Тақырып 26. Жолаушы ағыны және оны анықтау әдістері

Жолаушы ағыны дегеніміз – белгіленген уақыт бірлігінде белгілі бір жол маршрутындағы тасымалданған жолаушылардың саны. Жолаушы ағымының көрсеткіштік сипаттамалары:

1. Тасымал тығыздығы дегеніміз кез келген жол бөлігінің тура және кері бағыттары бойынша белгілі бір уақыт аралығында жүріп өткен көліктермен тасымалданған жолаушылардың жалпы саны және жол бөлігінің 1 км. Келетін көліктер мен жолаушылардың саны.

2. Тасымал көлемі – толық жол бағдары бойынща белгілі бір уақыт бірлігінде тура және кері бағытта тасымалданған жолаушылардың жалпы жиыны.

Жолаушы ағымының көрсеткіштері қала жоспары бойынша жол бағдарының орналасуына, халықтың қоныстану тығыздығына және өнеркәсіп мекемелерінің, әкімшілік мәдени орталықтардың орналасуына байланысты әр түрлі болады. Қалаішілік жол маршрутының көбінде жолаушылардың саны бастапқы аялдамадан жол ортасына дейін өсіп. Соңғы аялдамаға жақындаған сайын біртіндеп азайып отырады. Өнеркәсіп орындарына баратын жұмысшыларды тасымалдаушы маршрутты автобустардағы жолаушы саны бастапқы нүктеден соңғы нүктеге дейін біртіндеп өсіп отырады.

Қалаішілік автобус таымалдарындағы жолаушы ағыны тәулік сағаттарында үнемі өзгеріп отырады. Жұмысқа барып келетін уақыттарда бір тәуілікте тасымалданатын жолаушыларды жалпы санының тең жартысы тасымалданады.

Жолаушы ағынының анықтаудың бірнеше әдістері қолданылады. Олар: анкеталық әдіс, кестелік – есептік әдіс, талон арқылы есептеу әдісі, көзбен жобалау әдісі.

Анкеталық әдіс – тұрғындардан арнайы сұрақ жауап алу арқылы жүзеге асады. Осы алынған қпараттар негізінде халықтың жұмысқа барып келу уақыттарын, мәдени шаруашылық және іскерлік жол қатынастарын анықтауға

болады. Сонымен қатар маршрут бойынша жолаушы ағымының бөліну сипатын жалпы уақыт шығының және қажетті аялдамалар санын анықтауға болады.

Кестелік есептік әдіс - әр бір автобустың ішінде орналастырылған тіркеу қондырғылары арқылы жүзеге асады. Мұндай тіркеу қондырғылары әрбір аялдамада кірген және шыққан жолаушылардың санын тіркеп, айналым уақыттарын тіркеп отырады. Ауысым соңында әр автобуста орналастырылған барлық қондырғылардағы мәліметтер біріктіріліп сұрыпталады.

Кесте мәліметтерін жинақтау және сұрыптау тәптіптері:

- барлық мәліметтерді жинақтап толықтырылған қортынды кесте жасау;

- әрбір аялдамадағы кірген және шыққан жолаушылардың саны өзара тең болуы керек;

- әрбір аялдамаларда кірген және шыққан жолаушылардың жалпы санын анықтау керек;

- тасымалданған жолаушылардың жол аралықтары бойынша бөлінісін анықтау;

- тәулік сағаттары және жол аралықтары бойынша жолаушы ағынының эпюрасын құру;

- сандық және сапалық көрсеткіштерін анықтау.








Дата добавления: 2016-06-24; просмотров: 3998;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.