Тақырып 42. Автобус аялдамаларын орналастыру

 

Маршрутты жолаушы тасымалдау көліктеріне арналған аялдамаларды дұрыс есептеп орналастыру көлік қозғалысына тікелей әсер етеді. Аялдамаларды орналастырғанда көлік қозғалысының қауіпсіздігі мен бөгеліссіз өтуін және жолаушы ағынының шамасын, оларды мінгізіп-түсірудің ынғайлы әрі жылдам жүзеге асуын ескеру керек.

Аялдама дегеніміз жолдың жүріс бөлігінен тыс шетіне бүйірлеп кіріп орналасқан, жолаушыларды отырғызып түсіруге арналған арнайы орындар.

Тағайындалуы бойынша аялдамалардың үш түрі бар:

1. Тұрақты аялдамалар - маршрутты көлік кесте бойынша белгіленген уақытта келіп тоқтауы тиіс аялдама.

2. Сұраныс бойынша аялдайтын аялдамалар. Бұнда жолаушы түскісі келсе және аялдамада тұрған адам қол көтерсе автобус тоқтауға міндетті. Ал егер ондай сұраныс талап жоқ болса тоқтамауға құқы бар. Мұндай аялдамаларды тарифсіз аялдамалар деп айтады.

3. Уақытша аялдамалар – жол жөндеу жұмыстары мен мерекелік шаралар кезінде автобус маршрутының бағытының өзгеруіне байланысты қойылатын аялдамалар. Уақытша аялдамалар уақытша шараларды өткізу үшін қала сыртына немесе жаңадан салынып жатқан нысандардың аумағына белгілі бір уақытқа қойылуы мүмкін.

Аялдаманың құрамдас бөліктері:

1. Аялдау қалтасы (остановочный карман) - автобустар мен торллейбустардың тоқтауына арналған жүріс бөлігінің шетін кеңейту арқылы жасалынған орын. Ол бір мезгілде келетін маршрутты жолаушы көліктеріне қызмет көрсете алатындай және көлік қозғалысына кедергі келтірмейтіндей жерде болуы керек.

2. Аялдама алаңы (перрон)- жолушыларды мінгізіп-түсіруге ыңғайлы болуы керек. Мысалы, алаңның биіктігі автобус еденімен деңгейлес көтеріңкі болуы керек.

3. Аялдама бекеттері - әртүрлі климаттық өзгерістерде жолаушылардың уақытша паналауына арналған төбесі жабық тұрақ. Оның жанында шағын дүкен, шайхана, маршрут бағыттары мен кестесі және жолаушыларға билет беру құрылғысы орналасуы мүмкін.

4. Аялдама екенін білдіретін арнайы жол белгілері.

Аялдамалар халық көп жиналатын жерлерге мекемелерге, метро және теміржол станцияларына, сауда орталығына, оқу орындарына және барлық әлеуметтік нысандарға жақын орналасуы керек.

Қалаішілік автобус аялдамаларының арақашықтығы 400-600 м, ал жүрдек автобус аялдамалары үшін 800-1200м аралығында болуы керек.

Автобус және троллейбус аялдамаларын келесі жағдайларда жол қиылыстарының алдына орналастыруға болады:

- қиылысқа дейін жолаушылар көп жиналатын орталық нысан орналасса;

- қиылыстан кейінгі жол аралығымен салыстырғанда қиылысқа дейін жолдың өткізгіштік қабілеттілігін арттыратын мүмкіндігі бар болса (мысалы, біржақты қозғалыс, біртекті көлік ағыны, жол тармағы көп әрі кең болса т.б)

- қиылысқа дейін жер асты өтпесі орналасса;

- қажетті бағытына автобус ауыстыру арқылы баратын жолаушылар үшін қиылысқа дейін аялдау оған перпендикулияр орналасқан көшедегі аялдамаға жетуге ең қысқа жол болса;

 

§

- қиылыстан кейін көпір, жер асты өтпесі(тоннель) тәрізді инженерлік ғимараттар болса;

- қиылыстан кейін теміржол өтпесі бар болса.

Жолаушылардың төрт бағыттағы қозғалысын оңтайландыру үшін аялдамаларды қиылысқа жақындау орналастыру керек. Ол үшін келесі шарттар сақталуы керек.

 

1.Троллейбус және автобус аялдамаларын орналастыру шарттары:

-егер аялдама қиылысатан кейін орналасса, ал троллейбустар мен автобустар оған қозғалыс бағытын өзгертпей тура келсе немесе сол жақтан бұрылу арқылы келсе қиылыс пен аялдама аралығы 25 метрден кем болмауы керек;

- егер қиылыстан кейін орналасқан аялдамаға троллейбус пен автобустар оң жағымен бұралу арқылы келсе немесе аялдама қиылысқа дейін орналасса қиылыс пен аялдама аралығы 40 метрден кем болмауы керек.

 

2. Трамвай аялдамаларын орналастыру шарттары:

Егер трамвай аялдамасы қиылысқа дейін орналасса, олардың аралығы 3 метрден кем болмауы керек және аялдама жаяу жүргінші өтпесіне жетпей орналасуы керек, ал жер асты өтпесі болса қиылысқа 5 метрден жақын болмауы керек.

Егер трамвай аялдамасы қиылыстан кейін орналасса жаяу жүргінші өтпесінен 3-5м, жер асты өтпесінен 5 метрден кем емес қашықтықта орналасуы керек.

Жаяу жүргіншілер өтпесі көбейіп, жол бөгелістері артпауы үшін автобустар мен трамвай аялдамаларын жолаушылар бір жол өтпесінен өтетіндей жақын орналастыру керек.

Екі бағытты тар жоларалықтарында қарама - қарсы бағыттағы аялдамалардың арасы 50 метрден кем болмауы керек.

Аялдамаларды еңіс-дөнес жерлерде орналастыру үшін ол жердің еңістігі 0,040%о промильден аспауы керек.

Жолаушыларды мінгізіп түсіру ыңғайлы болуы үшін аялдама алаңы жол төсенішінен 0,2-0,3м биік болуы керек. Трамвайлар үшін отырғызу алаңы релістін үстіңгі бөлігінен алғанда 0,3 метр биіктен кем болмауы керек. Отырғызу алаңының ені 1,5-3м аз болмауы, ал ұзындығы көліктердің габариттік өлшеміне, түріне және қарқындылығына сәйкес анықталуы керек. Егер сағатына 15 автобус өтсе 15м, ал 15 автобустан көп болса және бір уақытта екі автобус қабаттасып тоқтауы мүмкін болса 35-45м болуы керек.

Көліктердің қозғалыс қауіпсіздігі үшін аялдамада тұрған жылжымалы құрам мен жолдың шеткі тармағының арасы 1,5метрден кем болмауы керек.








Дата добавления: 2016-06-24; просмотров: 2977;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.006 сек.