Тақырып 38. Автоматтандырылған диспетчерлік басқару жүйесінің негіздері

Жолаушы тасымалдау көліктерін диспетчерлік басқару жұмыстары технологиялық үрдісті толық өз бақылауында ұстайды. Автокөлік мекемесінің жұмысының тиімділігін әрі бекітілген тәртіппен жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Автоматтандырылған диспетчерлік басқару жүйелері (АДБЖ) қалаішілік жолаушы тасымалдау көліктеріндегі технологиялық ұйымдастыру жұмыстарын оперативті басқару жүйесі болып саналады.

АДБЖ енгізудің негізгі мақсаты жолаушыларға көліктік қызмет көрсету сапасын жақсарту, көлік қозғалысының реттілігін бақылауды жеңілдету және тасымалдау үрдісінің есептік – статистикалық мәліметтерінің нақты болуын қамтамасыз ету.

Жолаушыларды тасымалдаушы автокөлік мекемесінің жұмысы негізгі екі бөлімнен тұрады.

Бірінші бөлім - тасымалдау жоспарының негізін және жобасын жасайтын ұйымдастыру жұмыстары.

Екінші бөлім - құрастырылып бекітілген тасымалдау жоспары бойынша жұмыстың орындалуын бақылауға және қозғалысты реттеуге бағытталған басқару қызметі.

Жолаушы тасымалын ұйымдастыру және басқару жұмыстары автокөлік мекемесінің біртұтас көлік үрдісінің негізінде өзара байланыста жұмыс жасайтын пайдалану бөлімінің бөлімшілері арқылы жүзеге асады. Оның ішінде тасымалдауды ұйымдастыру жұмыстарын инженерлік- технологиялық бөлім мамандары жасайды. Ал жоспар бойынша қозғалысты басқару пайдалану бөлімінің диспетчерлік қызметіне жүктеледі.

Диспетчер маршрут кестесі бойынша желіде жүрген автобустардың қозғалысын қадағалайды, жұмыс барысында туындағын мәселелерді шешеді және жолаушылардан түскен арыз-шағымдар мен ұсыныстарды қабылдайды.

Автобустардың қозғалысын реттеп басқарып отыру үшін диспетчер әрбір маршрут бойынша шыққан автобустарды және олардың жүріс кестелерін, жол маршрутын толық білуі керек. Туындаған және туындауы мүмкін мәселелердің оңтайлы шешімін табу үшін автобус жүргізушілері мен диспетчердің арасында байланыс құралы болуы керек.

Автобустардың жүріс аралықатрын сақтай отырып кесте бойынша жүрісін қамтамасыз ету үшін соңғы аялдамаларда немесе аралық аялдамаларда диспетчермен байланыстыратын арнайы құралдар орнатылады. Ал желілік бақылаушылар қойылмаған және арнайы байланыс құралдары жоқ маршруттар үшін бақылаушы қондырғылар мен табелдік сағаттық жүйе енгізіледі. Бақылаушы қондырғы автобустың нөмері мен келу уақытын диспетчерлік орталыққа жеткізіп, отырады. Табелдік сағаттық жүйеде соңғы аялдамаға келген автобус жүргізушісі тіркеуші бекетке келіп жол парақшасына келген уақытын белгілеп отырады.

Осындай диспетчерлік бақылау әдістері арқылы автобустардың маршрут кестесі бойынша жүруін қадағалап, реттеп отырады.

Жолаушы автокөліктерінің жылжымалы құрамын бір орталықтандырылғыан жүйе арқылы басқару типті жолушы тасымалдаушы мекемелердің санына байланысты екі кезеңнен тұрады:

Бірінші кезең - облыс орталығындағы бір тиіпті жолаушы тасымалдаушы көлік мекемесінің жұмысын орталықтандыру.

Екінші кезең - екі және оданда көп жолаушы тасымалдаушы көлік мекемелерінің жұмысын бір орталықтандырылған жүйе арқылы басқару.

Автобустар мен такси автокөлігінің қозғалысын орталықтандырылған диспетчерлік жүйе арқылы басқару үшін көлік басқармасы келесі кешенді шартты талаптарды орындауы керек. Олар:

1) жетілдірген диспетчерлік техникалық байланыс құралдарымен, орталықтандырылған белгі беру жүйесімен және нақтылы ақпараттармен қамтамасыз ету;

2) диспетчерлік басқару қызметінің тиімді ұйымдасқан құрылымын құру;

3) жергілікті жағдайларға байланысты автокөлік қозғалысын диспетчерлік басқарудың тиімді әдістері мен жетілдірілген технологиясын таңдау;

 

Диспетчерлендіру дегеніміз – автобустың қозғалысының бір ортадан орталықтандырылған күйде басқарылуын айтамыз. Кейбір қалаларда диспетчерлік жүйе бір арнаға түспеген немесе жұмыс істемейді, ал автобустың қозғалысын басқару тек қана соңғы станцияларда линиялық диспетчердің көмегімен ғана жүзеге асады. Бұл әдістер бір орталықтан басқару емес әдісі деп түсінуге болады және бұл жүйе диспетчерлік басқару жүйесіне кіргізуге болмайды. Қазіргі кезде қала үлкейіп, өсе бастайды.

Диспетчерлендіру дегеніміз:

1) Автобустардың қозғалысын және оның режимінің кесте бойынша жұмысын факты бойынша қозғалысымен жұмыс істеуін салыстырмалы түрде бақылайды.

2) Автобустардың маршрут бойынша қозғалысын реттеп және бұзылған қозғалыстарды ретке келтіреді. Автобустың қозғалысын басқарып толығымен жолаушыларға қызметін сапалы көрсету және автобустарды тиімді пайдалануға себебін тигізеді.диспетчерлік жүйе қозғалысты жоспарлап, бекітіп олардың тиімді пайдаланылуына үлесін қосады.

Жолаушы тасымалдау көліктерін диспетчерлік басқару жүмыстары технологиялық үрдісті толық өз бақылауында ұстайды. Автокөлік мекемесінің жүмысының тиімділігін әрі бекітілген тәртіппен жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Жолаушыдарды тасымалдаушы автоколік мекемесінің жұмысы негізгі еқі бөлімнен тұрады.

Бірінші бөлім - тасымалдау жоспарының негізін және жобасын жасайтын ұйымдастыру жұмыстары.

Екінші бөлім - құрастырылып бекітілген тасымалдау жоспары бойынша жұмыстың орындалуын бақылауға және қозғалысты реттеуге бағытталған басқару қызметі.

Диспетчерлік басшылық ету қозғалысты басқару, кестенің сақталуын үздіксіз бақылау және маршруттар бойынша автобустардың үздіксіз және тұрақты қозғалысын қамтамасыз ету үшін жедел реттеу, сондай-ақ технологиялық процестегі көліктің барлық түрлерімен жолаушылар тасымалдауды үйлестіру болып саналады.

Диспетчерлік басшылық етуді диспетчерлік қызметтер жүзеге асырады.

Диспетчерлік қызметтің негізгі функциялары:

1) автобустардың, шағын автобустардың жөнелтілуін және автовокзалға (автостанцияға) уақтылы келуін қадағалау;

2) маршруттар бойынша автобустардың, шағын автобустардың қозғалысын қадағалау және реттеу;

3) тасымалдаушыларды, жолаушыларды және басқа автовокзалдардың диспетчерлік қызметтерін маршрут бойынша жүрудің күрделіліктері, соның ішінде ауа райы-климаттық немесе жолдағы басқа жағдайларға байланысты қозғалысты шектеулер мен тыйым салулар туралы хабардар ету;

4) маршруттағы, соның ішінде ауа райы-климаттық немесе жолдағы басқа жағдайларға байланысты қозғалыстың ерекшеліктері туралы жүргізушілерге нұсқау беру;

5) маршрут бойынша ауа райы-климаттық немесе жолдағы басқа жағдайларға байланысты қозғалысты шектеулер мен тыйым салулар кезінде жолаушыларды орналастыру;

6) жол органдарын, жол полициясы органдарын, төтенше жағдайлар жөніндегі органдарды маршрут бойынша жүрудің күрделіліктері, соның ішінде ауа райы-климаттық немесе жолдағы басқа жағдайларға байланысты қозғалыстың шектеулері мен мүмкін еместігі және осыған байланысты автобустардың уақтылы келмеуі туралы хабардар ету;

7) жолаушылар отырғызылу және багаж тиелу үшін автобустардың, шағын автобустардың кестеде белгіленген уақытта және тиісті санитарлық жай-күйде уақтылы берілуін қадағалау; жол құжаттамасын ресімдеу және диспетчер журналын жүргізу;

8) жүргізушілердің рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық тексеруден және автобустардың, шағын автобустардың рейс алдындағы техникалық тексеруден өтуін қадағалау (автовокзалдың (автостанцияның) немесе тасымалдаушының тиісті қызметтерінің оларды өткізгені туралы құжаттық растаудың болуы);

9) автобустардың, шағын автобустардың жүргізушілері еңбек және демалыс режимін қадағалау;

10) басқа автовокзалдардың (автостанциялардың) диспетчерлік қызметтерін автобустардағы бос немесе босаған орындардың болуы туралы, сондай-ақ қозғалыс кестесіндегі өзгерістер немесе автобустардың кестеден озып кетуі (қалып қоюы), кестеде көзделмеген қосымша рейстерді алып тастау немесе енгізу, қосымша автобустың жөнелтілуі туралы хабардар ету;

11) жол құжаттамасын ресімдеу және диспетчерлік журнал жүргізу;

12) жүргізушілерде нақты маршрут бойынша жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыруға арналған рұқсат құжаттарының (куәліктің, маршрут схемасының, жол қағазының) болуын қадағалау;

13) жергілікті атқарушы органдарды жолаушылардың және багаждың тұрақты автомобиль тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушылардың қозғалыс кестелерін (графиктерін) бұзғаны және осы Ереженің қағидаларын басқа да бұзушылықтары туралы, сондай-ақ маршруттар бойынша қосымша рейстерді ұйымдастыру туралы хабардар ету болып табылады.

Автобустың қозғалысын тиімді басқару үшін қала ішіндегі маршруттарда диспетчерлік жүйе өте қатаң тәртіппен қажеттілікпен жұмыс істеу қажет.

Автобустардың, шағын автобустардың қозғалысы кестеден ауытқыған жағдайларда, олардың қозғалысын жедел реттеу жүзеге асырылады. Жедел реттеу мынадай іс-қимылдарды қамтиды:

1) автобус, шағын автобус кешіккен кезде:

кешіккен автобустың, шағын автобустың тұру уақыты, кесте бойынша тұру уақытының үштен бір бөлігінен асырылмай қысқартылады (бес минутқа дейін тұрудың қысқартылуы мүмкін емес). Автобустың жолаушылары тұру уақытының қысқартылғаны туралы ескертілуі тиіс;

автобус, шағын автобус маршруттың соңғы пунктіне едәуір кешіккен кезде, соның нәтижесінде жолаушыларды уақтылы жеткізуді және автобусты кері рейске жөнелтуді қамтамасыз ету мүмкін болмаса, ол резервтегі автобуспен, шағын автобуспен ауыстырылады;

егер автобустың, шағын автобустың кешігуі осы маршруттағы қозғалыстың кестеде белгіленген ұзақтығының он-он бес пайызынан кемін құраса, ол жағдайларда қозғалыс жылдамдығы ұлғайтылады, бірақ жол қозғалысы ережелерінде және маршрут жөніндегі тиісті жол белгілерінде белгіленген жылдамдықтан артық емес. Бұл ретте жылдамдықтың ұлғаюы қозғалыс қауіпсіздігін төмендетпеуі тиіс және таулық санына жатқызылатын маршруттарда және ауа райы-климаттық немесе жолдағы басқа жағдайларға байланысты маршрут бойынша қозғалыс күрделіленген жағдайларда рұқсат етілмейді;

2) автобус, шағын автобус графиктен озған кезде, кестеде көрсетілген жөнелту уақытына дейін автовокзалда (автостанцияда) кідіртіледі;

3) рейс бұзылған кезде:

келмеген автобус, шағын автобус резервтегі автобуспен ауыстырылады;

салондағы барлық жолаушыларды орындармен қамтамасыз ету шартымен бір маршруттың екі рейсі бір рейске біріктіріледі;

бір маршруттың автобусы, шағын автобусы ерте графикке (келмеген немесе техникалық ақаулық бойынша маршруттан шыққан), кейіннен резервтегі автобусты, шағын автобусты енгізу арқылы оның рейсаралық тұру уақытын қысқарту есебінен ауыстыру әдісімен ауыстырылады.

Автобус, шағын автобус кестеде көрсетілген уақытқа қарсы жөнелтуден жиырма минуттан артық кешігетін болса, диспетчер бұл туралы жүру маршруты бойынша келесі диспетчерлік пунктке, ал автобус, шағын автобус болмайтын болса, маршруттың барлық пункттері бойынша хабарлауы тиіс.

Одан басқа, диспетчер маршруттың соңғы және аралық пункттеріне рейстің болмағаны, кестеде көзделмеген автобустың жөнелтілгені туралы немесе жөнелтудің дәл уақытын және болжанып отырған келу уақытын көрсету арқылы болуға тиісті қосымша рейстің жіберілетіні туралы хабарлайды.

Автобус рейске жөнелтілген кезде диспетчер міндетті түрде жүргізушінің рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық тексеруден өтуін, сондай-ақ автобустың рейс алдындағы техникалық тексеруден өтуін (автовокзалдың (автостанцияның) немесе тасымалдаушының тиісті қызметтерінің оларды өткізгені туралы құжаттық растаудың болуы) бақылауы тиіс, ол туралы жол қағазында тиісті белгі жасалады.

Рейс алдындағы техникалық тексеруден өтпеген автобусты, сондай-ақ рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық тексеруден өтпеген немесе заңнамада белгіленген еңбек және демалыс режимін сақтамаған жүргізушіні рейске жіберуге рұқсат етілмейді.

Маршрутта күрделі метеорологиялық жағдай қалыптасқан кезеңде автобус кесте бойынша автовокзалға (автотанцияға) келмеген жағдайда диспетчер автобустың кідіру себептерін анықтау бойынша шаралар қабылдайды және бұл туралы қажетті жағдайда автобусқа техникалық көмек көрсету және жолаушыларды бару пунктіне жеткізу үшін диспетчерлік қызметтің орталық пункті мен осы маршрутқа қызмет көрсететін тасымалдаушыға хабарлайды.

Диспетчерлік пункттердің жұмысын ұйымдастыру

Автовокзалдардың (автостанциялардың) диспетчерлік пунктінің үй-жайы операциялық (кассалық) залдан оқшаулануы, жолаушыларды отырғызу және түсіру пункттеріне қызметтік шығатын жер болуы тиіс.

Диспетчердің жұмыс орны отырғызу алаңдарын, автобустардың келуі мен жөнелтілуін бақылай алатындай орналасуы және арнайы басқару пультімен, ақпараттық көрсеткіштермен және дауыстап айту байланысының қондырғысымен, сондай-ақ автовокзалдың (автобекеттің) әкімшілігімен ішкі технологиялық байланыспен, билет кассаларымен және анықтама бюросымен, диспетчерлік қызметтің орталық пунктімен жабдықталуы тиіс.

Диспетчердің жұмыс орны сонымен қатар қызмет көрсетілетін маршрут желісіндегі басқа диспетчерлік қызметтермен телефон немесе өзге де электрондық байланыспен (радиобайланыспен) жарақталуы тиіс.

 








Дата добавления: 2016-06-24; просмотров: 5647;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.013 сек.