Тақырып 44. Халықаралық дәрежедегі автожолдар және негізгі автокөлік дәліздері

 

1958ж. Женева қ. Халықаралық Автомобиль тасымалының (ХААТ) кең көлемді дамуы бойынша ең алғаш рет көлік құралдарының бөлшектері мен жабдықтарын бір үлгіде қабылдау туралы Келісімі қабылданған. Кеңестік елдер бұл келісімге 1987ж. қосылған.

Осы уақытқа дейін БҰҰ ЕЭК 90-нан астам Ережелер жасаған. Бұл Европа жолдарында жаңа автокөлік құралдарының қозғалысын қанағаттандыру үшін. Ережелердің барлығы автокөлік құралдарын жасап шығарушыларға әсер етеді.

Тасымалдаушыны екі ереже толқытуы мүмкін, ол жылжымалы құрамның экологияға және салмақты, габаритті шектеулерге қатысты.

Европа қауымдастығының көлік бойынша Комиссиясы жүк автокөлік құралдарының рұқсатты габаритті шектеулерін бекітті (директив 85/3, 86/360, 88/218, 89/338, 89/460, 89/461, 91/60, 96/53 БЖ (ЕС) және ISO 1726 стандарты)

· биіктігі 4 м. аспауы;

· ені 2,55 м. аспауы (2,6 м. тек рефрижераторлар мен изотермикалық шанақты жылжымалы құрам үшін);

· дара автокөлік құралдары ұзындығы 12 м. аспауы, жартылай тіркемелі тягачтарға -16,5 м., тіркемелі автопоездар үшін - 18,75 м., екі тіркемемен- 25,9 м.;

· минимальды жол просветі 160 мм-ден кіші болмауы және егер тіркеменің аралық осьтері 11,5 м. көп болғанда онда 190 мм. кем болмауы керек.

Жартылай тіркемелі автопоездың жалпы ұзындығы 15,5 м. асса, онда бұрылудың ішкі радиусы 12,5 м. және 5,3 м. болуы керек (автомобиль тасымалдайтын автокөлік құралдарынан басқасы).

Европалық келісімге сәйкес ХААТ жүргізілетін барлық көлік құралдарының экипажы жұмысына автокөлік құралдарының толық массасы 3,5 т. асқанда жүргізу ұзақтығы 9 сағаттан аспауы керек (жұмыс 10 сағ. дейін созылуы мүмкін, бұл аптасына 2 реттен аспауы керек), аптасына 56 сағ. аспауы керек, бірақ кез-келген 2 аптаға 90 сағ. аспауы керек.

Әрбір 4,5 сағ кейін демалуға үзіліс 45 мин созылады. Осы үзіліс уақтысында жүргізуші ешқандай жұмыс орындамауы керек, бірақ жылжымалы құрам қозғалыста болуы қажет.

Әрбір 24 сағ.сайын жүргізуші кемінде 11 сағ. үзіліссіз демалады. БЖ (ЕС) ережелеріне сәйкес егер автомобильді екі жүргізуші басқарса, онда әрбір жүргізуші әрбір 30 сағ. қозғалыста үзіліссіз 8 сағ. демалыс жасайды.

Еңбек режимімен жүргізуші демалысы халықаралық тасымал мен қала аралық тасымалда шешуші мәнге ие. Халықаралық тасымал кезінде КЖБЖ (ЕСТР) еңбек режимі мен жүргізуші демалысы нормаларын бұзу айыппұл салумен жүргізіледі. Мысалы: Германияда көлік құралдарына бекітілген уақыттан артық көлік құралын басқару әрбір 30 мин-қа 100 евро айыппұл салынса, ал – демалысты қысқартудың әрбір сағатына 50 евродан айыппұл салынады.

Халықаралық тасымалды мемлекетаралық реттеу екі жақты және көп жақты келісіммен қамтамасыз етіледі.

 

Қазақстандағы автожол желісінің құрамындағы жекелеген жолдар мен бағыттар республиканың және онымен көршілес мемлекеттердің халықаралық қатынстағы көлік байланыстарын қамтамасыз ету арқылы ерекше маңызды рөл атқарады.

Халықаралық дәрежедегі республикалық автожолдар желісі солтүстікте және батыста – Ресей автожолдарының желісімен, шығыста- Ресей мен Қытайдың, оңтүстікте - Өзбекстанның, Қырғызстанның Түркменстанның желілерімен тоғысады.

ҚР Үкіметі 1995 жылы бекіткен халықаралық қатынастағы автомобиль жолдарының тізбесіне сәйкес, осы жолдардың жалпы ұзақтығы 12,3 мың км-ді (жалпы пайдаланыстағы автожол желісі жалпы ұзындығының 14%) құрайды.

Негізгі қашықтығы (94%) халықаралық дәрежедегі автожолдарға асфальт бетон және қара қиыршықтас жамылғылары төселген. Топырақ айырықтар тек батыс өңіріндегі автожолдарда кездеседі. Халықаралық стандарттар тұрғысывнан қазіргі Қазақстанда «жүрдек» («жылдамдықты») немесе «автомагистрльды» ұйымдарға сәйкес келетін бірде - бір жолдың жоқ екенін атап өтуі керек. БҰҰ ЕЭК жіктемесі бойынша қазақстандық жолдардың техникалық параметрлері осы жолдарды (ең жақсы жағдайда) «жай үлгідегі» жолдарға жатқызуға мүмкіндік береді. Бұл ретте осы жолдардың пайдалану жай - күйі едәуір ұзақтықта (60%-дан астам) қанағанаттанарлықсыз ретінде бағаланады. Жол бойындағы сервистің, әсіресе ауыр кластағы жүк автомобильдері мен автобустарға қызмет көрсету сервисінің өте төмен деңгейі күрделі кемшілік болып табылады.

 

Халықаралық қатынастағы автомобиль жолдары негізгі үш бағытта тұрады:

- солтүстік бағыт – Ресейге және әрі қарай транзитпен Еуропа және Шығыс Азия елдеріне;

- шығыс бағыт - Қытайға және әрі қарай Оңтүстік- Шығыс Азия елдеріне;

- оңтүстік бағыт – Орталық Азия өңірі елдеріне және әрі қарай- Закавказьеге, Иранға, Түркияға.

Қазақстаннның автожол желісі көптеген мемлекеттерге және аса ірі порттарға шығаратын автомобиль жолдардың еуропалық және азиялық субаймақтық жүйелеріне интеграцияланған. Қазақстан автожолдарының тиісті учаскелері:

- Экономикалық ынтымақтастық ұйымның елдері (БҰҰ ЭСКАТО қамқорлығымен) құратын азиялық жол желісінің (АЛТИД жобасы);

- ТRACECA жобасының;

ТМД елдері халықаралық автомобиль жолдары желісінің құрамына кіреді.

 

Кесте 1. Қазақстан Республикасы автомобиль дәліздерінің пайдалану сипаттамасы.

  Автомобиль дәліздерінің бағыты   Дәліздер жөніндегі көрсеткіштер
Ұзақтығы, мың км     Жол жамылғысының түрі, мың км Техникалық категориясы, мың км   Қозғалыс-тың қарқынды-лығы, тәулігіне мың автомо-биль
Асфальт- бетонды және қара Қиыр шықтас Топ-ырақ     І   ІІ   ІІІ   ІV
1.Өзбекстан шекарасы- Шымкент- Тараз- Бішкек-Алматы- Қорғас- Қытай шекарасы   1,14   1,14   -   -   0,20   0,51   0,43   -   4,57
2.Өзбекстан шекарасы- Шымкент- Қызылорда- Ақтөбе-Орал-РФ- шекарасы   2,05   1,98   0,07   -   0,05   0,12   1,79   0,09   1,23
3.Алматы-Қарағанды-Астана-Петорпавл   1,67   1,67   -   -   0,09   0,33   1,25   -   2,60
4.РФ- шекарасы-Атырау-Ақтау- Түркменстан шекарасы   1,42   1,03   0,31   0,08   -   0,06   1,07   0,29   1,20
5.РФ- шекарасы- Павлодар- Семей- Майқапшағай- Қытай шекарасы   1,10   1,10   -   -   0,05   0,43   0,62   -   0,90
6.Астана-Қостанай- РФ- шекарасы (№3 дәліздің қосалқы нұсқасы)   0,88   0,88   -   -   0,07   0,20   0,61   -   2,38
Барлығы 8,26 7,80 0,38 0,08 0,46 0,65 5,77 0,38 12,88

 

Мемлекеттік байланыстарды жүзеге асыруда жеке магистральдардың рөлін және халықаралық дәрежедегі республикалық автожолдар желісінің құрамында даму преспективаларын ескере отырып, азиялық және еуразиялық қатынастар аймақаралық және транзиттік тасымалдарды қамтамасыз ететін негізгі алты маршрут (автомобиль дәліздері) екшелді.

Келтірілген дәйектер бойынша халықаралық қатынасқа қатынасытын автожол желісінің 70%-ға жуығы республикадағы негізгі автомобиль дәліздерінің құрамына кіреді. Автомобиль дәліздері асфальтбетон және қара қиыршықтас жамылғы төсемі басым (95%) көбіне ІІ және ІІІ категориядағы (90%) жол магистралдарын кейіптейді.

Қазіргі жекіліксіз қаржыландыруға, жөедеу бағдарлаасын орындамауға және нормативті тыс ось жүктемелерімен автокөлік қозғалысына байланысты негзі дәліздер шектеріндегі жолдардың жай- күйінің күрт нашарлап кеткенін атап өтуі қажет. Жай –күйіне қанағаттанарлықсыз баға берілген учаскелердің үлесі қазіргі негізгі дәліздерінің жалпы ұзындығының 60%-нан асып кетті.


Кесте 2. Негізгі халықаралық көлік ұйымдары

 

Аббревиатура Атауы Құрыл-ған жылы Web-сервер адресі
Орыс тілінде Латын әрпімен Қазақ тілінде Ұйымның жұмыс тілімен
ФИА FIA Халықаралық автомобиль федерациясы Federation Internationale de l, Automobile www.fia.com
Трансфигорут Европа Transfigoroute Europe Халықаралық бақылау температурасы шартындағы тез бұзылатын өнімдерді тасымалдау ұйымы International Organization for the Carriage on Hire or Reward Terms of Perishable Food-Stuff in conditions of controlled www.unece.org/trans/main/
МСАТ IRU Халықаралық автомобиль көлігі ұйымы International Road Transport Union www.iru.org
ЕКМТ ECMT Европалық көлік министрлері конференциясы European Conference of Ministers of Transport www.oecd.org
ЮНКТАД UNCTAD БҰҰ сауда және даму конференциясы United Nations Conference on Trade and Development www.unctad.org
ФИАТА FIATA Халықаралық экспедиторлық ассоциация федерациясы International Federation of Freight Forwarders Associations www.fiata.com
КВТ ЕЭК ООН ITC БҰҰ Европалық экономи-калық комиссиясының ішкі көлік Комитеті UN/ECE Inland Transport Committee www.unece.org/trans/main/








Дата добавления: 2016-06-24; просмотров: 2507;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.008 сек.