Тақырып 13. Автокөлік мекемесі пайдалану бөлімінің диспетчерінің қызметтік нұсқаулығы

Автокөлік мекемесінің бас диспетчері барлық автоколонна бөлімшелерінің аға диспетчерлері мен кезекші диспетчерлеріне жетекшілік жасап отырады. Кезекші диспетчер қоғамдық көліктердің қозғалысын тікелей ұйымдастырып бақылап отырушы қызметкер.

Диспетчердің қызметтік міндеттері:

1. Тәуліктік ауысымға сәйкес көлік үрдісінің жұмыс барысын шұғыл реттеуді жүзеге асырады және жұмыстың бірқалыпты жүзеге асуын қамтамасыз етеді. Жол парақшасын толтырып, дайындайды және диспетчерлік журнал жүргізеді.

2. Жүргізушіге жол парақшасын тек қана алдыңғысын тапсырып (немесе пайдалану бөлімінің бастығының рұқсатымен), автокөлікті басқару куәлігін көрсеткен соң ғана береді. Уақытша куәліктерді тіркеу журналын жүргізеді. Онда уақытша куәліктің қашан, қанша уақытқа берілгендігі және қандай қателігі үшін берілгендігі көрсетіледі.

3. Жол парақшасында жүргізушінің қозғалыс ережесін бұзғандығы туралы жазба болса, ол мәліметтер ереже бұзуды тіркеу журналына енгізіледі және жаңа жол парақшасы тек пайдалану бөлімінің бастығының немесе жол қозғалысы қауіпсіздігінің инженерінің рұқсатымен ғана беріледі.

4. Тұман, шаңды боран, қар басу, жолдардың тайғанақ болуы кезінде жүргізушілерге байқап жүру мен қырағы болудың қажеттілігі туралы ескертеді және нұсқаулық жүргізеді және ол ескертпелердің жасалғандығы жол парақшасында таңба мен қол қою арқылы көрсетіледі.

5. Жұмысқа шығушыларды бұйрықты тапсырмамен салыстырады және ауысым уақытында желіде болған барлық өзгерістерді орталық диспетчерлік станцияға хабарлап отырады. Жұмысқа шыққан автокөліктерді тіркеу журналын жүргізеді. Онда 800 және 1700 –де жұмысқа шыққан көліктер тіркеледі сонымен қатар тәулік ішінде қандай автобус желіден шығып қалғандығы және ондағы техникалық ақаулықтың себептері көрсетіледі.

6. Автоколонна бастығынан желіге шығарылатын жылжымалы құрамдардың өзгертілгендігі жөнінде мәліметтерді қабылдап қажетті түзетулер енгізеді. Автоколонна бастығы жоқ болса бұл сұрақтарды өзі шешеді. Көліктің жұмысқа жарамсыздығы мен оны ауыстырушы көліктің таңғы 500-де жұмысқа шығуға техникалық тұрғыдан дайындығы жөнінде журнал толтырады.

7. Жол парақшасының дұрыс толтырылуын, яғни көлік тұрағынан шығу және қайтып келу белгілерінің, жол үстінде болу уақытының және жылдамдық өлшегіш (спидометр) көрсеткіштерінің уақытында дұрыс қойылуын қадағалайды, сонымен қатар дәрігер мен кезекші механиктің және жүргізушінің барлық қажетті белгілеулерінің бар болуын тексереді.

8. Автокөліктің жұмыста болу уақытын тексереді. Жылдамдық өлшегіш бойынша жүрген жолмен нақтылы мәліметтерді салыстырып ауытқу болған жағдайда қосымша тексеру жүргізеді және жол парақшасы бойынша жанармай шығыны, ақша түсімі, жылдамдық өлшегіш көрсеткіші туралы мәліметтердің бір-біріне сәйкестілігіне жауап береді.

9. Техникалық ақаулығы бар көліктерге арналған жөндеу парақшасын таңғы сағат 800-ге дейін таратады және берілген жөндеу парақшаларын тіркеу журналына тіркейді.

10. Келісімшартпен жұмыс істейтін жүргізушілердің жоспар бойынша жетпей қалған ақша түсімінің қарыздарын тіркеу журналына жазып отырады және оның техникалық ақаулықтарға немесе басқа да себептерге байланыстылығы көрсетіледі.

11. Диспетчер тікелей бас диспетчерге және пайдалану бөлімінің бастығына бағынады.

 








Дата добавления: 2016-06-24; просмотров: 2745;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.