Экономикалық тұрғыда

- автокөлік саласында кеден және салық саясатын жетілдіру,

- қажетті жеңілдіктер мен артықшылықтар енгізу,

Автокөлік саласындағы жекешелендірудің қазіргі кезеңде мемлекеттік саясатты іске асырудың ерекшеліктерін белгілейтінін атап көрсету қажет, көбіне құқықтық және экономикалық тетіктерін пайдалану арқылы оның қызметін негіздемелік реттеу, сондай-ақ саланы қажетті бағытта дамытуды ынталандыратын мақсатты бағдарламаларды жүзеге асыру негізгі әдісі болып табылады. Осы саясатты біртіндеп жүргізу мына жағдайға байланысты шиеленіседі, көлік құралдарын жаппай жекешелендіру мен қондырмалы басқару құрылымдарын тарату (автобірлестіктер және т.б.) бәсекелестікке қарсы тұрумен күшейтілген автотасымалдаушыларды өзара толық оқшаулауға ұшыратты. Тасымал қызметіндегі субъектілердің бытыраңқы болуы жағдайларында тиімділігі аз, ал кейде автотасымалдар саласын нысаналы да жүйелі жетілдіру мүлде мүмкін емес.

Осыған байланысты автотасымалдаушыларды кәсіби коммерциялық емес қауымдастықтарға корпоративті біріктіру қажеттілігі айқын (қалалық, аудандық, тасымал түрлері бойынша және т.с.с.) олар ерікті негізде құрылады. Айтарлықтай дәрежеде тасымалдарды пайдалану және технологиялық жетілдіруге бағытталған осындай қауымдастықтардың қызметі республикадағы көліктің қызмет көрсетуін жақсартуға жағдай жасар еді.

Тасымалдаушылар мен тұтынушылар арасындағы қызметтердің шектеулі үйлесуі жағдайларында жылжымалы құрамды пайдаланудың тиімділігін арттырудың - пайдалы жүрістің, парктің қажетті мамандану үлесін ұлғайтудың маңызы да бұдан кем емес.

Осы мәселені қалалар мен индустриялы аймақтарда шағын кәсіпкерлік түрінде мамандандырылған диспетчерлік қызмет көрсету орталықтарын құру жолымен шешуге де болады. Осы орталықтардың міндеті – тауарлардың түрлері мен топтамалары, жөнелту орындары және тасымалдар нарығына талдау мен болжам жасау бойынша автотасымалдарға аймақтық қажеттілік туралы деректер базасын жасау (жүк жөнелтушілермен және автоқызметтердің өзге де тұтынушылармен тұрақты байланыс жасау негізінде).

Жаппай жекешелендіру жағдайларында автокөлік қызметі мен автокөлік қызметі нарығының дамуына бақылау жасау ерекше мәнге ие болатынын атап өту қажет. Ол тасымал үрдісіне қатысушылардың барлығы үшін міндетті есептеу нысанын енгізу арқылы меншіктің барлық түрлерін қамтитын тасымалдарға есеп жүргізу әдістерін жетілдіруді табанды түрде талап етеді. Уақыттың әр бөлігінде автокөлік қызметінің нақты көрінісіне баға беру арқылы ғана саланың дамуының оңтайлы стратегиясын жасап шығаруға және оны іске асыру үшін қажет жағдайлармен қамтамасыз етуге болады.

 

 








Дата добавления: 2016-06-24; просмотров: 2508;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.