Тақырып 35. Маршрутты көлік қозғалысының жылдамдығын реттеу
Автобустың айналым (рейс) уақыты дұрыс анықталса, жолаушылардың жол жүру уақытының шығындары да аз болады. Керсінше ешқандай негізсіз белгіленген айналым уақыты кесте бойынша жолаушы тасымалын жүйелі ұйымдастыруға көп кедергі келтіреді. Егер бір айналымға берілген уақыт нақты жүріс уақытынан көп болса, жүріс жылдамдығының төмен болуына, соңғы және аралық аялдамаларда автобстың бос тұруына жол ашады. Ал бір айналымға берілген уақыт шамасы жеткіліксіз болса, жүргізушілер дәл уақытында жету үшін асығып жол қауіпсіздігін және жолаушыларды мінгізіп - түсіру ережелерін бұзуы мүмкін.
Автокөлік мекемесінің жұмысының эконамикалық көрсеткіштері жылдамдықтың бекітілген шамаларына тәуелді болады.
Айналым уақыты: жүріс уақытынан, автобустардың жолаушыларды мінгізіп - түсіру үшін аялдамаларда тұру уақытынан және көше қозғалысының кедергілері себебінен автобустардың бос тұру уақыттарынан тұрады.
Аялдамалар аралығында жүріс уақыты көшелердің, жолдардың талапқа сай болуына, қаланың бас жоспарына, автобустың құрылымдық және динамикалық сапасына, көлік қозғалысының қарқындылығына және оны реттеудің оңтайлы жүйесіне, автобустардың жүктелу шамасына, жүргізушінің шеберлігіне тәуелді болады.
Автобустың нақтылы жүріс уақыты жалпы айналымға берілген уақыттың 80-85% құрайды. Сондықтан автобустың жүріс жылдамдылығын дұрыс пайдаланудың маңызы зор.
Қарқынды қозғалыс уақыттарында автобустардың тасымалдау қабілеттілігін арттыру үшін жүрдек және жартылай жүрдек маршруттарды енгізу, соңғы аялдамаларда тұру уақытын қысқарту тәрізді т.б. шараларды енгізу жүріс жылдамдылығын тиімді пайдалануды көздейді.
Автобустың қозғалыс жылдамдығына, маршруттардың түріне тәуелді айналым уақыттары маршруттың жүріс кестесінде толық көрсетіледі.
Маршрутты автобустың бір айналымға кететін уақыты екі түрлі әдіспен анықталады: есептеулер арқылы жүзеге асатын теориялық әдіс және тікелей тізбекті бақылау (хронометражды) әдісі.
Теориялық әдіс маршруттың ұзындығына және аялдамаларда аялдау уақытарының шамаларының негізінде жүріс уақытын дәл анықтайды. Алайда жолдағы кездейсоқ бөгелістер мен жолаушы ағынының сағаттық ауытқуларын толық ескермейтіндіктен есептеу мәліметтері көп жағдайда дәл келе бермейді.
Тізбекті бақылау әдісінде жекелеген аялдамалар мен бақылау бекеттерінде орналасқан бақылау қондырғылары автобустың келу уақытын жүріс жылдамдылығын тіркеп отырады. Мұндай қондырғыларды барлық маршруттар бойынша орналастыру көп шығынды талап ететіндіктен әрі ол мәліметтерді барлық автобустар мен олардың жүргізушілеріне бірдей қолдануға болмайтындықтан бұл ең ұтымды әдіс болып саналмайды.
Жүріс жылдамдығын дәл белгілеу үшін ішінде автоматтандырылған бақылау қондырғылары орналасқан арнайы автобустар шығарылады. Ол автобуста орналасқан бақылау қондырғылары қозғалыстың орташа жылдамдығын, жолдың еңіс-дөңестігін, айналу бұрышын, жолдың ұзындығын тіркеп көрсетіп отырады. Мұндай зертханалық автобустар маршрут жолы мен жүре отырып, нақтылы жүріс жылдамдықтарын анықтауға септігін тигізеді.
Автокөлікте жүріс жылдамдықтарының бірнеше түрі бар:
1) Жоғарғы шекті жылдамдық - тегіс жолда автобустың техникалық мүмкіншілігінен асатын жылдамдық.
2) Мүмкін болатын жылдамдық жолдың жағдайына және қозғалыс қауіпісіздігінің нормаларына сәйкес жылдамдық.
3)Техникалық жылдамдық - маршруттың ұзындығының жолдағы кездей соқ бөгелістерді қосып есептегендегі жүріс уақытына қатынасымен анықталады.
, км/сағ.
Мұндағы, - автобустың жолдағы жүріс уақыты, мин;
4) Жол қатынас жылдамдығы - маршруттың ұзындығын аралық аялдамаларда жолаушыларды мінгізіп- түсіруге кеткен уақыттар мен жол жүрісінің уақытының қосындысына бөлу арқылы анықтаймыз.
, км/сағ
Мұндағы, - жартылай айналым уақыты, мин.
tк-о - автобустың соңғы аялдамада аялдау уақыты, мин.
5) Пайдалану жылдамдығы – маршруттың ұзындығының жарты айналым уақытына қатынасымен анықталады.
, км/сағ.
Мұндағы, - жартылай айналым уақыты, мин.
мин
Мұндағы, - автобустың жолдағы жүріс уақыты, мин;
- автобустың аралық аялдамаларда тұру уақыттары, мин;
tк-о - автобустың соңғы аялдамада аялдау уақыты, мин.
Дата добавления: 2016-06-24; просмотров: 2151;