Тақырып 32. Маршрут бойынша қажетті автобус санын анықтау

Қолданыстағы жол маршруттарындағы жолаушы ағыны өзгергенде және жаңадан автобус маршруты ашылған кезде, сонымен қатар болашақта өсуі мүмкін жолаушы көлемін тасымалдаумен жеткілікті қамтамасыз ету үшін қажетті аутобустардың санын алдын ала есептеп алу керек.

Қолданыстағы маршруттар үшін қажетті автобустардың саны қарқынды қозғалыс уақытарында ең жоғарғы шекті деңгейде жүктелген жол бөліктеріндегі жолаушы санына сәйкес есептелінуі және автобустардың сыйымдылығының толық пайдаланылуы ескерілуі керек.

Осындай нақтылы зерттеп-талдау жұмыстарының негізінде алынған қажетті аутобустардың саны маршруттың барлық жол аралықтарында және маршрут уақыттарындағы жолаушы ағынының ауытқуын қамтамасыз етуге жеткілікті болуына сенімді болады.

Ең бірінші жобамен бір сағатқа қажетті автобус санын ( жүріс жиілігін) есептейміз.

, авт.

Мұндағы Qmах - қарқынды қозғалыс уақытында неғұрлым жолаушы саны көп

жоларалығындағы жолаушы ағыны, адам;

qн - автобустың толық номиналды сыйымдылығы, адам.

 

Автобус маршрутының толық бір айналым уақытының негізінде белгіленген жол аралығының маршрутына сәйкес қажетті автобустардың саны келесі формуламен анықталады:

, авт.

мұндағы Тоб- автобусытң толық бір айналымына жұмсалатын уақыт, сағат.

 

Кейбір маршруттарда автобустардағы жолаушы саны шамадан тыс көп болып кетпеуі үшін, жолаушылардың бір сағат аралығындағы өсуі мен кемуін ескере отырып уақыт аралықтарындағы қажетті автобустардың санын анықтау қажеттіліктері туындайды. Ол келесі формуламен анықталады.

, авт.

Мұндағы Qmах.j - уақыт арлығындағы жоғарғы шекті жолаушы саны;

Тоб.j - қарастырылатын айналым уақыты, 1сағат;

tj- бір сағат уақытта қарастырылған шамалары, сағат.

 

Мысалы: Қарқынды қозғалыс уақытындағы жоғарғы шекті жолаушы саны 700-800 сағат аралығында 300 адамға тең болады. Соның ішінде 700-730 да 180 адам және 730-800 аралығында 120 адам тасымалданады. Автобустың сыйымдылығы qн=60 адам.

Жолаушы ағыны көп уақыт арлығы бойынша қажетті автобус саны тең болады.

авт.

Ал осы бір сағатқа жалпы есептесек

авт.

Яғни, 700-730 аралығында жолаушы саны шамадан тыс көп болмауы үшін автобустардың жиілігін қысқартып, қосымша бір автобус шығару керек.

Жолаушы ағынының шамасы белгісіз жол бағытына жаңа маршрут ашарда қажетті автобустардың саны алғашқы кезде жобамен есептеледі. Ол толық бір айналымға кететін болжамдық уақыт шығынының қабылдаған жүріс аралығына қатынасы арқылы анықталады.

, авт.

Алайда маршрут бойынша нақтылы жолаушы ағыны мен айналым уақытының шығындары анықталған соң қажетті автобус саны жоғарғыдағы формуламен есептелінеді.

Белгілі тасымал көлеміне сәйкес қажетті автобус саны келесі формуламен анықталады.

, авт.

 

мұндағы Qсут- белгілі бір уақыт кезеңіндегі жолаушы ағыны, жолаушы;

UQ - белгілі бір уақыт кезеңіндегі автобустың өнімділігі

(тасымалдау қабілеттілігі), жолаушы.








Дата добавления: 2016-06-24; просмотров: 2109;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.