Автобус жүргізушісінің міндеттері.

Желіге шығар алдындағы міндеттері:

1. Автокөлік мекемесіне үтіктелген таза арнайы жұмыс киімімен өз уақытында келу және келгендігін диспетчерге мәлімдеу.

2. Жұмысқа шығар алдында арнайы дәрігерлік бөлімнен денсаулық жағдайы туралы тексерістен өту және маршрутта жұмыс істеуге рұқсат алу.

3. Кезекші диспетчерден жол парақшасын алу.

4. Автобустың ішкі сыртқы тазалығын және оның жапсырмаларын, жағармай, май және салқындатқыш сұйықтықтарының құйылуын, дөңгелектер мен айналарды, қозғалыс қауіпсіздігіне ықпал ететін агрегаттар мен приборлардың, жүйелердің ақаусыздығын, сонымен қатар өрт сөндіргіштердің, дәрігерлік қобдишаның, апатты тоқтау белгілерінің бар болуын және де жүргізуші куәлігі, техпаспорт, маршрут куәлігі, автобусты техникалық бақылау парағы мен сақтандыру полиюстері тәрізді құжатттардың бар болуын текеру.

5. Автобусты техникалық бақылау бекетіне тексеруге беру және кезекші механикке жол парақшасын көрсетіп, автобуспен жұмысқа шығуға рұқсат алу.

 

Желіде жұмыс істеу кезіндегі міндеттері:

1. Арнайы жұмыс киімімен отыру және жолаушыларға сыпайы қарым-қатынас жасау.

2. Маршрутта жүргенде жақынға түсетін жарық шамын қосып жүру.

3. Өзіне берілген автобусқа ұқыптылықпен қарау, механизмдерінің бүлінбеуін және отын-жағармай материалдарының, қосалқы бөлшектері мен басқа да пайдалану материалдарының үнемділігін қамтамасыз ету. Жазғы уақытта 5 минуттан артық тоқтап тұрған жағдайда міндетті түрде қозғалтқышты өшіріп қою керек.

4. Маршурт бойынша жүру кезінде «Жол қозғалыс ережесін», жылдамдық шамасын, бекітілген қозғалыс кестесін және де жұмыс уақыты мен демалыс кестесін қатаң сақтау керек.

5. Автокөлік мекемесінің диспетчерлері мен басқа да желілік бақылаушыларының барлық бұйрықтарын орындауы және желілік диспетчерлік бақылау бекеттерінде жол парақшасына белгі қойдыруы керек.

6. Аялдамадан автобустың есігі толық жабылып, айналар арқылы автобустың арты мен ішін бақылау арқылы қозғалыстың қауіпсіздігіне көзі жеткен соң ғана орнынан қозғалуы керек.

7. Ауа-райының күрделі жағдайларында (боран, туман, тайғанақтық т.б.) қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етудің барлық шараларын орындау. Бұндай жағдайларда автобус жүргізушісі бектілген жүріс кестесін ұстанбай-ақ төменгі жылдамдықпен жүруіне, ал кейбір сирек жағдайларда автоколонна бастығына және диспетчерлерге ескерте отырып жүрісті тоқтатуына болады.

8. Жылдамдығы 60 км/сағ. және одан көп көлікті басып озуға тыйым салынады.

9. Көліктердің қозғалысы қарқынды жерлерде, жол өткелдерінде, тік өрлер мен тік еңкейістерде, бұрылыстарда, көпірлерде және басқа да көрінгіштікті төмендететін, көлікті басқаруды қиындататын жағдайларда ерекше қырағылық таныту.

10. Теміржол өткеліне жақындаған кезде жол бөгегіштердің (шлагбаум) және белгі бергіштің (сигнализация) қандай қалыпта тұрғанына қарамастан жақындап келе жатқан пойыздың жоқтығына көз жеткізіп барып қана өткелден өту керек.

11. Балаларды тасымалдаған кезде келесі талаптар орындалуы керек:

· автобустың алдыңғы немесе артқы терезесіне «Балалар» деген

анықтамалық белгіні орнату керек;

· тәуліктің барлық уақытында жақынға түсетін жарық шамды қосу керек;

· жолда тек қана арнайы алаңдарда тоқтау керек, ал ондай алаңдар болмаса автобусты жол төсемінің шетіне балалар жолдың жүріс бөлігіне аңдаусызда шығып кетпейтіндей етіп шығарып барып тоқтау керек.

12. Жол үстінде автобустың істен шығуы кезінде жолдың жүріс бөлігінен шығып, автобусты апатты тоқтау белгісімен қоршап, ақаулықты қалпына келтіруі керек. Тоқтап тұруының себебі мен уақытын жол парақшасының арнайы бағаналарына белгілеу керек.

13. Ақаулықты қалпына келтіру мүмкін болмаған жағдайда бекітілген тәртіпке сәйкес техникалық көмек шақыру және жолаушыларды жол бағытындағы келесі автобусқа ауыстырып мінгізу шараларын орындауы керек.

14. Жол-көлік оқиғалары мен қайғылы жағдайларда бірден тоқтап, зардап шегушіге алғашқы дәрігерлік көмек көрсету керек, ал көмек көрсету мүмкін болмаған жағдайда оны жақын маңдағы емдеу мекемесіне жеткізуі және оқиға орнына қайтып оралуы керек, сонымен қатар жол полициясы мен автокөлік мекемесіне болған оқиғаны тез арада хабарлауы керек.

15. Бұзылған автобус жүргізушісінің талабы бойынша жол сапары бағыттас жолаушыларды өз автобусына сол билеттерімен отырғызу керек. Жолаушыларға таратылған билет орамасының нөмерлерін өзінің билеттік-есеп парағына жазуы керек.

16. Тамақтану немесе басқа да себертермен автобустың тоқтап тұруы кезінде автобустың өздігінен қозғалып кетуі мен оның ұрлануын болдырмау үшін қажетті қауірсіздік шараларын ескеру керек.

17. Автобус аялдамаға келген кезде егер кондуктор жоқ болса аялдаманың аталуын және келесі аялдаманың атауын хабарлауы керек.

18. Әрбір айналымнан соң маршруттың соңғы аялдамасында билеттік-есеп парағына билет орамасындағы соңғы билеттің нөмерін жазып отыруы керек.

19. Жол үстінде ауырып немесе өзін басқару қабілеті төмендеген жағдайда автобусты жүргізуді екінші жүргізушіге беру, ал алмастырушы жүргізуші жоқ болса автобусты тоқтату керек. Жүрісті жалғастыру мүмкін болмай қалса жақын маңдағы автокөлік мекемесі арқылы өзінің орнына басқа жүргізушіні шақыру керек.

20. Жолаушыларға қажетті жерге жеткендіктерін хабарлап, жол сапардың сәтті болғандығы үшін рахмет айтып қол жүктерін табыстау керек.

21. Теміржол өткелдерінде көліктің еріксіз тоқтап қалуы кезінде:

· бірден жолаушыларды шығару керек;

· тез арада өткелден көлікті алып шығу шараларын жасау керек;

· егер көлікті жол өткелінен алып шығару мүмкін болмаса, пойызды тоқтату үшін екі адамды жолдың екі жағына жол өткелінен 1000 м қашықтыққа қою керек;

· жалпы ескерту бойынша бір ұзақ және үш қысқа дыбыстық белгі беру керек;

· пойыз келе жатқан жағдайда оған қарсы жүгіріп тоқтау белгісін беру керек (қолмен айналмалы қозғалыс жасау).

22. Қарсы қозғалыстағы автокөліктің (әсіресе тіркемелі көліктердің), жақындауы кезінде, сонымен қатар баяу жүрісті көліктерді басып озу барысында қырағылықты күшейтіп, жақынға түсетін жарық шамын жағып жүруі керек.

23. «Жол қозғалыс ережесі» мен «Автокөлікте жолаушылар мен қол жүгін тасымалдау ережелерін» бұзған барлық жайттарды диспетчерге хабарлауы керек, сонымен бірге жол бойында байқаған барлық кемшіліктерді (жолдардың сапасыздығы, белгілердің дұрыс қойылмауы немесе жоқтығы т.б.) өзінің ескерту журналына жазып отыру және оларды жою бойынша ұсыныстар жасау керек.

24. Автокөлік мекемесіне белгіленген уақытта оралып, автобусты техникалық бақылауға, жууға беріп, сақтауға тапсыру және ақша түсімі мен билеттік есеп парағын өткізіп, келесі жұмыс күніне билеттік-есеп парағы мен билет орамдарын алу.

Автобус жүргізушісіне тыйым салынады:

1. Ауырып немесе шаршап тұрса, масаң күйде болса автобусты жүргізуге.

2. Қозғалысқа қауіпсіздік тудыратын техникалық ақаулығы бар және де мәліметтік жапсырмалары толық емес автобуспен желіге шығуға және жүрісін жалғастыруға тыйым салынады.

3. Жол бөгегішпен жабылып тұрған немесе жол бөгегіштің қандай күйде тұрғанына қарамастан қызыл белгілі шам жанып тұрған теміржол өткелінен өтуге, сонымен қатар бақыланбайтын теміржол өткелінен жақындап келе жатқан пойыздың жоқтығына көзін жеткізбей тоқтаусыз өтуге, өз еркімен жол бөгегішті ашуға немесе оны айналып өтуге, өткел жоқ жерден асып өтуге тыйым салынады.

4. Аялдамаға келгенде тез тоқтай салып, автобус толық тоқтамай есіктерді ашуға, сонымен қатар аялдамадан есіктер жабылмай жатып қозғалуға тыйым салынады.

5. Өз еркімен автобус маршрутының бағытын және жүріс кестесін өзгертуге тыйым салынады.

6. Жол-көлік оқиғасы болған жерден өз еркімен кетіп қалуға тыйым салынады.

7. Кезекті ауысым кезінде автобусты жүргізуді мас күйде, ауырып немесе шаршап тұрған, сонымен қатар диспетчердің жол парақшасында аты-жөні көрсетілмеген жүргізушіге табыстауға тыйым салынады.

8. Бекітілген жүріс кестесі мен «Жол қозғалыс ережесі» арқылы шектелген қозғалыс жылдамдығын арттыруға тыйым салынады.

9. Бұзылған автокөлікті тіркеп жүруге немесе автобустың ішінде жолаушылар бар болса басқа көліктің сүйреп тартуымен жүруге тыйым салынады.

10. Жанармайды қозғалтқыш карбюраторына берудің құрастыру-заводында жасалған қоректендіру жүйесі арқылы беруден басқа барлық тәсілдерге тыйым салынады.

11. Қозғалыс кезінде жолаушыларға билет сатуға, тамақ ішуге, темекі тартуға, жолаушылармен, ұялы телефонмен сөйлесіп көңілін бөлуге тыйым салынады.

12. Автобуста бекітілген шамадан тыс жолаушыларды тасымалдауға тыйым салынады.

13. Билет кассалары бар бекеттерде жолаушыларға билет сатуға тыйым салынады.

14. Автобустың ішінде билеті жоқ немесе сатылған билеттерді тіркеу парағында толтырылып, жазылмаған билеттері бар жолаушылар болған кезде жолға шығуға тыйым салынады.

15. Автобусты өзінің мекен-жайына сақтауға тыйым салынады.

16. Жүргізушілер мен кондукторлардың жұмысын тексеруе келген қызметкерлердің өз міндеттерін атқаруына қарсылық көрсетуге тыйым салынады.

17. Автобустың ішінде немесе кабинасында мәліметтік жапсырмаларға арналған нормативтік актілерде көрсетілмеген ақпараттарды, сонымен бірге әртүрлі суреттерді тағы басқаларды ілуге тыйым салынады.

18. Мас күйдегі, киімі кірленген, рұқсат етілмеген қол жүгі бар жолаушыларды автобусқа кіргізуге, есіктердің алды мен өтетін жерлердің жүктермен жабылып қалуына жол беруге тыйым салынады.

19. Автобустың ішінде және кабинасында қосымша дөңгелек, аккумлятор, жағармай және май алып жүруге тыйым салынады.

20. Автобуспен қыры бар кесіп кететін заттарды, тез бүлінетін, жарылғаш, уландырғыш дүниелер мен жолаушылардың киімін және автобустың ішін ластайтын әртүрлі заттарды, сыртында қаптамасы жоқ қару-жарақты, жануарлар мен құстарды тасымалдауға тыйым салынады (тұмылдырығы бар иттер мен арнайы торларға, себеттерге салынған құстарды тасымалдауға болады).

 

Жүргізушінің заңды құқықтары:

1. Автокөлік мекемесінің өз жұмыстарына сәйкес жауапты қызметкерлерінен қолданыстағы нормативті акті бойынша автобустың тазалығы, техникалық қызмет көрсету және қажетті жөндеу жұмыстары, сонымен қатар автобустың керекті құрал-саймандармен, дәрігерлік қобдишамен, өрт сөндіргіштермен, мәліметтік және басқа да материалдармен және құрылғылармен жабдықталуын талап етуге құқылы.

2. Жолаушылардан автобусты пайдалану ережесін сақтауды талап етуге, оларда жолақы билеттері мен қол жүгіне арналған билеттердің бар жоғын тексеруге, бекітілген тасымалдау ережесін бұзған жолаушыларды автобустан шығарып жіберуге және қажет болса оларды бекітілген тәртіпке сәйкес жауапкершілікке тарту үшін полиция органдарына тапсыруға құқылы.

3. Кезектен тыс немесе арнайы құқығы жоқ адамның алдыңғы есік арқылы кіруіне жол бермеуге құқылы.

4. Жол үстінде автобусы сынып қалса, сол бағытта кетіп бара жатқан келесі автобусты тоқтатып жолаушыларын алып кетуді талап етуге құқылы.

 

 








Дата добавления: 2016-06-24; просмотров: 4209;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.016 сек.