігіне, жайлылығына т.б. техникалық, технологиялық және экономикалық факторларды иеленуіне байланысты өзіндік экономикалық тиімді ортасы бар. Көптеген техника – экономикалық және халықтық – шаруашылық көрсеткіштері бойынша таңдалынып, қорытындысында жалпылама көрсеткіштерді жинақтай отырып, төменгі шекті келтірілген шығынды анықтауға жол ашатын көліктің неғұрлым тиімді түрін таңдау жауапты, қиын тапсырмалардың бірі.

Автокөлік – желді дөңгелекті және шынжыр табанды қозғалғыштарды пайдалану арқылы тас жолдармен жүктер мен жолаушыларды тасымалдауға арналған көлік түрі.

Автокөлік негізінен қалаішілік, қалааралық, халықаралық тасымалдарды қамтамаcсыз ету үшін және әуе, су, теміржол көліктерін өзара байланыстыруға және олармен жолаушылардың арасындағы жол қатынасын қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын өте кең таралған көлік түрі.

Автокөлік тасымалының негізгі техникалық базасы: жылжымалы құрам, жол инфроқұрылымы және автокөлік кәсіпорындарынан тұрады.

Автокөлік тасымалының дамуы келесі факторларға тікелей байланысты:

- қалалар мен қала үлгісіндегі кенттердің және ондағы халық санының өсіміне;

- автобус өнеркәсібінің дамуына, жаңа автокөлік жолдары мен магистральдарының, жол желісі инфроқұрылымының (электр желісі, жолда көлікке қызмет көрсету бекеттері мен жолаушыларға қызмет көрсету қосындары, жарнамай құю бекеттері) интенсивті дамуына;

- көлік қызметін ұсынушылардың арасында жоғарғы бәсекелестіктің болуына;

- жол бағыттары мен қатынастарын дұрыс анықтайтын көліктік зерттеу, талдау орталықтарының жұмысының жүйелі болуына;

- жол-көлік қатыныстарын мемлекеттің бақылауына.

Көліктік тасымалдау үрдісінде орындалатын жұмыстар мен атқарылатын шараларды және қызметтік міндеттерді бір-бірімен тығыз байланыста жүйелі ұйымдастырып, оңтайлы жолмен үйлестіре білудің маңыздылығы зор. Олар:

1. Жолаушы және жүк тасымалының маркетингі.

2. Жолаушы және жүк ағындарын зерттеу негізінде ұйымдастыру, маршрут бағыттарын ең тиімді жолмен анықтау, сонымен қатар жаңа ашылған және бар маршруттар бағытының өзгеруін алдын-ала қарастыру.

3. Тасымал түріне және сұранысына сәйкес көлік түрін дұрыс таңдау және қажетті жылжымалы құрамның санын нақты анықтау.

4. Автокөлік қозғалысының жылдамдығын дұрыс нормалау.

5. Жүргізушілер жұмысының тиімді кестесін пайдалана отырып автокөлік қозғалысын ұйымдастыру жүйелерін таңдау.

6. Автокөліктің басқа көліктермен өзара байланысын қамтамасыз ету;

7. Жылжымалы құрамның маршруттардағы қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

8. Автомобиль көлігімен жүкті қауіпсіз тасымалдау мен тиімділігін қамтамасыз ету.

9. Жылжымалы құрамды пайдаланудың тиімділігін арттыру және тасымалдау шығынын азайту үшін экономикалық – математикалық әдістерді қолдану.

10. Жылжымалы құрам жұмысы мен оны пайдалануды шұғыл бақылауды жүзеге асыру.

11. Жүргізуші көліктік операцияларды орындауға қатысатын негізгі қатысушы, сондықтан да еңбек өнімділігі оның жұмысын дұрыс ұйымдастыруға тәуелді. Жолдың үнемі өзгеріп отыратын жағдайы жүргізушіден үлкен назар және жедел шешім қабылдауды талап етеді, сондықтан жүргізушінің еңбек тәртібінің бұзылып шаршауына жол бермеу керек.

Жолаушы автокөлігі тасымалының жіктелуі:

Жолаушы автокөлігі тасымал түрі бойынша қалалық, қаламаңдық, жергілікті, қалааралық, халықаралық қатынастар деп бөлінеді.

- Қалалық тасымал автобустармен және жеңіл автокөліктермен жүзеге асады.

- Қаламаңдық тасымал қаладан 50 км дейінгі елді-мекендерді байланыстыратын көлік тасымалы.

- Жергілікті тасымал ауылдық елді-мекендерде жолаушыларға қызмет көрсететін тасымал.

- Қалааралық тасымал қаладан 50 км көп қашықтықта орналасқан қалалардың арасындағы тасымалдар.

- Халықаралық автокөлік тасымалы деп екі немесе одан да көп мемлекеттерді байланыстыратын тасымалды айтады.

Жолаушы автокөлік тасымалы тағайындалуына байланысты экскурсиялық, туристік, қызметтік, мектептік, вахталық және арнайы болып бөлінеді.

- Экскурсиялық тасымал экскурсия мазмұнына байланысты алдын-ала жасалып келісілген экскурсияны қамтамасыз етуге арналған тасымал.

- Туристік тасымал ұйымның немесе жеке тұлғалардың алдын-ала жасалып келісілген туристік маршрут бойынша жүзеге асатын тасымал.

- Қызметтік тасымал жұмысшылар мен қызметкерлерді жұмыс орнынан тұрғылықты жерлеріне дейін немесе кері бағытта орындайтын тасымал.

- Оқушылар тасымалы арнайы маршрутпен жасалған оқушыларды тасымалдауға арналған тасымалды айтады.

- Вахтолық тасымал тұрғылықты жерінен алыс жерлерге барып ауысыммен жұмыс істейтін жұмысшыларға арналған тасымалдар.

Жолаушы автокөлігі тасымалы ұйымдастыру үлгісі бойынша маршрутты, тапсырысты және тiкелей аралас болып келеді.

- Маршрутты тасымалдар деп бекітілген кесте бойынша арнайы маршруттармен тасымалдауды айтады.

- Тапсырысты тасымал деп ұйымдар мен мекемелердің және т.б. келісім шарты арқылы немесе жеке тапсырыстар бойынша орындалатын тасымалды айтады.

- Тiкелей аралас тасымал деп автокөліктің бір бағыты бойынша басқа да жолаушы көліктерімен араласып жүзеге асатын тасымалды айтады.

 








Дата добавления: 2016-06-24; просмотров: 6859;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.006 сек.