Арыз капиталының тиімділік көрсеткіштері
Несие –банкінің қарыз алушыға несие шартында қарастырылған мөлшер мен шартта ақша беруі, бұл жағдайда қарыз алушы алынған соманы қайтаруға және ол бойынша пайызды төлеуге міндеттенеді. Несие алғанда банк қарыз беруші, ал қарыздың мәні – ақшалау қаражат болады. Қарызды ағымдағы және инвестициялық қызметті жүзеге асыру үшін қосымша ақша ресурстарын қажетсінетін шаруашылық жүргізуші субъект алады.
Ақшалай несиенің мына түрлері қолданылады:
1. Инвестициялық салық несиесі.
2. Салық несиесі
3. Қаржы несиесі
4. Коммерциялық несиесі.
Отандық практикада қаржы несиесі, яғни кредитордың ақшалай қаражатты қарыз алушыға тікелей беруі кең таралған.
Қарыз капиталының тиімділігін бағалау үшін талдамалы көрсеткіш жүйесі пайдаланылады. Аталмыш көрсеткіштердің ең маңыздалары.
1. Қаржы қауырттылығы коэффициенті (Кқ/қауырт)
Кқ/қауырт= қарыз қаражатты/ баланс валютасы | (1) |
Осы коэффициенттің қарыз алушының баланс валютасындағы қарыз қаражаттың үлесін көрсетеді. Көрсеткіштің ұсынылатын мағынасы 0,5 –тен (50 паыздан) аспауы тиіс.
2. Ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді қарыз капитал арасындағы арақатынас коэффициенті (Кс):
Кс= ДЗК/КЗК | (2) |
Мұндағы, ДЗК- соңғы есепті күнгі бухгалтерлік баланс бойынша ұзақ мерзімді қарыз капиталы (ұзақ мерзімді міндеттеме);
КЗК- соңғы есепті күнгі бухгалтерлік баланс бойынша қысқа мерзімді қарыз капиталы (қысқа мерзімді міндеттеме)
Әрбір қарыз алушының аталмыш параметрі жеке болады және ол бірқатар кезеңде (тоқсан,жылда) талданады. Осы коэффициенттің ұлғайғаны тартылған қарыз капиталының инвестициялық бағытын растайды.
3. Қаражат тарту коэффициенті (Кқт):
Кқт= КЗК/ОА | (3) |
Мұндағы: ОА- қарыз алушының осы күнгі бухгалтерлік балансы бойынша айналым активі
Аталмыш көрсеткіш қысқа мерзімді активтің айналым активінің орнын толтыруға қатысу дәрежесін сипаттайды. Осы көрсеткіштің деңгейі неғұрлым төмен болса, банк клиентінің несие өтеу қабілеті соғұрлым жоғары болады.
4. Қорлардың орнын толтыруда қаражат тарту коэффициенті (Кқтк)
Кқтк = ЗС/Қорлар | (4) |
Мұндағы, ЗС-соңғы есепті күнгі баланс бойынша қарыз қаражат
Қорлардың орнын толтыратын меншікті айналым қаражаттың үлесі 50 пайыздан кем болмауы тиіс, ал қалған 50 пайызы банктің қысқа мерзімді несиесі мен тауарлық операция бойынша кредиторлық берешектің есебінен өтеледі. Меншікті айналым қаражаты айналым активі мен баланс пассиві бойынша қысқа мерзімді міндеттеме арасындағы айырманы білдіреді.
5. Қаржылық тұрақтылықтың қорытындыланған коэффициенті (ОКФУ):
ОКФУ = СК+ДО/ Активтер | (5) |
Мұндағы, СК- қарыз алушының балансы бойынша меншікті капиталы;
ДО- қарыз алушының балансы бойынша ұзақ мерзімді міндеттеме
Осы параметрлер баланстың ең тұрақты көздің есебінен орны толтырылатын активтің бөлігін білдіреді. Коэффициенттің ұсынылатын мағынасы- 0,7-0,8 (70-80 пайыз)
6. Капиталдандыру коэффициенті (Кк) :
Кк = ДО/ДО+СК | (6) |
Осы көрсеткіш банк мамандарының клиенттің тұрақты қаржыландыру көзін пайдалануына назар аударады. Ол несие алушының өзінің ұзақ мерзімді кредитор мен акционерден тәуелділік дәрежесін немесе ұзақ мерзімді несие мен қарыздың тұрақты пассивтегі үлесін сипаттайды. Әрбір жеке қарыз алушыға аталмыш параметрі жеке тән болады.
7. Борыштың және сату мөлшерінің арақатынасының коэффициенті (Кк):
Ксдп = жиынтық міндеттеме/ сатудың таза мөлшері | (7) |
Жиынтық міндеттеменің құрамына ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді қарыз қаражат кіреді. Борыштың міндеттемені өтеу үшін қажет ақшалай қаражаттың мөлшері түпкілікті қорытындыдағы соңғы параметрге тәуелді, сол себепті жиынтық борыш пен сату мөлшері өзара байланысты болады. Егер қарыз алушының міндеттемесі сату мөлшеріне үйлесімді ұлғаятын болса, онда қаржы менеджерлері борышты ұлғайтуға жұмсалатын шығынды бұдан арзан несие көзін іздестіруге не болмаса сатудан алынатын кірістің қомақты бөлігі пайдаға айналуы үшін шартты түрде тұрақты шығысты төмендету арқылы өтеуге тиіс болады. Жоғарыда қарастырылған көрсеткіштермен бірнеше кезең талданады және қарыз алушының ағымдағы және несие өтейтін ықтимал қабілеті жөнінде қорытынды жасалады.
Дата добавления: 2016-05-11; просмотров: 2168;