Тақырып 28. Қарқынды қозғалыс уақытындағы жолаушы ағынын ұйымдастыру

 

Қалаішілік көлік қозғалысын реттеуде қарқынды қозғалыс уақыттарының маңызы өте зор. Қарқынды қозғалыс уақыттары (часы «пик) дегеніміз таңертең адамдардың жұмысқа барып, кешке жұмыстан қайтатын уақыттары. Бұл кезде жолаушы ағыны шамадан тыс көбейіп, қозғалыс қиындап қосымша шаралар енгізіледі.

Жолаушы ағыны нақты бөлінген автобустардың санына сәйкес келсе де, олардың сағат аралық жүріс жиілігін дәл анықтай алмаса жолаушылардың қарқынды қозғалысын реттеу қиынға түседі. Сондықтан қарқынды қозғалыс уақыттарында автобус тасымалын ұйымдастыруды жетілдірудің кешенді жоспарлы шаралары енгізіледі.

Қарқынды қозғалыс уақытында жолаушылардың аялдамаға дейін келу уақыты, автобусты тосу және автобуспен жүру уақыты кей жағдайда автобус ауыстыру уақыты және де аялдамадан баратын жеріне дейін жетуге кететін уақыттарының қосындысы арта түседі. Сондықтан аялдамаларды тұрақты мекен-жайларға жақын әрі жиі орналыстыру, тасымалдау көлігінің жиілігі, жүріс жылдамдылығын арттыру және автобус ауыстырмай жетуге мүмкіндік беретін тиімді маршрут жүйесін құрудың маңызы зор. Жол жүру уақыты келесі көрсеткіштерге тәуелді:

- жылжымалы құрамның техникалық жылдамдығының мүмкіншілігіне;

- маршруттың мүмкіндігінше түзу болуына;

- маршруттағы автобустардың жүріс аралықтарына;

- бір айналымға берілген уақыт шамасына;

- автобустардың бекітілген жүріс кестесіне;

- жоларлықтың ұзындығына;

- аялдамалардың орналасуына;

- автобустардың жиілігіне;

- жүргізушінің шеберлігіне;

- автобустардың жиілігіне;

- жол төсемнің жағдайына;

- қозғалысты ұйымдастырудың тиімді жүйесіне;

Қарқынды қозғалысты реттеуде жиі қолданылатын нәтижелі шаралар автобус маршруттарын жүйелендіру, қысқартылған маршруттар мен жылдамдатылған жүрдек маршруттарды енгізу, сонымен қатар барлық қала көшелеріндегі қозғалысты диспетчерлік бақылау жұмыстарына жаңа технологиялық байланыс құрал- жабдықтарын пайдалану.

Әртүрлі мекемелердің жұмыс уақыттарының басталуын минуттық аралықтарға бөлу арқылы да жолаушылардың жол жүру бөлінісін белгілі бір деңгейде реттеуге болады.

Қарқынды қозғалыс уақытындағы жолаушылардың сұранысын қанағаттандыру тасымалдау көліктерінің барлық түрлерінің өзара байланыста жұмыс жасауына және ұйымдастыру шараларының нақтылы зерттеп- талдау жұмыстарына байланысты.

 

Қоғамдық көліктердің пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған барлық шаралар мен жетілдіру жұмыстары, халықты сапалы көлік қызметімен қамтамасыз етудің басты шарты болып саналады. Автобустарды қолданудың нәтижелі болуына ықпал ететін шаралар қатарына төмендегілерді жатқызуға болады:

Ø маршрут немесе оның жекелеген жоларалықтары бойынша жолаушы ағынының сипаттамасы мен өсімі туралы мәліметтерді тұрақты түрде анықтап отыру;

Ø автобустарды түрі мен сиымдылығына сәйкес дұрыс таңдау және оларды маршрут бойынша тиімді етіп бөлу;

Ø жылдамдатылған және жүрдек маршруттарды енгізу, шартты жылдамдықты дұрыс анықтау, автобус жүргізушілерінің біліктілік деңгейін жоғарылату және автобус аялдамалары мен оның жабдықтарын оңтайлы етіп орналастыру арқылы маршруттағы автобустардың жүріс жылдамдықтарын арттыру;

Ø тәулік пен апта күндері, жыл мезгілдері бойынша жолаушыағынының өзгерісін ескере отырып, жүргізушілер мен кондукторларға қалыпты жұмыс жағдайын ұсына алатын маршруттың тиімді жүріс кестесін құру;

Ø әртүрлі мекемелер мен ұйымдардың жұмыстарының басталу уақыттарын өзара үйлестіру, яғни әртүрлі сағаттарға бөлу арқылы жолаушы ағыннын реттеу;

Ø бақылау жүйесін жетілдіру және жол жүру билеттерін енгізу арқылы ақша түсімін жинақтауды ұйымдастырудың тиімділігін арттыру;

Ø маршрут жүйесін жетілдіру;

Ø жол - көше желісін және оның жабдық талуын жетілдіру;

Ø қарқынды қозғалыс уақыттарында сыйымдылығы жоғары және өте жоғары автобустарды желіге шығаруды арттыру;

Ø қозғалысты ұйымдастырудың әдістерін жетілдіру;

Ø маршруттағы қозғалысты автоматтандырылған орталықтан басқаруды дамыту;

Ø қарқынды қозғалыс уақыттарында жолаушыларға қызмет көрсетуді жақсарту.

 

Қалаішілік маршруттарда таңертеңгі және кешкі қарқынды қозғалыс уақыттарында тәуліктік жолаушы тасымалының 50 % пайызы орындалатындықтан осы кезеңдерде халықты қанағаттанарлық көлік қызметімен қамтамасыз ету күн тәртібіндегі маңызды мәселе болып табылады. Көліктердің шамадан тыс адамдарға толығуы жолаушылардың жағдайы мен көңіл күйіне кері әсер етеді (іші лық толы автобуста 10 минут тұру еңбек өнімділігін 4 %-ға төмендетеді), қызмет көрсету сапасы мен деңгейі төмендейді, жол ақысын жинап алу қиындайды, автобустардың кез-келген уақытта бұзылып қалуына жол ашады.

Жалпы алғанда жолаушыларға қызмет көрсету деңгейі келесі көрсеткіштермен сипатталады:

Ø тасымалдың дәл уақытында тұрақты түрде жүзеге асуымен;

Ø жолаушылардың жол жүру уақытының шығынымен;

Ø тасымалдың ыңғайлылығымен;

Ø қозғалыстың қауіпсіз болуымен.

Қарқынды қозғалыс уақыттарында тасымалды ұйымдастырудың тиімділігін арттырудың негізгі бағыттары:

Ø жолаушылардың жалпы жол жүруге кеткен уақытын қысқарту (негізгі уақыт – автобуспен жүрген уақыт, қосымша уақыт – аялдамаға келу, автобусты тосу, автобус ауыстыру және аялдамадан қажетті жеріне жету уақыттары);

Ø маршруттың неғұрлым көбірек жүктелетін бөліктерінде автобустардың шамадан тыс толығуын төмендету (тасымалдаудың ыңғайлылығын сақтау).

Қарқынды қозғалыс уақытарында қозғалысты ұйымдастыру келесі шараларды қамтуы керек:

Ø жолаушы ағынын зерттеу (жолаушыағынының әртүрлі болуын анықтау);

Ø жолаушы ағынының бөлінісі мен маршрутқа шығарылатын нақтылы автобустарды сәйкестендіру;

Ø жолаушы сұранысы мен тасымалдау шартына сай келмейтін жерлерді анықтау;

Ø тасымалды ұйымдастыру жұмыстарын жетілдіру шаралары мен олардың жүзеге асу кезеңдерін жобалау;

Ø басқа жолаушы тасымалдау көліктерімен келісе отырып, жолаушыларға қызмет көрсету мәдениетін жақсартуға арналған шаралардың кешенді жобасын жасау.

Қарқынды қозғалыс уақыттарында жолаушыларға қызмет көрсетуді жақсарту жолдары:

1. Маршруттардың сұлбасын жетілдіру:

Ø маршруттардың өзара байланыстағы біртұтас тиімді жүйесін құру;

Ø қысқартылған, жылдамдатылған және жүрдек маршруттарды енгізу;

Ø жүріс жолдарының айналмалы болуын және бір жерден екінші жерге автобус ауыстырып баруын азайту.

2. Қозғалысты ұйымдастыру әдістерін жетілдіру:

Ø әртүрлі сиымдылықтағы автобустарды қолдану;

Ø сиымдылығы жоғары және өте жоғары екі автобусты қатар жүргізу;

Ø автобустардың жүріс жиілігін арттыру.

3. Қарқынды қозғалыс уақытында автобус санын көбейту:

Ø маршруттардағы жолаушы ағынының өзгерісіне сәйкес автобустарды маршруттардың арасында жоспарлы түрде қайтадан бөлу арқылы.

4. Кәсіпорындар мен мекемелердің жұмыстарының басталуы мен аяқталу уақыттарын әртүрлі етіп бөлу:

Ø жұмыстың басталу уақыттарын 15-20 минут аралықта белгілеу.

5. Қозғалысты басқарудың орталықтандырылған диспетчерлік жүйесін енгізуді дамыту:

Ø орталықтандырылған диспетчерлік басқару жүйесін енгізу;

Ø маршруттың 3-4 бекетінде автобустардың қозғалысын автоматты бақылауды енгізу;

Ø стутниктік навигациялық автоматты бақылау жүйесін енгізу;

Ø қозғалысты шұғыл реттеу мен басқарудың әдістерін жетілдіру.

6. Қоғамдық көліктердің қозғалысын реттеу әдістерін жетілдіру:

Ø жолдарда жүру кезінде қоғамдық көліктерге басымдылық беру;

Ø қоғамдық көліктерге арналған арнайы жол тармақтарын енгізу.

7. Қоғамдық көліктердің қозғалысын арттыру:

Ø қосымша ретінде тұрған автобустар арқылы (тәуліктік шығарылымның 5%);

Ø мекемелік автобустарды пайдалану арқылы.

8. Көше – жол желісі мен оның жабдықталуын дамыту:

Ø жүріс жолдарының сапасын жақсарту және оңтайлы етіп жобалау;

Ø аялдама бекеттері мен техникалық құрал жабдықтарды бекітілген талапқа сәйкес шартты өлшемдерімен дұрыс орналастыру.

Қалаішіндегі автобустардың қарқынды қозғалыстан тыс уақыттардағы жұмысы келесі көрсеткіштермен сипатталады:

· жолаушылар ағыны азаяды;

· көліктерді пайдалану тиімділігі төмендейді;

· уақыт аралықтары бойынша жолаушы ағыны әркелкі болады;

· автобустардың жүріс аралық уақыттарының шамасы артады.

Осының барлығы көліктерді пайдалану шығындарын азайту мен халыққа көліктік қызмет көрсетудің келесідей үлгілері мен әдістерін енгізуді талап етеді:

1. Маршруттарды біріктіру әдісін кешкі сағат 21-ден кейін ұйымдастыруға болады, яғни бір маршруттың жүріс бағыттарын жартылай өзгерту арқылы оған жақын орналасқан екінші маршруттың да жолаушыларын тасымалдау арқылы екінші маршрутты желіден шығару.

2. Кезекші маршруттар әдісінде кешкі қарқынды қозғалыс уақыттарынан кейін маршруттардың жартысы тоқтатылып, қалған маршруттардағы автобустардың жүріс жиілігі арттырылады. Бұл әдіс маршрут желісі тығыз орналасқан аудандарда неғұрлым тиімді болып табылады.

3. Аралас маршруттар әдісінде маршрутқа уақыт аралықтарына сәйкес әртүрлі сиымдылықтағы автобустар шығарылады

4. Жүріс аралықтарын арттыру әдісі арқылы қарқындықозғалыстан тыс уақыттарда автобустарды пайдалану тиімділігін арттырып, шығынды азайтуға болады. Жолаушы ағыны өте аз жоларалықтарында автобустың жүріс уақыттарын аялдамаларға іліп қою арқылы ең жоғарғы тиімді жүріс аралығын белгілеуге болады.

Келешекте қалаішілік автобус көлігі сиымдылығы жоғары және өте жоғары автобустарды қолдануға көшеді. Үлкен қалаларда автобус көлігі қазіргі кездегідей негізгі және магистральды көлік түрінде ғана емес метро және жоғарғы жылдамдықтағы LRT трамвайлары тәрізді магистральды көліктерге жолаушыларды жеткізуші және алып кетуші ретінде басқа көлік түрлерімен өзара байланыста қолданылады.


 

 


 

 









Дата добавления: 2016-06-24; просмотров: 2866;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.018 сек.