Корпорацияның қаржылық жағдайын бағалауда қолданылатын көрсеткіштер

 

 

Нарық жағдайындағы кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестер және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік - кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.

Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізу мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақытылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамсыз етілуін көрсетеді.

Қаржылық талдаудың тәжірбиесі қаржылық есепті оқудың негізгі ережелерін қалыптастырады. Олардың ішінен алты негізгі әдісті бөліп қарастьыруға болады:

1) көлденең талдау;

2) тікелей талдау;

3) трендтік талдау;

4) салыстырмалы талдау;

5) факторлық талдау;

6) қаржылық коэфиценттер әдісі.

Көлденең (уақытша ) талдау - есеп берудің әрбір позициясын өткен кезеңімен салыстыру. Ол өткен кезеңдегімен салыстырғандағы бухгалтерлік есептің түрлі баптарының абсалюттік және салыстырмалы ауытқуларын анықтауға мүмкіндік береді.

Тікелей (құрылымдық) талдау - әрбір позициясының жалпы нәтижеге тигізетін әсерін айқындай отырып, қорытынды қаржылық көрсеткіштердің құрылымын анықтау. Ол жалпы баланс немесе оның бөлімдері бойынша қорытынды көрсеткіштегі жеке баптардың үлес салмағын анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, ұзақ және ағымдағы активтердің кәсіпорын мүлкінің жалпы құнындағы, яғни баланс валютасындағы үлес салмағы және тағы басқалар.

Тікелей және көлденең талдаулар бірін-бірі толықтырып отырады. Сондықтан да есептік бахгалтерлік үлгі құрылымы секілді оның жеке көрсеткіштерінің динамикасын да сипаттайтын кестелреді жиі жасайды.

Терендік талдау барлық көрсеткіштер 100 % деп алынатын базистік жыл деңгейінен, бірқатар жылдар көрсеткіштерінің салыстырмалы ауытқуын есептеуге негізделеді. Басқаша айтқанда, тренттік талдау әрбір есеп позициясын бірқатар өткен кезеңдермен салыстыруды және трентті , яғни жеке кезеңдерін дербес ерекшеліктер мен кездейсоқ әсерлерінен тазартылған көрсеткіш динамикасынеың негізгі тенденциясын анықтауды көрсетеді. Тренттің көмегімен болашақтағы көрсеткіштердің мүмкін болатын маңызды қалыптасады, ал одан кейінгі перспективті, болжамдық талдау жүргізледі.

Қаржылық талдаудың нарықтық экономика жағдайындағы көбірек таралған әдісі әртүрлі қаржылық коэффициенттерді пайдалану болып табылады.

Коэффициенттер салыстырмалы шамалар болып табылады, оларды есептеу кезінде шамалардың біреуін бірлік ретінде алып, ал екіншісін бірлікке қатынасы ретінде көрсетеді. Қаржылық коэффициенттерді есептеу баланстың жеке баптарының арасында болатын өзара байланыстарға негізделген. Олар кәсіпорынның қаржылық жағдайын кезекті факторлық талдау үшін алғашқы база болып табылады және де олар талдау нәтижесінде талдау жүргізушіге жасырын құбылыстарды ашуға мүмкіндік беретін екі шаманың арасындағы өзара математикалық қатынастарды көрсетеді.

Салыстырмалы (кеңістіктік)талдау- бұл фирмалардың, еншілес фирмалардың, бөлімшелердің және цехтардың жекелеген көрсеткіштері бойынша есебінің құрама көрсеткіштерін шаруашылық ішіндегі талдау, сондай-ақ берілген фирманың көрсеткіштерін орташа салалық және орташа жалпы экономикалық мәліметтері бар бәсекелес фирмалардың көрсеткіштерімен салыстырғандағы шаруашылық аралық талдау болып табылады.

Факторлық талдау- бұл жекелеген факторлардың (себептердің) қорытынды көрсеткішке тигізетін әсерін зерттеудің детерминдік (анықтау) немесе реттелмеген тәсілдері көмегімен талдау. Сонымен қатар факторлық талдау қорытынды көрсеткіштерді оның құрамдас бөліктеріне жіктегенде – тура, ал оның жеке элементтерін жалпы қорытынды көрсеткішке біріктіргенде ол – кері (синтез) болуы мүмкін.

Қаржыны талдауда келесі қаржы коэффициентінің топтары ең маңызды болып табылады:

1. өтімділік коэффициенті

2. іскерлік белсенділік коэффициенті

3. пайдалылық коэффициенті

4. төлем қабілеттілігі немесе капитал құрылымы коэффициенті

5. нарықтық белсенділік коэффициенті

Өтімділік коэффициенті кәсіпорыннның өзінің қысқа мерзімді міндеттемесін есепті кезең ішінде төлеу мүмкіндігін анықтауға мүмкіндік береді.

Іскерлік белсенділік коэффицинеті кәсіпорын өзінің қаражатын қаншалықты тиімді пайдаланылатынын талдауға мүмкіндік береді. Әдетте, осы топқа айналымдылықтың әр алуан көрсеткіші жатады. Аталмыш көрсеткіш компания қаржысының жай-күйін бағалауда маңызды, өйткені қаражат айналымының жылдамдығы, яғни қаражаттың ақшалай нысанына айналу жылдамдығы кәсіпорынның төлем қабілеттілігіне тікелей ықпал етеді.

Пайдалылық коэффициенті компанияның қызметі қаншалықты пайдалы екенін көрсетеді. Коэффициент алынған таза пайданың жұмсалған қаражатқа немесе сатылған өнімнің мөлшеріне қатанасы ретінде есептеледі.

Капитал құрылымының (немесе төлем қабілеттілігінің) көрсеткіші компанияға ұзақ мерзімді салым салған кредитор мен инвестордың мүддесінің қорғалу дәрежесін сипаттайды. Ол берешек ұзақ мерзімді берешекті өтеу қабілетін көрсетеді.

Кәсіпорынның нарықтық белсенділігінің коэффициентіне компания акциясының құны мен кірістілігін сипаттайтын әр түрлі көрсеткіш кіреді.

 

Көрнекілік материалдары:

 

1. Бухгалтерлік баланс нысаны

2. Табыстар мен шығыстар туралы есеп нысаны

3. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп нысаны

4. Меншікті капиталдың өзгерісі туралы есеп нысаны

Бақылау сұрақтары:

1. Ұйымның қаржы жағдайының тұрақтылығы қандай көрсеткіштерге байланысты?

2. Кəсіпорынның қаржы жағдайын бағалауда қолданылатын коэффициенттерге түсініктеме беріңіз?

3. Кəсіпорынның қаржылық орнықтылығы жəне қандай коэффициенттердің көмегімен оны бағалауға болады?

4. Кəсіпорынның меншікті капиталының рентабельділігіне əсер етуші негізгі факторларды атаңыз?

5. Компанияның қаржылық стратегиясын жасау не үшін қажет жəне оны не үшін кəсіпорын əрекетінің бас жоспары деп атайды?

6. Компания жөніндегі қаржы ақпаратының көздері

7. Корпорацияның қаржылық жағдайын бағалауда қолданылатын көрсеткіштер








Дата добавления: 2016-05-11; просмотров: 3482;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.013 сек.