Тақырып 5. Қала ішілік және қаламаңдық тоқпен жүретін көліктер
Біртұтас көлік жүйесінде тоқпен жүретін жолаушы тасымалдаушы көліктердің де өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері және тиімді пайдалану аймақтары бар. Оларға қаламаңдық тасымалдарға арналған электр пойызы, метро кешені, трамвай, троллейбустар жатады.
Кесте 1. Тоқпен жүретін көліктердің салыстырмалы сипаттамалары
Көлік түрі | Сипаттамасы мен қолданыс аймағы | Артықшылықтары | Кемшіліктері |
Электр пойызы | Рельсті жолмен жүретін, орындықпен жабдықталған вагондар. Қаладан 50-200 км дейінгі қашықтықтағы қаламаңдық тасымалдарға арналған. | 1. Жүріс жылдамдығының жоғары болуы; 2. Экологиялық таза; 3. Өткізгіштік және жолаушыларды тасымалдау қабілеттілігі жоғары; 4. Тасымалдаудың өзіндік құнының төмендігі; 5. Қаламаңындағы елді мекендерді қаламен тікелей байланыстыру. | 1. Аялдау бекетерінің тұрғын үй мекен-жайларынан қашық орналасуы; 2. Теміржол салуға жұмсалатын қаржылық шығындары көп; 3. Қозғалыс кезіндегі шу; 4. Тас жолмен жүретін көлік қозғалысы жақсы дамығын аймақтарда пайдалану деңгейі төмендеп экономикалық шығынға ұшырауы мүмкін. |
Метро кешені | Халқының саны 1 млн асатын, жер үсті көлік қозғалысының жүктелуі шамадан тыс көп аса ірі мегополис қалаларда салынатын жер асты рельсті, вагон түріндегі тоқпен жүретін көлік түрі | 1. Бір бағытта сағатына 50-60 мыңға дейін жолаушы тасымалдай алады, яғни өткізгіштік және тасымалдау қабілеттілігі жоғары; 2. Тасымалдау жылдамдығы өте жоғары; 3. Шудан қорғалған тыныш әрі жайлы; 4. Тасымалдау артықшылықтарына сәйкес пайдаланушылар көбейіп қала ішіндегі көлік кептелістерін азайтуға мүмкіндік береді; 5. Экологияға зардабы жоқ. 6. Қала ішінде рельс жолымен жүретін трамвай тәрізді шу бөліп тұрғындарға жайсыздық тудырмайды. | 1. Құрылыс жұмыстарына жұмсалатын қаржының көптігі; 2. Жер астына жол салудың қиындықтарына байланысты салу мерзімдерінің тым ұзақтығы және үлкен жауапкершілікті талап етуі; 3. Өзіндік құнының жоғары болуы; 4. Туристер үшін қала көрінісін тамашалау мүмкіндігінің шектелуі; 5. Апатты жағдайларда (тоқ желісінің істен шығуы, желдеткіш жүйесінің істемей қалуы, басқыншылық әрекеттер) қауіптің алдын алу мүмкіншіліктерінің шектеулі болуы |
Трамвай | Халқының саны 500 мыңнан асатын жолаушы ағыны сағатына 9 мыңды құрайтын жолдарының ені кең қалаларда қолданылатын тоқ көзі арқылы рельспен жүретін қалаішілік көлік түрі. | 1. Тасымалдаудың өзіндік құны төмен; 2. Электр қуатын тұтыну шығынының төмендігі; 3. Экологияға зиянсыз; | 1. Жол құрылысына (жол табаны, тоқ желісі) жұмса-латын шығынның көптігі; 2. Тас жол көлігімен ортақ ережеге сай жүретіндіктен жол қозғалысын қиындатып, жүріс жылдамдығы шектеледі; 3. Жолаушыларды мінгізіп-түсірудің күрделілігі; 4. Жоғары деңгейдегі шу; 5. Қозғалыс еркіндігі мен маршруттары шектелген. |
Троллей-бус | Тас жол арқылы тоқпен жүретін автобус түріндегі көлік. Ол барлық қалаларда көліктің қоршаған ортаға тигізетін зардап-тарын азайту мақ-сатында енгізіледі | 1. Тасымалдаудың өзіндік құнының төмен болуы; 2. Электр қуатын тұтыну шығынының төмендігі; 3. Экологияға зиянсыз; 4. Трамваймен салыстырғанда алғашқы қаржылық шығын аз кетеді, өйткені рельссіз тас жолмен жүреді | 1. Тоқ желісіне қосымша қаржы керек; 2. Тоқ желілерінің қаланың көркін бұзып тұруы және жол белгілерін еркін орналастыруға кедергі келтіруі; 3. Көше қиылыстарындағы қозғалыстың қиындығы; 4. Жүріс бағыттарының шектеулі болуы. |
Жалпы қалаішілік, қалааралық жолаушы тасымалдарын дұрыс реттеу, яғни халықтың, қалалар мен елді мекендердің орналасу тығыздығына сәйкес жолаушы тасымалының түрін дұрыс анықтау көлік қатынастарының шығынын азайтады. Көлік қатынастарын, жолаушы және жүк тасымалдарын барынша тиімді әрі оңтайлы реттеу математикалық модельдеу тәсілі арқылы көліктік логистикалық жүйе аясында анықталады.
Математикалық модельдеу дегеніміз жолаушы саны мен оларды тасымалдаушы көліктердің өзара қатынасы арқылы тасымал бағыттарын оңтайлы жүйемен есептеп шығару. Әртүрлі жол бағыттарына қатынайтын жолаушылардың тәуліктік, сағаттық (таңертен, түсте, кешке) санына сәйкес көлік санының жеткілікті болуын, көліктің бос жүрісін барынша қысқартуды анықтап алу керек.
Көліктік логистикалық жүйе дегеніміз қаланың орналасу аумағына, экономикалық қуатына, келешектегі халық санының өсуіне, тасымалданатын жүктер мен жолаушылардың санына, түріне, тасымалдау шарттарына, жол маршруттарының тиімді бағыттарына алдын-ала болжам жасай отырып, көлік тасымалдарының тиімді бағыттарын, олардың біртұтас жүйесін енгізу
Дата добавления: 2016-06-24; просмотров: 3469;