Сапалық көрсеткіштер.
Автобус жұмысының сапалық көрсеткіштері дегеніміз жобалап қайта құру мен өзгертулер енгізу арқылы жолаушыларды тасымалдау үрдісін жақсартуға мүмкіндік беретін шамалық көрсеткіштер.
Сапалық көрсеткіштерге жылжымалы құраманың техикалық дайындық коэффициенті, желіге шығару коэффициенті, жылжымалы құраманың толық жұмыста болу уақыты, айналым саны, бір айналым уақыты, жүрісті пайдалану коэффициенті, сыйымдылықты пайдалану коэффициенті, жүріс жылдамдықтарының түрлері жатады.
Техникалық дайындық коэффициенті (αТ) – желіде жұмыс істеу үшін автобус паркіндегі жылжымалы құрамалардың техникалық тұрғыдан жарамдылығы мен дайындық деңгейін сипаттайтын шама.
немесе
мұндағы АТ – техникалық тұрғыдан жарамды автобустардың саны;
АСП –паркте тізімде тұрған автобустардың жалпы саны;
АДи– көліктердің жұмысқа жарамды күйдегі күндері, автокөлік–күн;
АДа– көліктердің автокөлік кәсіпорнында тұрған жалпы уақыты,
автокөлік–күн;
АДр– автокөліктің әртүрлі жөндеу жұмыстары мен техникалық
қызметте тұрған күндері, автокөлік–күн.
Автобус паркінің техникалық дайындық коэффициенті мекеменің техникалық қызметінің жұмыс деңгейін сипаттайтын негізгі көрсеткіш және ол көлікті пайдалану жиілігіне, қосалқы бөлшектерінің бар болуына, автокөлік кәсіпорнының материалдық-техникалық қорына, техникалық қызмет көрсетуші маман жұмысшылар мен инженерлердің біліктілік деңгейіне тәуелді болып келеді.
Желіге шығару коэффициенті (αВ) – жылжымалы құраманы желіде пайдалану деңгейін сипаттайтын коэффициент. Ол жолдың сапасы мен қозғалыс көрсеткіштеріне, көліктің техникалық жағдайына, жүргізушінің біліктілігіне, тасымалды шұғыл ұйымдастырып басқара білуге тәуелді болып келеді.
немесе
мұндағы Аэ – желіде пайдаланылған автобустардың саны;
– жарамды күйдегі автобустардың бос тұрған уақыттары (жүргізушілер мен кондукторлардың болмауы, жолдың жабылып қалуы, жолдағы әртүрлі кедергілер т.б.).
Желіге шығару коэффициенті жылжымалы құрама жүріске жарамды күйде болса да бос тұру уақыттарының есепке алынуына байланысты автобус паркінің техникалық дайындық коэффициентінен айырмашылықта болады, яғни:
αТ ≥αВ
Жылжымалы құраманы желіге шығару коэффициентінің төмен болуының негізгі маңызды себептерінің бірі жүргізушілердің жұмыста болмай қалуы. Сондықтан, жүргізушілердің жұмысын ұйымдастырудың топтық әдісін пайдалана отырып, қосалқы жүргізушілер құрамын жасақтау арқылы бос тұрып қалған автобустардың тоқтаусыз жұмыс істеуін шұғыл ұйымдастыра білу керек.
Автобустың толық жұмыс уақыты (время в наряде) үзіліс уақытын есепке алмағандағы автобустың АКК-дан шығып қайтып оралғанға дейінгі уақыт аралығы.
Тн = t возв – t выезд – t пер, сағат
Тн = Тм + t н = Тм +∑l н / V Т, сағат
мұндағы t возв – жылжымалы құраманың тұраққа оралған уақыты;
t выезд – жылжымалы құраманың тұрақтан шыққан уақыты;
t пер – жүргізушінің үзіліс уақыты;
Тм – жылжымалы құраманың маршруттағы жұмыс уақыты;
t н– нөлдік жүріске кеткен уақыт шамасы;
∑l н – жылжымалы құраманың нөлдік жүрістерінің қосындысы;
V Т – жылжымалы құраманың техникалық жылдамдығы.
Нөлдік жүріс дегеніміз жылжымалы құраманың автотұрақтан шығып бастапқы аялдамаға дейінгі және жұмыс ортасында ауысым бойынша жүргізушілерді ауыстыратын жерге дейінгі жол аралықтары мен жұмыс соңында автотұраққа қайтып оралғанға дейінгі жол аралықтарындағы бос күйіндегі жүріс жолы.
Айналым (рейс) уақыты деп автобустың бастапқы аялдамадан шығып соңғы аялдамаға жеткенге дейінгі уақыт аралығын айтамыз. Ол төмендегі теңдікпен анықталады:
t р
БА СА
n пр1 n пр 2 n пр 3 n пр 4 n пр 5
, сағат (мин)
мұндағы - автобустың жолдағы таза жүріске кеткен уақыты, мин;
- аялдамаларда жолаушыларды мінгізіп –түсіруге кететін
уақыттардың қосындысы, мин;
- маршрут бойынша аралық аялдамалардың саны;
tко- автобустың соңғы аялдамада аялдау уақыты, мин.
Толық бір айналым уақыты деп автобустың бастапқы аялдамадан шығып сол аялдамаға қайтып айналып келу уақыты яғни, екі айналым уақыты:
, сағат
Айналым саны дегеніміз автобустыңмаршруттажұмыс істеген уақыты аралығында орындалған айналымдарының саны:
, айналым
мұндағы Тм – автобустың маршруттағы жұмыс уақыты, сағат.
Жүрісті пайдалану коэффициенті (β) жылжымалы құраманың жолаушыларды тасымалдау кезіндегі жүрген жолының (LПР) белгілі бір тәуліктік уақыт аралығындағы жалпы жүрген жолына (Lобщ) қатынасы арқылы анықталады.
β= LПР / Lобщ
Сыйымдылықты пайдалану коэффициенті (γвм) – автобустың жолаушылармен толығу деңгейін сипаттайтын шама. Сыйымдылықты пайдалану коэффициенті статистикалық (γвм. ст) және динамикалық (γвм..д) деп жіктеледі.
γвм. ст. = q ф / q н
мұндағы q ф – бір айналым кезіндегі жолаушылардың саны;
q н – автобус бір мезгілде тасымалдай алатын жолаушылардың
шартты саны.
Сыйымдылықты пайдаланудың статистикалық коэффициенті жолаушылардың маршрут аралықтарындағы өзгерісі мен орташа жүріс жолдарын (lср ) ескермейтіндіктен автобустың нақтылы пайдаланылуын толық көрсете алмайды, сондықтан тәжірбие жүзінде қолданылмайды.
Автобус паркінің жұмысын талдап жоспарлау кезінде жолаушы километрмен орындалған көлік жұмысының, маршруттың толық жолында автобустың шартты сыйымдылығы толық пайдаланылған кездегі көлік жұмысына қатынасымен анықталатын сыйымдылықты пайдаланудың динамикалық коэффициентін (γвм..д д ) қолданады.
γвм..д = (qф * l ср) / (qн * L м * Р)
мұндағы l ср – жолаушының жүріс жолының орташа қашықтығы, км;
L м –маршруттың ұзындығы, км;
Р – бір ай ішіндегі айналым саны.
Автобустардың жүріс жылдамдықтары.
Жолаушы тасымалдаушы автобустарда жылдамдықтың келесі түрлері бар:
а) жоғарғы шекті жылдамдық (Vмах) – қозғалтқышты толық іске қосқанда ең жоғарғы мүмкін болатын жылдамдық.
б) рұқсат етілген жылдамдық (Vдоп.) – жол жағдайы мен қозғалыс қауіпсіздігінің шарттарын қамтамасыз ететін Жол қозғалыс ережелеріне сәйкес анықталатын жылдамдық.
Есептік жылдамдықтар:
в) техникалық жылдамдық (VТ) – автобустың жүрген жолының маршрут бойынша тек қана таза жүріске кеткен уақытқа қатынасымен анықталады.
, км/сағ
г) жол қатынас жылдамдығы (Vс) – автобустың соңғы аялдамада бос тұру уақытын есептемегендегі жүріс жылдамдығы.
, км/сағ
д) пайдалану жылдамдығы (Vэ) – автобустың жалпы жүрген жолының таза жүріске кеткен уақыт пен көшедегі қозғалыстың себептерінен бөгелуі, аралық аялдамаларда тоқтау уақыттарының жалпы қосындысына қатынасымен анықталады.
, км/сағ
Пайдалану жылдамдығы автобус тасымалының жағдайы мен деңгейін сипаттайды. Пайдалану жылдамдығы артқан сайын жол қатынасындағы жылдамдық та өседі және автобуспен жүру уақытының шығыны азайып халыққа қызмет көрсету сапасы жоғарылайды. Есептік жылдамдық шамалары VТ> VС >VЭ теңдікте болады.
Дата добавления: 2016-06-24; просмотров: 3524;