Тақырып 23. Қалаішілік автобус қозғалысын ұйымдастыру және жоспарлау

 

Нарықтық экономика жағдайында барлық көлік түрлері бойынша тасымалдауды жүзеге асыру, оның артықшылықтары мен тасымалдау жоспарының орындалуын бағалау үнемі өзгеріп, дамып отырады. Өзгерістің негізгі бағыты жолаушылар тасымалын басқарудың автоматтандырылған-орталықтандырылған жүйесіне көшу және пайдалануға қолайлы жаңа жылжымалы құрамдар мен озық техникалық жабдықтарды пайдалану. Бүгінгі таңда көлікпен тұтынушының арасындағы таңдау еркіндігінің және көлік қызметінін ұсынушылардың арасында өзара бәсекелестіктің болуы осы саланың қарқынды дамуына жол ашып отыр.

Халық саны 2 мың тұрғыннан кем емес елді мекенде өнеркәсіп-сауда, мәдени және әкімшілік шаруашылық орындарын байланыстыратын көлік түрін қалалық көлік деп атайды. Қалаішілік маршруттағы автобус аялдамаларының арақашықтығы 300-500м. Автобустардың арлығы 10 мин шамасына дейін болады. Маршруттың ұзындығы қаланың құрылыс жоспарына сәйкес шамамен 3-20 км шамасында болады.

Қалаішілік көлік өзара тәуелді біртұтас жүйеден тұрады. Олар:

- жол құрылысы (автожол, теміржол, жер асты жолы);

- вокзалдар, жағажайлар, аялдамалар;

- энергиямен жабдықтау құрылымдары (қосалқы электр станциялары, кабельді және түйіспелі желілер, жанармай құю бекеттері);

- жөндеу шеберханалары мен зауыттар;

- жылжымалы құрамның тұрақты тұратын жері және оларды сақтау орындары (автотұрақ, депо, техникалық қызмет көрсету бекеті);

- желелік байланыс құрылғылары, белгі беру, шектеу, деспетчерлік басқару, мәліметтерді өңдеу, сұрыптау құрылғылары);

- жол қозғалысын реттеуші техникалық жабдықтар;

- өзара байланыстағы және қозғалыстағы барлық көлік түрлері.

Қала көлігінің негізгі сипаттамасы оның тасымалдау қабілеттілігі. Тасымалдау қабілеттілігі - дегеніміз қозғалыс қауіпсіздігін сақтай отырып бір сағатта тасымалдайтын жолаушылардың саны. Үлкен және орташа қалаларда қала көлігіндегі жолаушылардың ағыны магистральді көлік желісіне қарағанда 15 есе көп болады.

 

Кесте 1. Қалалық көліктердің техникалық сипаттамасы

  Көліктің түрі Жоғарғы шекті тасымалдау қабілеті, мың/ жолаушы сағат Қатынас жылдамдығы, км/сағ.
Электрлі поезд (қала маңы) 50-55 40-70
Метро 40-55 34-50
Трамвай 12-18 18-20
Автобус 2,8-8 18-20
Маршрутты такси 4,5 20-25
Такси 1-1,5 25-40 (трассада 70)

 

Қала көлігі желісінің маңызды сипаттамаларының бірі оның тығыздығы. Көлік желісі қала көшелері бойынша жан-жақты жеткілікті қолданылса, аялдамалар тұрғылықты мекен-жайға жақын әрі жеткілікті болса көлік желісінің жақсы дамығанын көрсетеді.

Қалалық көлікпен қарқынды қозғалыс уақытында жолаушы ағынын толық қамтамасыз ету үшін әртүрлі ұйымдастыру шаралары жүзеге асады. Мысалы: уақытша маршруттар құру, қозғалыс қарқыны жиі аралықтарға қысқартылған маршруттар енгізу, қозғалыс кестесін өзгерту, яғни жүріс аралықтары мен қозғалыс жиілігін жақындату.

Қалалық көлік жүйесіне жолаушыларды бір жерден екінші жерге ең жоғарғы ыңғайлылықпен және ең төменгі пайдалану шығынымен тасымалдауға бағытталуы керек.

Қалалық көлік әртүрлі көрсеткіштеріне сәйкес топтастырылады:

· тартым түрі бойынша: электрлі және двигательді;

· қала аумағындағы қолданысы бойынша көшелік, көшеден тыс және жеке жол тармақтарымен жүретін көліктер;

· қозғалыс жылдамдығы бойынша кәдімгі, жылдамдатылған, жоғарғы жылдамдықтағы;

· маршруттарды ұйымдастыру технологиясы бойынша кәдімгі, жүрдек, жартылай жүрдек, қысқартылған;

· тасымалдау қабілеті бойынша төмен, аз, орташа, жоғары деп жіктеледі.

Жолаушы ағыны көп әрі үздіксіз болатын қала ішіндегі жолаушы тасымалын, автобус қозғалысын жоспарлау және ұйымдастыру өте күрделі жұмыс. Жоспарлау және ұйымдастыру жұмыстары бірнеше кезеңдер мен бағыттар бойынша жүзеге асады.

1. Жоспарлау кезеңдері:

· автокөлік мекемесінің негізгі жұмыс бағытын жоспарлау;

· жолаушылардың ағыны мен оларды тасымалдау көлемін анықтау бағытындағы зерттеп-талдау жұмыстары;

· мекеменің кіріс-шығысын, қаржыландыру жоспарларын құрастыру және еңбек өнімділігін жоспарлау;

· басқару құрылымдары мен бөлімдердің қызметтік бөлінісін және де міндеттерін белгілеу;

· жылжымалы құрамдардың техникалық пайдалану шараларын жоспарлау;

· жол-көлік желісін және маршрут жүйесін құрастыру;

· автокөлік жұмысын тіркеу, бағалау және бақылау жұмыстарының жүйесін жасау;

· автовокзалдар мен техникалық жабдықтардың жұмысының келешектегі даму бағыттарын жобалау;

2. Ұйымдастыру кезеңдері:

· маршрут бағыттарын белгілеу, топтастыру және олардың жүйелі жұмысын ұйымдастыру;

· автобус аялдамаларын орналастыру және маршрут бойынша тиімді бөлінісін жасау;

· жолаушы ағынын тұрақты бақылауды ұйымдастыру;

· маршруттар бойынша қажетті автобустардың санын анықтау, сыйымдылығы мен сапалық көрсеткіштері бойынша түрін таңдау;

· қозғалыс жылдамдықтарын белгілеу;

· жүріс кестелерін құрастыру;

· деспетчерлік орталықтандырылған басқару жүйесінің жұмысын ұйымдастыру;

· пайдалану жұмыстарын бақылау, қадағалау шараларын жүзеге асыру;

· жүргізушілер мен барлық жұмыскерлердің жұмыс кестесін жасау;

· еңбек және еңбекақы жұмыстарын ұйымдастыру;

· тариф пен жолақысын белгілеу, билет жүйесін жасау және оны қолданысқа енгізу, бақылау;

· қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдастыру, басқару шаралары.

Тақырып 24. Қаламаңдық, қалаарлық, халықаралық қатынастар мен саяхаттық және туристік автобус тасымалын ұйымдастыру

Қаламаңдық жолаушы тасымалы дегеніміз қала аумағынан 50 км дейінгі қашықтықтағы жол қатынастары. Қаламаңдық автобус тасымалындағы аялдамалардың арақашықтығы елді- мекенді жерлерде 500-700 м, ал адамдар қоныстанбаған аймақтарда 800-1200 м және одан көп болады.

Қаламаңдық маршруттағы автобустардың арақашықтығы 10-60 мин және одан көп болады. Жолаушыларды тасымалдаудың орташа қашықтығы 8-12 км, маршруттардың ұзындығы 15-20 км болады.

Қаламаңдық автобус маршруттарындағы жолаушы тасымалының біркелкісіздігі үлкен болуымен ерекшеленеді. Мысалы, демалыс күндері таңертең қаладан шығатын және кешке қалаға қайта келетін автобустағы жолаушы саны өте көп болады.

Қалааралық жолаушы тасымалына 50 км-ден көп қашықтықтағы тасымалдар жатады. Қалааралық маршруттағы автобустармен жолаушы тасымалдау облыс аралық және облыстың өз ішіндегі маршруттар деп бөлінеді.

Облыстық қалааралық маршрут дегеніміз бір облысқа қарайтын арақашықтықтары 100 км және одан көп болатын екі қалаға қатынайтын маршрут. Автобусттың жүру жиілігі жолаушы ағынына сәйкес 30 мин 3-5 сағ дейін жетеді.

Облысаралық маршрут екі облыстың қалаларына қатынайтын маршрут. Маршруттың қашықтығы 300-400 км және одан көп. Облыс аралық маршрут тасымалы жазғы уақыттарда өседі.

Халықаралық маршруттар екі шекаралас мемлекеттердің арасындағы маршруттар. Оның маршруттарының қашықтығы 500-800 км және одан көп. Автобустармен жолаушыларды халықаралық бағытта тасымалдау көршілес екі елдің үкіметтерінің өзара екі жақты келісімнің негізінде жүзеге асады. Осы келісімнің негізінде ұйымдастыру жұмыстары, көліктердің кеден бекеттерінен өтуі және баға тарифі келісіледі.

Халықаралық маршруттағы автобустарда жұмсақ орынды, шалқаятын арқалығы бар жайлы орындықтар, желдеткіш және жылу жүйесі, тоңазытқыш, теледидар болуы керек.

Саяхаттық – туристік автобус маршруттары жеке тапсырыстар бойынша жолаушыларды жалпы қолданыстағы көліктермен, сонымен қатар қызметтік көліктермен саяхатқа шығу, қаланы аралау мақсаттарымен тасымалдауға арналған.








Дата добавления: 2016-06-24; просмотров: 4083;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.009 сек.