Аржыны жоспарлау міндетіне.
1) экономикалық, құқықтық, есептік және нарықтық ақпаратты, сондай-ақ компанияның қаржы инвестициялық саясаты жөніндегі мәліметті пайдалану;
2) дивиденд; қаржыландыру және инвестиция жөніндегі шешімдердің өзара байланысын талдау және бағалау;
3) жағымсыз жағдайдың ықпал етуіне жол бермеу мақсатында, басқарушылық шешімнің салдарын болжау, сондай-ақ жедел және ұзақ мерзімді шешімдердің өзара байланысын айқын білу;
4) қабылданған қаржы және инвестициялық жоспардың шеңберінде орындалатын шешімді таңдау;
5) қаржы жоспарында белгіленген шешім мен мақсаттың орындалған нәтижесін салыстырып бағалау кіреді.
Батыс қаржыгерлері қаржыны жоспарлау процесінде сценарий әдісін жиі қолданады. Мысалы, бір сценарийде кредит пен қарыздың ұлттық экономиканың өсу қарқынын тежейтін және тауар мен қызметтің бағасының түсуіне жол ашатын жоғары пайыздық ставка қарастырылуы мүмкін. Ал екінші сценарий ел экономикасының күннен-күнге құлдырауына, жоғары инфляция мен әлсіз ұлттық валютаға және т.б. негізделіу мүмкін.
Корпоративтік қаржыны жоспарлаудың маңызы мынада:
1) Корпорацияның белгіленген стратегиялық мақсаты қаржы-экономикалық көрсеткіштерде: сату мөлшерінде, сатылған тауардың өзіндік құнында, пайдада, инвестицияда, ақша түсімінде және т.б. көрсетіледі.
2) Түскен қаржы ақпаратты қаржы жоспарының және оның орындалуы жөніндегі есептің нысанына айнала отырып стандартталады.
3) Корпорацияның ұзақ мерзімді және жеделжоспарын іске асыруға қажетті қаржы ресурсының шекарасы анықталады.
4) Жедел қаржы жоспары (айға(тоқсанға арналған) тауар, ақша және капитал нарығындағы корпоративтік қаржы стратегиясын әзірлеу және нақтылау үшін ақпарат береді.
Қазіргі жағдайда қаржыны жоспарлаудың рөлі түбегейлі өзгерді. Кәсіпорын:
- өзінің шаруашылық қызметінде табысқа жету;
- бюджеттің; мемлекеттік бюджеттен тыс қордың, банкінің және басқа да кредитордың алдындағы міндеттемесін уақытында орындау әрі өзін айыппұл санкциясынан қорғау;
- корпоративтік топ шеңберінде құрылымдық бөлімшелердің (филиалдардың), еншілес және бағыныстағы қоғамдардың қызметін үйлестіру әрі бақылау үшін кәсіпорын орталықтандырылып басқарылатын экономика кезеңіндегі жағдайдағыдац емес, бүгінгі күнгі де, сондай-ақ жақын келешектегі де өзінің қаржысының жай-күйін нақты білуге мүдделі.
Осыған байланысты кіріс пен шығысты, пайданы алдын ала есептеу, инфляцияның салдарын, нарық жағдаятының өзгеруін, сондай-ақ әріптестердің шартты міндеттемелерді ықтимал бұзуын ескеру қажет.
Қаржыны жоспарлаудың басты мақсаты меншікті, қарыз және қор нарығынан тартылған қаржыландыру көзінің есебінен түсетін ақша ағынының мөлшерін болжау негізінде қаржы ресурсының, капитал мен резервтің күтілетін мөлшерін анықтау болып табылады.
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін:
● корпорацияның өндірістік, ғылым-техникалық және әлеуметтік дамуын ең алдымен меншікті қаражатесебінен қамтамасыз ету;
● пайданы бірінші кезекте сату мөлшерін ұлғайту және өндіріс пен айналыс шығынын төмендету есебінен арттыру;
● корпорация қаржысының тұрақтылығын, төлеу қабілеттілігі мен балансының өтімділігін, әсіресе ірі ауқымды инвестициялық жобаны іске асырған кезеңде қамтамасыз ету қажет.
Қаржы жоспары өнім өндіру, материалдық ресурс сатып алй, маркетинг, инвестиция, ғылыми-зерттеу мен әзірлеме және т.б. жоспармен өзара тығыз байланысты болады.
Қаржы жоспарында:
● қаржының орташа мерзімді келешегі болжанады. Орташа мерзімді қаржы жоспары, әдетте, көрсеткіштер тоқсанға бөлініп бір жылға жасалады;
● ағымдағы кіріс пен шығыс анықталады. Жедел қаржы жоспары айларға бөлінген тоқсанға немесе он күнге немесе бес күнге бөлінген айға жасалады.
Жылдық немесе тоқсандық қаржы жоспарының шеңберінде жоспарлы көрсеткіштердің ай ішіндегі ауытқуының ықпалы білінбейді, ол компания қаржысының жай-күйінде, ең алдымен оның өтімділігінде сезіледі. Қалыпты жағдайдан осылай ауытқу көбінесе жөнелтілген өнімді өлегенде және сатериалдық ресурсты сатып алу төлемінде айдың алғашқы 15-20 күндері кездесетін келеңсіздіктің кесірінен жиі орын алады. Сондықтан айлық қаржы жоспарын, сондай-ақ оның орындалуы жөніндегі есепті жалпы кіріс пен шығысты он күнге бөліп жасау ұсынылады. Мұның өзі компанияның қысқа уақыт аралығы ішіндегі қаржы қызметін толық талдауға және жедел шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Қаржыны жоспарлаудың ең маңызды объектісі мыналар болып табылады:
● өнім (тауар, жұмыс, қызмет) сатудан алынатын түсім (нетто);
● пайда және оны бөлу;
● арнайы мақсаттағы қорлар мен оны пайдалану;
● бюджет жүйесіне салық пен жиын нысанында төленетін төлемнің мөлшері;
● мемлекеттік бюджеттен тыс қорға салынатын салым;
● кредит нарығынан тартылатын қарыз қаражаттың мөлшері;
● айналым қаражатқа және оны толтыратын қаржыландыру көзіне жоспарлы қажеттілік;
● күрделі салым мөлшері мен оын қаржыландыру көзі және т.б.
Бәсеке жағдайында тауар өткізетін нарықты болжап бағалау қажет болғанда 2-3 жылды қамтитын келешекке арналған қаржы жоспары, мысалы, ұзақ мерзім бойы іске асырылатын инвестициялық жобаның бизнес жоспарының маңызы артады.
Жоспарлау принциптері корпорациядағы жоспарлы қызметтің сипаты мен мазмұнын анықтайды.
1. Жүйелік жоспарлау принципі:
● элементтердің (бөлімшелердің) жиынтығын;
● осы элементтердің өзара байланысын;
● жүйеге кіретін бөлімшелердің корпорацияның мақсатына сәйкес бірыңғай бағытта дамуын қарастырады.
Фирманың сатылас біртұтастығы жоспарлы қызметтің бірыңғай бағытын, сонымен бірге барлық бөлімшелердің ортақ мақсатын қамтамасыз етеді.
2. Жекелеген бөлімшелердің жоспарын үйлестіру принципінде:
● бір бөлімшенің қызметін басқа бөлімшенің қызметімен байланыстырмай тиімді жоспарлауға болмайды;
● бір құрылымдық бөлімшенің жоспарындағы кез келген өзгеріс басқа бөлімнің жоспарында да көрсетілуі тиіс деп қарастырылған.
Демек, өзара байланыс пен біруақытта іске асыру – корпорацияда жоспарлауды үйлестірудің негізгі ерекшелігі болып табылады.
3. Қатысу принципіне сәйкес компанияның әрбір маманы (менеджері) атқаратын қызметіне және өзі орындайтын функцияға қарамастан жоспарлы қызметке қатысушыға айналады.
4. Үздіксіздік принципі бойынша:
● жоспарлау процесі белгіленген саты шеңберінде жүйелі түрде жүзеге асырылады;
● әзірленген жоспарлар бір-бірін үздіксіз алмастырады (сатып алу жоспары - өндіріс жопары – маркетинг (өткізу) бойынша жоспар – ақшалай қаражаттың қозғалыс жоспары).
Сонымен бірге сыртқы ортаның тұрлаусыздығы мен ішкі жағдайдың болжанбаған өзгеруі салдарынан корпорацияның жоспарын нақтылау және оған түзету енгізу қажет.
5. Икемділік принципі үздіксіздік принципімен тығыз байланысты. Осы принципке сәйкес корпорация жоспарлы қызметтің шектерінен шығуға мәжбүр болатын күтпеген жағдайдың туындау ықтималдығына жол беріледі. Сондықтан жоспарда қауіпсіздік резерві (өндірістік қуат, ресурс және т.б.) болуы тиіс.
6. Дәлдік принципінде корпоративтік жоспар компанияның ішкі және сыртқы ахуалы мүмкіндік беретін дәрежеде егжей-тегжейленуі және нақтылануы тиіс деп қарастырылады.
Осы жалпы ережеге сүйене отырып қаржыны жоспарлау принципін нақтылау қажет:
а) Мерзімдердің қаржы арақатынасы принципінде («банкінің алтын ережесі») қаражат белгіленген мерзімде алынуы және пайдалануы, яғни ұзақ мерзімде өтелетін күрделі салымды ұзақ мерзімді қарыз қаражаты (ұзақ мерзімді банк кредиті мен облигациялық қарыз) есебінен қаржыландыру қажет деп қарастырылады.
ә) Төлем қабілеттілігі принципіне сәйкес ақшалай қаражатты жоспарлау корпорацияның төлем қабілеттілігін жылдың кез келген уақытында қамтамасыз етуі тиіс. Корпорацияның бірінші кезектегі қысқа мерзімді міндеттемені өтеуді қамтамасыз ету үшін өтімді қаражатты жеткілікті болуы тиіс. Мұның өзінде айналым активі әр кезде қысқа мерзімді пассивтен жоғары, ал меншікті айналымқаражаты материалдық құндылықтан және қызметжеткізушінің алдындағы ең жедел міндеттемеден асуы тиіс.
Айналым активі мен қысқа мерзімді пассив арасындағы осындай қолайлы арақатынасқа жету үшін:
● өндіріс пен өнім өткізу кестесін сақтау;
● компаняны қаржыландыруға жұмсалатын шығынды барынша төмендету;
● компанияның өтімділігін біршама жеткілікті деңгейде ұстау қажет.
Осы мақсатқа жету үшін кредит пен қарыз өтелетін мерзімнің активтің тіршілік еті ұзақтығымен үйлесуі үшін тырысуы қажет. Осы үйлесімге қол жетіспеген жағдайда, компания өтімділікті жоғалту тәуекеліне ұшырайды. Мысалы, егер ұзақ мерзімді актив қысқа мерзімді міндеттеменің есебінен қаржыландырылса, онда корпорация менеджерлерінің дәл осы сәтте қажет ақшалай қаражатқа қол жетпеуі немесе оны бұдан да жоғары бағаға сатып алуға болатындай жағдайда корпорация үнемі қаржыландыру көзін іздестіруге мәжбүр болады. Ал ағымдағы қажеттілікті ұзақ мерзімді кредит пен қарыз есебінен қаржыландыру жөнінде айтатын болсақ, онда бұл жағдайда ұзақ мерзімді қаржыландыруға жұмсалатын шыығын айналым активін қысқа мерзімге салудан алынған пайдадан жоғары болуына әкеп соқтырады, ал мұның өзі ең соңында компанияның пайдасының төмендеуіне әкеп соқтырады. Корпорация үшін өтімділік параметрі (абсолюттік, ағымдағы және жалпы) маңызы зор. Сондықтан қаржы менеджер әруақытта міндеттемені уақытында төлеуге даяр болуы және қаражатты тиімді инвестициялау үшін қолайлы мүмкіндікті пайдалануы тиіс.
б) Күрделі салымның пайдалылық принципінде күрделі салым үшін ең арзан қаржыландыру тәсілін (өзін-өзі қаржыландыру, қаржы жалгерлігін – лизингті, инвестициялық селенгті) таңдау қажет деп қарастырылады. Қарыз капитал меншікті капиталдың пайдалылығын арттырған жағдайда ғана оны тарту тиімді. Мұның өзінде қаржы тұтқасы (леверидждің) әсерін қолдану қамтамасыз етіледі. Леверидж – тартылған капиталдың мөлшерінде қарыз қаражаттың пайда болуына байланысты туындайтын, сонымен бірге меншікті капиталға қосымша пайда алуға мүмкіндік беретін объективті фактор.
в) Тәуекелдің теңгерімділігі принципі. әсіресе тәуекелді ұзақ мерзімді инвестицияларды меншікті қаражат есебінен (таза пайда, амортизациялық аударым және т.б.) қаржыландырған ортаны.
г) Нарықтың қажеттілігіне бейімделу принципі. Корпорация нарық жағдаятын, сондай-ақ ағымдағы және инвестициялық қызметті қаржыландыру үшін меншікті қаражаттың барлық жағдайда жеткілікті бола бермейтінін ескере отырып, өзінің кредит пен қарыз алуға тәуелділігін ескеруі тиіс.
ғ) Шекті пайдалылық принципі жол берілетін тәуекел деңгейінде инвестицияланатын капиталдың барынша жоғары (шекті) пайдалылығын қамтамасыз ететін күрделі салымды таңдаған орынды екенін көрсетеді. Батыс компаниялары қаржыны жоспарлауда қолайлы пайда алуға және тауарлық және қаржы нарығында жайғасымды сақтауға ерекше назар аударады. Пайда деп салық салынғаннан кейін корпорацияның иелігінде қалатын таза пайда аталады. Сондықтан корпорацияның басшылығы қаржы жоспарын әзірлегенде салық ауыртпалығын да, сонымен бірге оны төмендету мүмкіндігін де ескеруі тиіс.
Қаржыны жоспарлау стратегиясында корпорацияның кіріс (пайда) орталығы мен шығын орталығын анықтау қарастырылады. Кіріс орталығы – корпорацияға барынша жоғары пайда әкелетін бөлімше. Шығын орталығы – шығыны барынша жоғары немесе залалды, алайда өндірістік-коммерциялық процесте маңызды рөл атқаратын бөлімше, мысалы, көптеген батыс компаниялары «жиырма, сексен», яғни капиталдың 20%-ы шығыны пайданың 80%-ын қамтамасыз етуі тиіс деген ережені басшылыққа алады. Демек, капитал салымының қалған 80%-ы тек 20% пайда әкеледі.
Қаржы көрсеткіші бірнеше әдістің көмегімен жоспарланады. Жоспарлау әдісі жоспарлы есеп-қисаптың нақты тәсілі мен жолы болып табылады. Аталмыш әдіске:
● есеп айырысу-талдамалы;
● нормативтік;
● баланстық;
●жоспарлы шешімді оңтайландыру;
● экономикалық-математикалық модельдеу жатады.
Есеп айырысу – талдамалы жоспарлау әдісінде қаржы көрсеткішінің қол жеткізген мөлшеріның негізінде оның келешектегі деңгейі божанады. Аталмыш әдісте қаржы-экономикалық норматив болмайды, ал көрсеткіштердің арасындағы өзара байланысты тікелей тәсілмен емес жанама, бірқатар кезең (ай, жыл) ішіндегі олардың серпінін зерделеу негізінде межеленуі мүмкін. Осы әдістің көмегімен тауарлық- материалдық құндылық запасына салынған айналым қаражатына қажеттілік, амортизациялық аударым мен пайданың мөлшері белгіленуі мүмкін. Есеп айырысу-талдамалы әдісі пайдаланылғанда сараптау бағалараы жиі қолданылады.
Қаржы көрсеткішін нормативтік жоспарлау әдісінде корпорацияның ақшалай ресурсқа және ол пайда болатын көзге қажеттілігін алдын ала межеленген норма мен норматив негізінде анықталады. Аталмыш нормативке салық ставкасы, мемлекеттік бюджеттен тыс қорға салынатын жарна тарифі, негізгі капитал мен материалдық емес активтің амортизация нормасы, банк пайызының есептік ставкасы және т.б. жатады.
Қаржыны жоспарлауда жалпы нормативтік жүйе қолданылады. Аталмыш жүйеге келесі норма мен норматив кіреді:
● республикалық;
●жергілікті;
● салалық;
● кәсіпорынның өз нормативтері.
Республикалық нормативтер Қазақстан аумағында міндетті болып табылады. Республикалық нормативке:
● салық пен жиын ставкасы;
● негізгі құрал-жабдықтың жекелеген топтары бойынша амортизациялық аударым нормасы;
● коммерциялық банкінің бекітілген қайты қаржыландыру ставкасы және Ұлттық банкіде банкінің депозитке салынған міндетті резервінің нормасы;
● мемлекеттік әлеуметтік бюджеттен тыс қорға, сондай-ақ зейнетақы жинақтау қорына енгізілетін жарна тарифі;
● ең төмен айлық еңбекақы;
● айлық есептік көрсеткіш;
●акционерлік қоғамның жарғылық капиталының ең төмен мөлшері кіреді.
Жергілікті норматив жекелеген салаларды қолданылады және оны өкілетті және атқарушы билік органы бекітеді. Оған, әдетте, жергілікті салық пен жиынның ставкасы кіреді. Салалық норматив жекелеген саланың шеңберінде немесе кәсіпорынның ұйымдастыру-құқықтық тобы (акционерлік қоғам, шетел инвестициясымен жұмыс істейтін кәсіпорын, шағын кәсіпорын) бойынша қолданылады.
Кәсіпорын нормативін шаруашылық жүргізуші субъект әзірлейді және өндірістік-коммерциялық процесті реттеу, сондай-ақ ресурстың тиімді пайдалануын бақылау үшін пайдаланылады. Аталмыш нормативке:
● айналым қаражатқа жоспарлы қажеттілік нормативі;
● кәсіпорынның айналымында үнемі болатын кредиторлық берешектің (есептелген ақшаның) нормативі;
● шикізат пен материалдың, аяқталмаған құрылыс дайындамасы запасының нормасы, қоймалардағы даяр өнімнің және тауардың күнмен есептелген запасының нормасы;
● таза пайданы тұтынуға, жинақтауға және резерв қорына бөлу нормативі;
● жөндеу қорына аудару нормативі (негізгі құрал-жабдықтың орташа жылдық құнына пайызда) және т.б. кіреді.
Нормативтік жоспарлау әдісі ең қарапайым және қол жеткізімді болып табылады. Норматив пен көлемдік көрсеткішті білген жағдайда, жоспарлы қаржы көрсеткіші оңай есептеуге болады. Сондықтан корпаоративтік қаржыны басқаруда негізгі проблема – бұл ақша ресурсын қалыптастыру және пайдалану үшін экономикалық жағынан негізделген норма мен норматив әзірлеу, сондай-ақ нормативтік топтың әрбір құрылымдық бөлімшесінің осы норма мен норматив сақтауын бақылауды ұйымдастыру.
Қаржы көрсеткішін баланстық жоспарлау әдісінде қолда бар қаржыны ресурсы мен оған нақты қажеттілікті үйлестіруге болады. Баланстық әдіс ақша қорынан (тұтыну мен жинақтау) түсетін түсім мен төлемді, кіріс пен шығыстың тоқсандық жоспарын айлық төлем балансын (күнтізбені) және т.б. болжау кезінде қолданылады.
Мысалы, ақша қоры бойынша баланстық үйлесімнің түрі мынадай болады:
Онп + П = Р + Окп ,
мұнда: Онп және Окп - қор қаражатының есепті кезеңнің басы мен аяғындағы қалдығы;
П – есепті кезең ішінде қорға қаражаттың түсуі;
Р – қор қаражатының жұмсалуы.
Жоспарлы шешімді оңтайландыру әдісінде жоспарлы есеп айырысудың бірнеше нұсқасы жасалып, оның арасынан ең оңтайлысы таңдалады. Мұның өзінде таңдаудың бірнеше өлшемін пайдалануға болады:
● келтірінді шығынның ең аз мөлшері;
● ағымдағы шығынның ең аз мөлшері;
● капитал салымын барынша тиімді пайдаланып оның ең аз мөлшерін салу;
● капитал айналымын ажұмсалатын уақыттың ең аз шамасы, яғни авансыланған қаражаттың айналымдылығын жеделдету;
● келтірілген пайданың ең жоғары мөлшері;
● салынған 1 теңге капиталға шағылған пайданың ең жоғары мөлшері;
● капиталдың кірістірілігінің ең жоғарғы мөлшері (салынған 1 теңге капиталға шағылған пайданың сомасы);
● қаржы ресурсының ең жоғары мөлшерде сақталуы, яғни қаржы, кредит, пайыз валюта және өзге де тәуекелдің төмендеу нәтижесінде ақша ысырабының барынша аз мөлшері.
Экономикалық-математикалық модельдеу әдісі қаржыны жоспарлауда қаржы көрсеткіші мен оның мөлшеріне ықпал ететін факторлардың арасындағы өзара байланыстың санын анықтауға мүмкіндік береді. Аталмыш өзара байланыс экономикалық процесті математикалық символ мен тәсілдің (теңдеу, теңсіздік, график, кесте және т.б.) көмегімен дәл сипатталатын экономикалық-математикалық модельде байқалады. Модельге тек негізгі (анықтаушы) факторлар ғана кіреді. Модель функционалдық және өзара байланысты байланысқа негізделуі мүмкін.
Дата добавления: 2016-05-11; просмотров: 3274;