Тақырып 34. Автобус маршруттарын топтастыру
Автомобиль жоғарғы қауіптіліктің объектісі болып табылатындықтан, активті және пассивті қауіпсіздік көзқарасы тұрғысынан көліктің конструкциясы ұдайы жетілдіріліп отырады.
Автокөлік құралдарының активті қауіпсіздігі автомобильді пайдалану кезінде жол-көлік оқиғаларының ықтималдығын азайтатын өзіндік ерекшеліктер кешенімен сипатталады. Осы ерекшеліктер автомобильдің конструкциясына қаланған (сондықтан кейде «конструкциялық қауіпсіздік» термині қолданылады) және олар ұдайы қозғалыс үстінде көрінеді. Оған көліктің басқарылуы, динамикасы, тежегіш ерекшеліктері, орнықтылығы, икемділігі, шолу мүмкіндігі, сигнализациясы, жарық жабдықтары, жүргізушінің жұмыс орнының эргономикасы және т.б. жатады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, рыноктың табиғи реттеуіштері тасымалдау процесін жүзеге асыру кезінде авария (жол апаты) деңгейін азайту мен қоршаған отраны қорғауда азаматтардың денсаулықтары мен өмірлерін қорғау сияқты аса маңызды қоғамдық проблемаларды оңтайлы шешуді қамтамасыз етпейді. Сондықтан тұжырымдамада мынадай реттеуші міндеттер бекітілді:
· көліктегі сертификация мен лицензиялаудың ұлттық жүйелерін жетілдіру, соның ішінде жанар-жағар май, майлау материалдары мен арнайы сұйықтар да кіреді;
· техникалық пайдалану ережелерін, техникалық қызмет көрсету, жөндеу және көлік техникасын тексеру тәртібін жетілдіру;
· көлік құралдарын техникалық пайдалану ережелеріне қойылатын нормативтік талаптар мен тасымалдау кезіндегі техникалық және экологиялық қауіпсіздік ьалаптарының орындалуын бақылау;
· көлік техникасының техникалық жай-күйі диагностикасының қазіргі заманғы құралдарын енгізумен қамтамасыз ету;
· тасымалдар қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғаудың қажетті деңгейінқамтамасыз ететін көлік техникасын сатып алуды ынталандыратын экономикалық механизмдерді әзірлеу және іске қосу;
· көлік жобаларының сараптамасы, ККК кәсіпорындары қызметінің экологиялық мониторингін, ең алдымен экологиялық осал аймақтарда ұйымдастыру;
· көлік маршруттарының жай-күйлерін тексеру, пассивті қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар қабылдау.
ККК сәйкесімді және үйлесімді дамуын, оның жеке секторларындағы басқарушылықты арттыруды, сондай-ақ саланың дамуына қаржы және материалдық ресурстардыоңтайлы бөлуді, салалық бағыттағы қазіргі заманғы жоғары тиімділікті ақпараттық жүйелерсіз қамтамасыз ету мүмкін емес болып көрінеді.
Автобус маршруттары бастапқы бекеттен бекетке дейін белгіленген жолмен, бекітілген уақытта тасымалды қамтамасыз етеді.
Автобус маршруттары жол аралықтарына және қолданыс аумағына сәйкес аудандық, қалалық, қаламаңдық, қалааралық және халықаралық деп бөлінеді. Қолдану уақыттары мен мезгілдері бойынша тұрақты жыл бойына жүретін және уақытша, яғни маусымдық немесе бір реттік деп бөлінеді.
Қалала көшелерінде жүріс жолдарының орналасуы бойынша диаметральді (орталық түзу), радиальды (доға пішінді), тангенциалды, айналмалы, жарты айналмалы және құрамалы (комбинированный) деп бөлінеді. Сонымен қатар, орналасуы бойынша орталық ( қаланың орталық бөлігі не қызмет көрсететін) және аралас (периферийные), ал тағайындалуы бойынша негізгі және қосалқы (басқа көлік түріне дейін жеткізуші) маршрут деп жіктеледі.
Қалаішілік автобус маршруттары жүріс сипатына және пайдалану шартына сәйкес кәдімгі және қысқартылған, жылдамдатылған және жүрдек деп бөлінеді.
Кәдімгі маршрутта автобустар жоларалығындағы тұрақты аялдамалардың барлығында тоқтайды.
Қысқартылған маршруттағы автобустар кәдімгі маршруттың қозғалыс қарқыны көп болатын белгілі бір бөлігінде ғана қолданылады. Ол тұрақты және кезеңдік, яғни белгілі бір кезеңде ғана қолданылатын деп бөлінеді.
Жылдамдатылған маршруттағы автобустар алдын-ала белгіленген негізгі аялдамаларға ғана тоқтайды, ал жүрдек автобус аялдамасыз жоғарғы жылдамдықпен жүреді.
Қазіргі қаламызда белгіленген аялдамаларға ғана тоқтайтын, жүрдек автобустар қалаішілік және қаламаңдық тасымалдарда қолданылады.
Автобус маршруттарының тиімді нұсқасын таңдап, енгізіу үшін келесі ұстанымдарды ескеру керек:
1. Автобус маршруттарының соңғы аялдамасы жолаушылар саны көпжиналатын жерлер болуы керек. Мысалы, вокзал, өнеркәсіп мекемесі т.б. Соңғы аялдамаларда автобустардың тұруына, айналып шығуына қажетті алаңдар, тұрақты болуы керек.
2. Жолаушылар көп жиналатын негізгі қалалық бекеттер өзара байланыста болуымен қатар қаланың барлық аудандарын ең қысқа жолмен байланыстырып тұруы керек.
3. Автобус маршруттарының жүйесі жолаушылардың жүріс бағыттарына сәйкес мүмкіншілігінше автобус ауыстырмай жүруін қамтамасыз етуі керек.
4. Автобус маршруттары жол төсемдері ( сапасы, ені) мен жол бойының техникалық жабдықталуы (шартты белгілер, бағдаршамдар, жазбаша сілтемелер, аялдама т.б.) бекітілген стандарттарға сәйкес келетін қауіпсіздік ережелері толық қамтылған жол бағыттарымен жүруі керек.
5. Жылжымалы құрамдардың техникалық пайдалану сипаттамалары (ұзындығы, ені, рулі, тарту күші жылдамдығы т.б.) қолданыстағы жолдардың ені мен жол төсемінің еңіс-дөңестігіне және айнымалы, бұрылысты жолдардың өткізу мүмкіншіліктеріне сәйкес келуі керек.
6. Қалалық автобус маршруттары жолаушы тасымалдаушы басқа қалаішілік көлік түрлерінің ( трамвай, троллейбус, метро) маршруттарымен қатар теміржол, әуе, су, көліктерінің қатынас жолдары мен аялдау тұрақтарымен және қалалық, халықаралық автобус маршруттарымен тығыз байланыста болуы керек.
7. Аялдамалардың орналасуы мен маршруттың ұзақтығы қажеттілікке және қала құрылысының жоспарына сәйкес жасалынады. Бұл жерде автобустардың жолда бөгелуі ықтималдылықтарының төмен болуы және жол бойындағы автобустардың өзара аралық бөлінісі тең болуы ескерілуі керек.
Кез-келген автобус маршруттыңн ашпастан бұрын пайдалану бөлімі оның негізгі құжаты жеке паспортын жасайды. Ол паспортта жол бағытының схемасы техникалық сипаттамаларымен толық көрсетіледі. Жолдың жобалық схемасы мен аялдамалардың орналасуы, өзара арақашықтығы және жол бойындағы шартты қауіпсіздік белгілер мен қозғалысты реттеуші техникалық жабдықтары, жолдың еңіс-дөңестігі (профилі), жол төсемдерінің жағдайы, көше қиылыстарының саны және түрлері сонымен қатар басқа көлік жолдарымен қиылысуы, көпір және жер асты жолдары, жол өткелдері және де қауіптілігі жоғарғы нүктелі т.б. беріледі.
Дата добавления: 2016-06-24; просмотров: 2586;