Тақырып 40. Жеңіл автомобиль-такси қозғалысын пайдалану тиімділігін арттыру және диспетчерлік басқару

Такси жеңіл автокөліктері арқылы жолаушы тасымалын ұйымдастыру қалаішілік және қалааралық жолаушы тасымалдарында кеңінен қолданылады. Такси тасымалын ұйымдастырудың бірнеше түрі бар:

1. Заңды түрде ашылған кеңсесі, диспетчерлік байланыс орталықтары мен байланыс құрал – жабдықтары және өзінің арнайы жеңіл көліктері немесе жеке меншік иелерінің өз көліктерінен тұратын тасымалдау көліктері, сервистік – техникалық қызмет көрсету бекеттері бар таксопарктер.

2. Такси қызметіне жүруге рұқсат беретін бір күндік талон алу арқылы әртүрлі жерлерде тұрып жұмыс істеу;

3. Такси қызметі үнемі талап етілетін қоғамдық орындарда (автовокзал, теміржол вокзалы, әуежай, жағажай) тұрақты тұру арқылы жұмыс істеу.

Такси қызметі қаланың шағын аудандарын орталықтармен байланыстыруға және автобус маршруттары аз баратын жол қатынастарына, қоғамдық маңызы бар нысандар мен елді мекендерді өзара байланыстыруға, сонымен қатар қоғамдық көліктердің тасымалдау мүмкіншіліктері шектелген жағдайда пайдаланылады. Такси қызметі адамдардың көлікпен қозғалу мүмкіншіліктерін арттырады. Такси қызметін дұрыс жүйелі ұйымдастыру үшін кейбір елдерде таксилер бір түсті болып келеді және оларға қоғамдық көліктерге арналып жасалған арнайы жол жолақтарымен кедергісіз қозғалуға рұқсат етеді.

Такси тасымалының артықшылықтары:

- жүріс жылдамдықтары жоғары;

- ыңғайлылық;

- қол жетімділік яғни қаланың кез-келген жерінде тұрып такси шақыруға және автобустар жүрмейтін қажетті жеріңе тура баруға болады;

- есіктен – есікке дейін жету мүмкіншілігі жоғары.

Кемшіліктері:

- тасымалдау құны жоғары және жол қашықтығына сәйкес тұрақты бекітілмегендіктен әркім өз қалауымен белгілейді;

- түнгі уақыттардағы қауіптілік;

- жүргізушілердің шеберлігіне сенімнің жоқтығы;

- көліктердің техникалық талап шарттарға сай бақыланбауы.

Такси қызметінің тиімділігін арттыру үшін диспетчерлік байланыс орталықтарының жұмысын жетілдіру керек.

Такси диспетчерлігі аралық байланыстырушы мекеме болып табылады. Такси диспетчері жүргізушілер мен такси қызметін талап етушілерді бір – бірімен байланыстыра отырып, шақыртулардың жылдам орындалуын және тасымалдау қызметінің сапалы әрі аз шығынмен орындалуын қамтамасыз етеді.

Такси диспетчерінің негізгі міндеттері:

1. Барлық жүргізушілермен тікелей байланыста болу;

2. Адамдардың сұранысын қабылдау және ол сұранысты сол ауданға жақын бос тұрған жүргізушіге хабарлау;

3. Таксидің қанша уақыттан кейін болатындығын сұраныс берушіге хабарлау және тасымалдың орындалғандығынан хабардар болу;

4. Орындалған тасымалдарды тіркеп жазу;

5. Көліктер мен жүргізушілерді қадағалау.

Такси қызметін ұйымдастыру жұмыстары және алғашқы шығындар:

1. Такси қызметін заңды түрде ашу үшін жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, тиісті салықты төлеуі керек;

2. Диспетчерлік байланыс орталығы үшін арнайы кеңсе ашу;

3. Жеңіл автокөліктер мен жүргізушілер тобын дайындау;

4. Байланыс құрал – жабдықтарымен (көп каналды рация, ұялы телефон) барлығын қамтамасыз ету.

5. Кең көлемді болса директор, бухгалтер, заңгер т.б. көмекші қызметкерлер болуы керек.

Ең маңыздысы әрі көп шығын жұмсалатыны байланыс құралы. Байланыс құралы ретінде рацияны пайдалану тиімді. Өйткені бір таксопаркке барлық такси жүргізушілері мен кезекші диспетчер қай жүргізушінің қандай жерде жүргендігінен үзіліссіз хабардар болып отырады. Ол тасымалдау қызметіне деген сұраныстың жеке жүргізушілердің арасында әділ бөлінуі мен кез – келген жүргізушіге жолаушы тарапынан келеңсіз жағдайлар туындаған жағдайда барлық жүргізушілердің ашық канал арқылы жылдам хабар алуының арқасында көмекке келуге жолдың ашық болуы.

Си-Би жиілігіндегі антеналы рацияның құны 700 доллардан 3000 доллардан жоғары аралықта тұрады. Кейбір мекемелер мұндай рацияларды өзінің құнының 50% пайызымен кепілдікке береді және пайдаланғаны үшін ай сайын төлем алып отырады.

Экономикалық тұрғыдан барынша тиімді 5 каналды рация байланысы 800-2000 доллар тұрады. Оған қосымша 50 доллардан тұратын 4 дана аппарат және бастығына 400 доллар тұратын факс және диспетчер үшін арнайы бағдарламасы бар 800 доллар тұратын компьютер керек.

 








Дата добавления: 2016-06-24; просмотров: 2556;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.006 сек.