Тақырып 20. Автобустармен тасымалды ұйымдастырудың негіздері

 

Автобус көлігінің басқа жолаушы тасымалдау көліктеріне қарағанда көптеген артықшылықтары бар. Оның негізгілері- пайдалануға икемділігі және қол жетімділігі, қажетті жерге тікелей бару және жоғарғы жылдамдық, қосымша жабдықтаусыз (трамвай, троллейбустар үшін қосалқы станция, электр желісін, жолдар салу) жаңа маршрут бағыттарын ұйымдастыру мүмкіндігі, тасымалдау құнының қымбат болмауы, сонымен қатар ауылдық, қалалық жол қатынастарынан халықаралық және жол қатынастарына дейін пайдалануы.

Автобустармен тасымалды ұйымдастыру үшін автокөлік мекемесі әртүрлі дейгейдегі мақсаттар мен бағыттар бойынша жұмыс жасайды. Осы ұйымдастыру жұмыстарының негізгілеріне тоқталсақ:

- көшелердің орналасуына және жол қашықтықтарына сәйкес маршруттардың ыңғайлы сұлбаларын қарастырады;

- тәулік сағаттары, апта күндері жыл мезгілдерінің әртүрлі ерекшеліктеріне және жолаушы ағынының өзгерісіне сәйкес автобустардың түрін және санын анықтау;

- жолаушы тасымалын нәтижелі ұйымдастыру үшін жолаушыларды анықтап талдау жасау;

- маршруттар бойынша автобустардың қозғалысын жүйелі түрде бақылау;

- автобустарда қызмет көрсету мен тасымал сапасын жақсарту шараларын халықтың сұранысы мен заман талабына сай ұйымдастыра білу т.б.;

Жалпы жолаушы тасымалын ұйымдастыру жұмыстарын екі бөлімге бөліп қарастырады: автобустардың жүрісін ұйымдастыру және диспетчерлік басқару.

Ұйымдастыру бөліміне жолаушыларды тасымалдаудың оңтайлы жоспарын құру және оның неғұрлым тиімді жолмен орындалуын қамтамасыз ету шаралары жатады (сурет№1).

Диспетчерлік басқару бөліміне жол шаруашылығындағы барлық автобустардың қозғалысын бақылау мен шұғыл реттеуді қамтамасыз ететін орталықтандырылған басқару шаралары жатады.

Жолаушы автокөлігінің жұмыс тиімділігін анықтауда маңызды орын алатын шара-қозғалысты ұйымдастыру әдістері. Сондықтан қазіргі заманғы экономикалың өлшемдер мен математикалық әдіс-тәсілдер арқылы автобус қозғалысын жетілдіру маршрутты автобустардың жұмыс тиімділігін артырудың ең негізгі жолы болып табылады.

 

 

 


Сурет №1 Автобус қозғалысын ұйымдастыру кезеңдері.

 

Мұндай бақылау, зерттеу әдістерін қолданыстағы маршруттар үшін де ұтымды пайдалану халыққа көлікпен қызмет көрсетуді айтарлықтай жақсартады, әсіресе қарқынды қозғалыс уақыттарында.

Қазіргі уақытта автобустардың қозғалысын ұйымдастыру әдістерін жетілдіру бағыты бойынша әртүрлі шаралар жасалып, жүзеге асып жатыр. Олардың ішінде маршруттарды қайта құру, жаңа жол маршруттарын жасау, сыйымдылығы үлкен автобустарды жаппай қолдану, қозғалыс жылдамдығын арттыру, жүрдек (экспрес) автобустарды енгізу шараларын атап көрсетуге болады.

Алайда кез-келген өзгертулер мен жобалаулар ғылыми негізде бекітіліп, оның тиімділігі нақты есептеулер мен зерттеу мәліметтері арқылы дәлелденуі керек.

Жолаушы ағынын қамтамасыз ету үшін автобус санын өсірумен қатар сол автобустардың сыйымдылығы, яғни тасымалдау мүмкіншілігін толық пайдалану жолдарын таба білу керек.

Жалпы жолаушы тасымалдау көліктерінің қызмет көрсету деңгейін, пайдалану ыңғайлылығын, қажеттілігін сипаттайтын көрсеткіштер төмендегідей:

- бір тұрақтан екінші тұраққа жетуге кететін уақыттардың қосындысы;

- аялдамалардың тұрақтан, мекендерден, нысандардан қашықтығы;

- қозғалыс жиілігі (тосу уақыты);

- жол бойындағы аялдамалар саны және олардың ыңғайлы жерде орналасуы;

- аялдамалардың шағын бекеттермен жабдықталуы, шағын дүкендер мен дәмханалардың болуы;

- қауіпсіздік;

- автобустардағы жолаушы саны;

- автобустардың санитарлық- гигиеналық және эстетикалық деңгейі;

- жол ақысының құны, әртүрлі жеңілдіктегі жолақы билеттерін жүйелі ұйымдастыру;

- тұрақтылық және сенімділік;

- жол бойындағы архитектуралық құрылымдардың эстетикалық талғамға сай жабдықталуы;

Қоғамдық көліктердің қызмет көрсету сапасының аталған көрсеткіштерін үш топқа топтастыруға болады.

 

 


 

Сурет 2 - Қоғамдық көліктердің қызмет көрсету сапасына әсер ететін көрсеткіштер.

Қоғамдық көліктердің қызмет көрсету сапасымен қатар жолаушы үшін ең маңызды нәрсенің бірі шыққан жерінен баратын жеріне дейінгі уақыт шығынының қосындысы. Олар аялдамаға келу, автобусты тосу, автобуспен келесі аялдамаға дейін жету және аялдамадан баратын жеріне дейін келу уақыты. Әрбір жолаушы жүру уақытының шығынына және жол ақысына, тасымал сапасына сәйкес ең қысқа әрі ең тиімді жолды таңдайды. Сондықтан жоғарыда аталған қозғалысты дұрыс жоспарлау, ұтымды ұйымдастыру және экономикалық тиімді жолын сараптай алу автокөлік мекемесінің жұмысының негізгі бағыты болып табылады.








Дата добавления: 2016-06-24; просмотров: 3349;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.006 сек.