Тақырып 30. Автобус маршрутының жүріс кестесін құру

 

Жолаушыларға қанағаттанарлық сапалы қызмет көрсетуге қажетті автобустар санын есептей отырып, автокөлік мекемесінің пайдалану бөлімі автобустардың жүріс кестесін құрастырады.

Жүріс кестесідегеніміз қозғалыс тәртібін, жүргізушілер мен кондукторлардың жұмыс кестесін және негізігі пайдалану көрсеткіштерін бекітетін автобустардың қозғалысын ұйымдастырушы ең басты құжат.

Негізігі пайдалану көрсеткіштеріне автобус маршрутының ұзындығы (LM), жарты айналым уақыты (tр), аялдамалардың саны (nр), бір тәуліктегі айналым саны (Zp), жұмыс уақытының басталу және аяқталу уақыттары, толық жұмыс істеу уақыты (ТН) түскі асқа үзіліс немесе жүргізушілерді ауыстыру уақыты, техникалық (VT) және пайдалы (VЭ) жүріс жылдамдықтары, автобустардың жүріс аралықтары (I) мен жиілігі (H), соңғы аялдамада тұру уақыты (tк.о.) көрсетіледі.

Көліктердің бекітілген кестеге сәйкес жүруі қалаішілік жолаушы тасымалдауды ұйымдастыру мекемелерінің негізгі қағидасы болып табылады. Тасымалды орындаушылар және жолаушылар көлігін басқару мекемелері жұмыстағы қиыншылықтарға және экономикалық тиімсіздіктерге қарамастан қозғалыс кестесінің орындалуы үшін барлық шараларды қолданулары керек. Жүріс кестесінің түпнұсқасы маршруттың төлқұжатымен бірге сақталады. Түпнұсқадан алынған күнделікті қолдануға арналған көшірмелер жүргізушілерге беріледі.

Жүріс кестесін құрастырушы пайдалану бөлімінің инженерлері кестені құрастыру кезінде төмендегі шарттардың қамтамасыз етілуін ескерулері керек:

· жолаушылардың автобусты тосу және қалаған жеріне жету уақыттарының мүмкіндігінше ең төменгі шамада болуы;

· қозғалыстың жиілігінің жоғарғы деңгейде болуы;

· толық қауіпсіздікті сақтай алатын жоғарғы шекті жүріс жылдамдығын белгілеу;

· автобустарды пайдаланудың барынша тиімді әдісін енгізу;

· белгілі бір жол бөліктерінде жүріс жолдары қатар келетін маршруттардың жүріс аралықтарын сәйкестендіру және ортақ бақылау аралықтарында автобустардың қозғалыс жылдамдықтарының бірдей болуы;

· жүргізушілер мен кондукторлардың қалыпты жұмыс тәртібін сақтау;

· кәсіпорындар мен мекемелердің, оқу орындарының жұмыс уақыттарының басталуы мен аяқталуына орай сайкес аялдамалар арқылы өту уақыттарын үйлестіру.

Маршруттың жүріс кестесін құрастыру екі кезеңнен тұрады: алғашқы мәліметтерді дайындап, есептеу және және жүріс кестесін құрастыру.

Алғашқы мәліметтерге төмендегілер жатады:

· маршруттың ұзындығы, жүріс жылдамдықтары;

·аялдамалардың саны, арақашықтығы мен олардың арасында автобустың жүру уақыттары, аялдамада аялдау уақыттары;

·автобустардың жұмысының басталу және аяқталу уақыттарының тиімді межесін белгілеу;

· маршрут бойынша автобустардың қозғалысының басталу және аяқталу аялдамаларын, нөлдік жүрістің қашықтығын және жүріс уақытын анықтау;

·жолаушы ағынының жалпы маршрут пен оның жекелеген жол аралықтарындағы шамасын нақытылап белгілеу;

· тәуліктегі айналым мен жарты айналым уақыттарының бекітілген шартты шамалары;

· айналым санына сәйкес қажетті автобустардың санын есептеу және маркасын таңдау;

· жүріс аралығының мүмкін болатын жоғарғы шекті шамасын анықтау;

· автобустарды маршруттарға бөлу;

· автобустарға жанармай құю бекеттерін таңдау және бару уақыты мен жанармай құю уақыттарының шартты шамасын белгілеу;

· жүргізушілердің жұмысын ұйымдастыру үлгісін таңдау;

· жұмыс ауысымы басталғаннан кейін 4-5 сағат өтпей тұрып түскі үзіліс жасайтын орын мен оның уақытын анықтау;

· маршрутпен бағыттас басқа көлік түрлерінің жүріс кестелерін қарастыру.

Кестені құрастырушы мамандар қалаішілік маршруттағы автобустардың қозғалыс кестесін құрастыру бойынша әдістемелік ұсыныстарды негізге алып, кестені құрастырудың әр түрлі әдістерін қолданады.

Жұмыс тәжірибесінде қалаішілік маршруттарда қозғалыс кестесін құрастырудың келесі әдістері таралған:

· Сызбалық әдіс;

· Кестелік әдіс;

· Трафареттік әдіс;

· Автоматты есептеу әдісі.

Сызбалық әдіс (қосымша 1) көбінесе кішкентай қалаларда және жылжымалы құрам бірліктерінің саны аз болғанда қолданылады. Сызба түріндегі тәсіл қолдануға қарапайым болғанмен автобустардың саны көп болған кезде әр қайсысының жұмысын бақылауға қиындықтар туғызады.

Кестелік әдіс (қосымша 2) негізгі тәсіл болып табылады және ол іс жүзінде кең қолданылады. Онда әрбір айналымның басталу және аяқталу уақыттары, түскі үзіліс уақытары сандармен көрсетіледі. Кестелік әдістің кемшілігі жылжымалы құрам бірліктерінің жүріс аралықтарын дұрыс есептеуде қиыншылықтар туғызады. Бұл әдісті қолдану кестені құрастырушыдан жұмыс тәжірибесін талап етеді.

Трафареттік әдісті (қосымша 3) кестелік әдістің орнына қолданады. Кестені айналымның минуттық торларында сызба түрінде құрайды. Минуттық торларды полиграфиялық құралдар арқылы немесе компьютерде арнайы бағдарламалар бойынша жасайды.

Автоматты есептеу әдісінде қозғалыс кестесін арнайы жасалған компьютерлік автоматты есептегіш бағдарламаларда жасайды. Оның басты кемшілігі әрбір маршрутқа жекелей және әртүрлі уақыт аралықтарына сәйкес жүріс кестесін оңтайлы етіп жасау қосымша бағдаламалық өңдеу жұмыстарын талап етеді.

Жолаушы тасымалдаушы автобус көлігінде қолданылатын жүріс кестелерінің түрлері:

· Жұмыстық жүріс кестесі - әрбір жүргізушіге желіге шығар алдында беріледі, онда айналымға шығу және соңғы аялдамаға келу уақыттары, айналым саны, түскі үзіліс орны мен уақыты, маршрутта жұмыс істеу уақыты, пайдалану жылдамдығы, аялдамалардың атауы, жүріс аралығы т.б. мәліметтер көрсетіледі.

· Станциялық жүріс кестесі – соңғы аялдамалар мен аралық бақылау бекетерінің диспетчерлері үшін қозғалыстың кестеге сәйкес үзіліссіз орындалуын қадағалап отыруға арналып жасалады.

· Ақпараттық жүріс кестесі – маршруттың соңғы және аралық аялдамаларына, автовокзалдар мен автостанцияларға жолаушылардың хабардар болуы үшін ілінеді.

· Шұғыл жүріс кестесі – ауа-райының өзгерісі кезінде (көк тайғақ, қар басу, туман т.б.) шұғыл түрде ЭЕМ көмегімен құрастырылатын уақытша кесте.

Жүріс кестесі көктемгі - жазғы және күзгі - қысқы маусымдар үшін және күнделікті, сенбі, жексенбі күндеріне сонымен қатар мерекелік күндерде әрбір маршрут үшін жеке құрастырылады.

Қосымша 1

-

 

 


 

 

 

Қосымша 2

№ 43 автобус маршрутының жүріс кестесі «14 ықшым аудан – 30 ықшам аудан»

Автобустардың саны – 36; Толық айналым уақыты – 170 мин; Пайдалану жылдамдығы – 20,5 км Жүріс аралығы – 4-5 мин; Маршруттың ұзындығы – 29,0 км;  

 

 

  № Бастапқы және соңғы аялдама   Рейс   Рейс   Рейс   Рейс   Рейс   Рейс   Рейс   Рейс   Рейс   Рейс   Рейс Толық рейс саны Толық жұмыс уақыт
  14 ықшым аудан 6-30   9-20   12-10 12-48   15-38   18-28       12-45
30 ықшам аудан   7-55   10-45     14-13   17-03   19-53
 
  14 ықшым аудан 6-40   9-30   12-20 12-58   15-48   18-38       12-45
30 ықшам аудан   8-05   10-55     14-23   17-13   20-03
------------------***--------------------***-----------------------***----------------***---------------
  14 ықшым аудан 9-11   12-01     15-29   18-19   21-09       11-20
30 ықшам аудан   10-36   13-26 14-04   16-54   19-44    
 
  14 ықшым аудан 9-15   12-05   14-55 15-33     21-03       11-20
30 ықшам аудан   10-40   13-30     16-58   19-48    

Ескертулер: 1. Жоғары сиымдылықтағы автобустар қолданылады;

2. Жүргізушілердің жұмысы мен демалыс тәртібі ҚР Еңбек кодексіне сәйкес ұйымдастырылған;

Аялдамалар:

1. 14 ықшам аудан; 2. 13 ықшамаудан; 3. Кольцевая; 4. Кітапхана; 5. «Горняк» дүкені; 6. «Қарлығаш» кафесі; 7. Спартак К/Т (Колос); 8. Майқұдық мәд.үйі; 9. 11 квартал; 10. 19 ықшамаудан;   11. «Балақажы» мешіті; 12. Восток 1-2; 13. Восток 3; 14. Восток 5; 15. Көгілдір тоғандар; 16. ХМК; 17. Дача; 18. Мередиан; 19. Терешкова көшесі; 20. 32 квартал; 21. 19 квартал; 22. ҚарМТУ; 23. Поликлиника; 24. Ерубаева көшесі; 25. ДКГ; 26. ЦУМ; 27. 45 квартал; 28. Шығыс (Гипермаркет); 29. Базар; 30. 16 дүкен (сұраныспен); 31. Луговая көшесі (сұраныспен); 32. Волочаевский (сұраныспен); 33. Орбита ықшамауданы; 34. Поликлиника; 35. «Сары-Арқа» ЦД; 36. Рысқұлов көшесі (30 ықшам аудан).  

Қосымша 3


А Б А Б А Б А Б А Б А Б
05.00 05.28 05.56 06.24 06.52 07.21 07.51 08.21 08.51 09.20 09.49 10.18
.01 .29 .57 .25 .53 .22 .52 .22 .52 .21 .50. .19
.02 .30 .58 .26 .54 .23 .53 .23 .53 .22 .51 .20
.03 .31 .59 .27 .55 .24 .54 .24 .54 .23 .52
.04 .32 06.00 .28 ---.56--- ---.25--- ---.55+1 .25 .55 .24 .53 .22
(I) .05 ---.33--- ---.01--- ---.29-1-- .57 .26 .56 ---.26--- ---.56--- ---.25--- .54 үзіліс .23
.06 .34 .02 .30 .58 .27 .57 .27 .57 .26 .55 .24
.07 .35 .03 .31 .59 .28 .58 .28 .58 .27 .56 .25
.08 .36 .04 .32 07.00 .29 .59 .29 .59 .28 .57 .26
.09 (IV) .37 ---.05--- ---.33--- ---.01+1-- .30 08.00 .30 09.00 .29 .58 .27
.10 .38 .06 .34 .02 ---.31--- ---.01--- ---.31--- ---.01--- ---.30--- .59 үзіліс .28
.11 .39 .07 .35 .03 .32 .02 .32 .02 .31 10.00 .29
.12 .40 .08 .36 .04 .33 .03 .33 .03 .32 .01 .30
.13 .41 .09 .37 .05 .34 .04 .34 .04 .33 .02 .31
.14 .42 .10 .38 .06 .35 .05 .35 .05 .34 .03 .32
(II) 05.15 ---.43--- ---.11--- ---.39--- --.07+1-- .36 .06 .36 .06 .35 .04 .33
.16 .44 .12 .40 .08 ---.37--- ---.07---- ----.37+2 ---.07---- .36 .05 .34
.17 .45 .13 .41 .09 .38 .08 .38 .08 ---.37--- .06 .35
.18 .46 .14 .42 .10 .39 .09 .39 ----.09---- ----.38---- ---.07---- ----.36----
.19 .47 .15 .43 .11 .40 .10 .40 .10 .39 .08 ---.37---
.20 .48 .16 .44 .12 .41 .11 .41 .11 .40 .09 .38
.21 .49 .17 .45 .13 .42 .12 .42 .12 .41 .10 ---.39---
.22 .50 .18 .46 .14 .43 .13 .43 .13 .42 .11 .40
.23 .51 .19 .47 .15 .44 .14 .44 .14 .43 .12 .41
.24 .52 .20 .48 .16 .45 .15 .45 .15 .44 .13 .42
.25 .53 .21 .49 .17 .46 .16 .46 .16 .45 .14 .43
(III) .26 .54 ----.22---- ----.50+1 .18 .47 .17 .47 .17 .46 ---.15--- ---.44---
.27 .55 .23 .51 --.19+1--- .48 .18 ----.48---- ----.18---- ----.47---- ----.16---- ----.45----
.28 .56 .24 .52 .20 ----.49---- --.19-1--- .49 .19 .48 .17 .46








Дата добавления: 2016-06-24; просмотров: 3918;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.013 сек.