Капиталдың экономикалық табиғаты
Капитал - қаржы менеджментінің ең өзекті ұғымдарының бірі болып табылады. Қаржы менеджменті көзқарасынан қарастырғанда капитал корпорацияның активіне салынған қаражаттың ақшалай, материалдық және материалдық емес нысандағы жалпы мөлшерін білдіреді. Корпоративтік қаржы көзқарасынан қарастырғанда капитал корпорация мен басқа да шаруашылық жүргізуші субъектісінің арасында оны қалыптастыру мен пайдалану қатысында туындайтын ақшалай (қаржы) қатынасын білдіреді. Осындай ақша қарым-қатынасы заңды тұлға ретіндегі корпорация мен оның акционерлері (инвесторлары), кредитор, жеткізуші, өнім (қызмет) сатып алушы, қор нарығына мекеменің қатысушысы және мемлекет (бюджеттік жүйеге салық және алымдар төлеу) арасында пайда болады.
Капитал салу нәтижесінде негізгі және айналым капиталы құрылады. Негізгі капитал жұмыс істеу үдерісінде айналымнан тыс актив нысанына, ал айналым капиталы - айналым активі нысанына айналады. Корпорацияның айналым активіне авансыланған ақшалай ресурс айналым қаражаты болып табылады.
Корпорация капиталы – оның активтерін құруға инвестицияланған ақшалай марериалды және материалды емес нысандағы қаражаттардың жалпы құнын сипаттайды. Капитал - өзін ұлғайту үшін пайдаланылатын байлық. Капиталды өндірістік - сатуды үдерісіне инвестициялау кәсіпкердің пайдасын қалыптастырады. Корпорация капиталының экономикалық мәнін қарастыра отырып бірінші орында оның келесідей сипаттарын атап өту керек:
1. Корпорация капиталы өндірістің негізгі факторы болып табылады. Экономикалық теорияда өндірістік кәсіпорындардың шаруашылық қызметін қамтамасыз ететін өндірістің төрт факторын бөліп көрсетеді – капитал, жер, жұмыс күші және менеджментті (өндірісті басқару). Осы өндіріс факторлары жүйесінде капитал басымды рөлге ие, өйткені ол барлық факторларды бір өндірістік кешенге біріктіреді.
2. Капитал пайда әкелетін корпорацияның қаржылық ресурстарын сипаттайды. Бұл жағдайда капитал өндіріс факторынан бөлек – корпорацияның өндірістік емес, оның қаржылық қызметіне (инвестициялық) табыстардың қалыптасуын қамтамасыз ететін, қарыздық капитал нысанында шығады.
3. Капитал оның иегерлерінің жағдайын қалыптастырудың негізгі қайнар көзі болып табылады. Ол осы жағдайдың қажетті деңгейін ағымдық жағдайда сияқты болашақ кезеңде де қамтамасыз етеді. Ағымдық кезеңде қолданылатын капиталдың бір бөлігі иегерінің болашақ ағымдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған капиталдың құрамынан шығады (яғни, капитал қызметін орындауын тоқтатады). Жинақталған бөлімі оның иегерінің болашақ кезеңде қажеттілігін қанағаттандыруды қамтамасыз етуге тағайындалған, яғни оның болашақ игі жағдайының деңгейін қалыптастырады.
4. Корпорация капиталы оның нарықтық құнының негізгі өлшеушісі болып табылады. Бұнда көбінесе оның таза активтерінің көлемін анықтайды, корпорацияның меншікті капиталы шығады. Сонымен қатар, кәсіпорынмен қолданылатын меншікті капитал көлемі, бір кезеңде қосымша пайда табуды қамтамасыз ететін қарыз қаржылық қаражаттарды тарту потенциялын сипаттайды. Аз маңызды фактор жиынтықта бола отырып, бұл корпорацияның нарықтық құнын бағалау базасын қалыптастырады.
5. Корпорация капиталының динамикасы оның шаруашылық қызметінің тиімділік дегейінің маңызды барометрі болып табылады. Меншікті капиталдың жоғары қарқынмен өзімен - өзі өсуге мүмкіндігі корпорация табысының қалыптасуының жоғары деңгейі мен тиімді бөлінуін және оның қаржылық тұрақтылықты ішкі қайнар көздер арқылы ұстап тұру мүмкіндігін сипаттайды. Сонымен қатар, меншікті капитал көлемінің төмендеуі тиімсіз, корпорацияның шығынды қызметінің нәтижесі болып табылады.
Капитал салу нысаны бойынша кәсіпкерлік және несие капиталы болып бөлінеді. Кәсіпкерлік капитал корпорацияның нақты, материалдық емес және қаржы активіне пайда алу және оны басқару құқығын алу мақсатында авансталады. Несие капиталы кепілзат қайтарымды, ақылы, шұғыл болса және қамтамасыз етілсе несиеге берілетін ақша капиталы.
Капиталдың бағасы капиталдың белгіленген сомасын тарту үшін қанша төлену (берілуі) тиіс екенін білдіреді.
Капитал- корпорацияға кіріс әкелетін қаражат көзі (баланстың пассиві). Капитал оның иелерінің (меншік иелерінің) ағымдағы және келешектегі кезеңде әл-ауқатының негізгі көзі ретінде болады. Капитал-корпорацияның нарықтық құнының негізгі өлшеуіші болып табылады. Бұл ең алдымен таза активтің мөлшерін анықтайтын меншікті капиталға қатысты. Сонымен бірге пайдаланылатын меншікті капиталдың көлемі қосымша пайда әкелуі мүмкін тартылатын қарыз капиталының көлемін білдіреді.
Капитал мына белгілері бойынша жіктеледі (1 сурет)
1. Кәсіпорынға қатысты капиталды меншікті және қарыз капитал деп бөледі. Меншікті капитал корпорацияға меншік құқығында тиесілі және активтің айтарлықтай бөлігін қалыптастыру үшін пайдаланылады. Қарыз капиталы корпорацияны қаржыландыруға арналған қайтарылатын және ақылы негізде тартылатын ақшалай қаражатты білдіреді. Қарыз капиталының барлық нысаны корпорация белгіленген мерзімде өтеуге тиіс міндеттемесіне жатады.
2. Капитал қолдану мақсаты бойынша корпорация құрамында келесі түрлері көрсетілуі мүмкін: өндірістік, ссудалық, спекулятивтік (алып сатарлық).
Өндірістік капитал деп оның өндірістік – сату қызметін жүзеге асыру үшін операциялық активтерге инвестицияланған қаражаттары сипатталады.
Ссудалық капитал инвестициялау үдерісінде ақшалай қаражаттарға (коммерциялық банктердегі қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді депозиттік салымдар), сонымен қатар, қарыздар қор құралдарына (облигация, депозиттік, сертификаттар, вексельдер және т.с.с.) пайдаланылатын капитал бөлігі.
Спекулятивтік капитал қайталама қор нарығында айналымдағы акцияның құны әжептеуір көтерілуі салдарынан пайда болады. Бұл барынша жоғары кіріс табу үшін жасалады.
3. Корпорация жарғылық қорын қалыптастыру үшін қолданылатын инвестициялау нысандары бойынша капиталдың ақшалай, материалдық және материалдық емес нысандары болады. Мұндай нысандарда капиталды инвестициялау жаңа кәсіпорындарды құрған кезде, олардың жарғылық қорының көлемін көбейткенде заңнамамен рұқсат етілген.
4. Инвестициялау объектісі бойынша корпорацияның капиталының негізгі және айналым түрлері болып бөлінеді. Негізгі капитал айналымнан тыс капиталдың барлық түріне салынады, ал айналым капиталы өтімділік дәрежесі әртүрлі айналым активіне (қорлар, дебиторлық қарыздар, қаржы салымы мен ақшалай қаражат) салынады.
5. Айналым үдерісінде көріну формалары бойынша, яғни айналым ақша нысандағы капитал, өндірістік нысандағы капитал, тауар нысанындағы капитал. Корпорация капиталының бұл нысандарының сипаттамасын корпорация капиталының айналым циклін қарастырғанда көруге болады.
6. Меншік нысандары бойынша оның жарғылық қорын құру үдерісінде кәсіпорынға инвестицияланған жеке және мемлекеттік капитал болады. Мұндай капиталды бөлу кәсіпорынды меншік нысаны бойынша жіктеу үдерісінде қолданылады.
КОРПОРАЦИЯНЫҢ КАПИТАЛ ТҮРЛЕРІН ЖҮЙЕЛЕУ |
Корпорацияның тиесілілігі бойынша | Меншікті капитал Қарыз капитал |
Қолдану мақсаты бойынша | Өндірістік капитал Ссудалық капитал Спекулятивті капитал |
Инвестициялау нысаны бойынша | Ақшалай нысандағы капитал Материалдық нысандағы капитал Маиериалды емес нысандағы капитал |
Инвестициялау объектісі бойынша | Негізгі капитал Айналым капиталы |
Айналым үдерісінде көріну нысаны бойынша | Ақша нысандағы капитал Өндірістік нысандағы капитал Тауар нысанындағы капитал |
Меншік нысаны бойынша | Мемлекеттік Жеке Аралас |
Қызметтің ұйымдастыру – құқықтық нысаны бойынша | Акционерлік капитал Жарналық капитал Жеке каптал |
Шаруашылық үдерісте қолдану сипаты бойынша | Жұмыс істеуші капитал Жұмыс істемеуші капитал |
Иегерлермен қолдану сипаты бойынша | Тұтынылатын капитал Жинақталатын капитал |
Ел экономикасына тарту көзі бойынша | Ұлттық («отандық») капитал Шетел капиталы |
Сурет 1. Корпорация капиталының жіктелуі
7. Қызметтің ұйымдастыру – құқықтық нысаны бойынша капиталдың келесі түрін бөліп көрсетеді: акционерлік капитал (акционерлік қоғам нысанында құрылған кәсіпорындардың капиталы); жарналық капитал (серіктестік кәсіпорындар капиталы – жауапкершілігі шектелген қоғамдар, командалық қоғамдар және т.б.) және жеке капитал (жеке кәсіпорындардың капиталы – жанұялық және т.б.).
8. Шаруашылық үдерісте пайдалану сипаты бойынша қаржылық менеджмент тәжірибесінде капиталдың жұмыс істеуші және жұмыс істемеуші түрлерін бөліп көрсетеді.
Жұмыс істеуші капитал деп корпорацияның кірісін қалыптастыру мен операциялық, инвестициялық, қаржылық қызметін қамтамасыз етуде тікелей қатысатын капиталдың бөлігі.
Жұмыс істемеуші капитал деп корпорацияның шаруашылық қызметінің әр түрлерін жүзеге асыру мен оның пайдасын қалыптастыруда тікелей қатыспайтын активтерге инвестцияланған капитал бөлігі сипатталады. Мұндай капитал түрінің мысалы болып қолданылмайтын ғимарат пен құрал – жабдыққа инвестицияланған корпорация қаражаты; өндірістен алынған өнім үшін өндірістік қорлар; өзінің тұтыну қасиетін жоғалтқандықтан тұтынушылар сұранысы мүлдем жоқ дайын өнім және т.б.
9. Қолдану иегерлерінің сипаты бойынша тұтынылатын және жинақталатын капитал түрлері болады. Тұтыну капиталы тұтыну мақсатына бөлгеннен кейін капитал қызметіне жоғалтады. Ол өзімен тұтыну мақсатында жүзеге асатын корпорацияның дезинвестициясын білдіреді. (дивидент, пайыз төлеу, персоналдың әлеуметтік қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында айналымнан тыс және айналым активтерінен капитал бөлігін алу және т.б.) Жинақталатын капитал дивиденттік төлемдер, пайда қорландыру және т.б. үдерістерде оның өсімінің түрлі формаларын сипаттайды.
10. Тарту көздері бойынша кәсіпорынға инвестицияланған ұлттық (отандық) және шетел капиталы болады. Мұндай капитал бөлуді кәсіпорынға сәйкес жіктелу үдерісінде қолданады.
Дата добавления: 2016-05-11; просмотров: 2594;