Тақырып 45. Автокөлік қызметін лицензиялау және сертификаттау
Автокөлік саласының көлік құралдарын жаппай жекешелендіру арқылы реформалау бұрын қолданалып келген реттелген бақылау және жылжымалы құрамының қажетті техникалық жай – күйі тасымалдар сапасын қамтамасыз ететін механизмін бұзады. Шаруашылық жүгізуші субъектілер – автокөлік иелері санының өсуі, заңды тұлғалар ретінде көпшілік автокөлік құрылымдарынның бөлімшелерін дербес балансқа шығару көліктің осы секторындағы мемлекеттік меншіктің үлесі мен мемлекеттік органдар тарапынан саланың қызметін реттеу мүмкіндігін барынша азайтып жіберді.
Сонымен бірге автокөліктің қоғам тіршілігін қамтамасыз етудегі рөлі, қоршаған ортаға, азаматтардың өмірі мен денсаулығына тиігзетін күнделікті әсері меншік құқықтарын бұзбастан нарықтық жағдайлардағы автокөлік тасымалдар саласында мемлекеттік деңгейде нысаналы техникалық және әлеуметтік саясат жүргізуге мүмкіндік беретін белгілі бір «қарсы салмақтарды» («қарама-қайшылықтарды») қолдануды талап етеді. Осындай пәрменді «қарсы салмақтарға» әлемдік практикада кеңінен қолданылатын, автокөлік қызметін лицензиялау (латынша: lecentia- рұқсат беру) және сертификаттау (латынша: certum- дұрыс +facere - жасау) әрекеті жатады.
Лицензиялау шаруашылық жүргізуші субъектілерге мына мақсатта ықпал ету жолымен көлік қызметтерін тұтынушылар мен бүкіл қоғамның мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді:
Ø өзіндік меншіктегі автокөлік құралдарын қауіпсіз пайдалану талаптарын сақтаулары;
Ø белгіленген экологиялық нормаларды сақтау;
Ø көлік қызметтері рыногына білікті, сенімді (жақсы беделі бар) және қаржы іс- әркеттеріне қабілетті тасымалдаушыларды шығару;
Ø қажетті жағдайларда лицензиялауға квоталар енгізу жолымен көлік қызметтері рыногын мүмкіндікті реттеу.
Сертификаттаудың түбегейлі міндетті-орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру. Тұтынушыға арналған сертификат өзінше белгіленген талаптарға сай сапалық деңгейдің кепілі болып табылады.
Әлемнің жетекші елдерінде лицензиясыз тасымал қызметіне рұқсат бермеуді айтпағанда, сонымен бірге заң жүзінде қудаланылады. АҚШ-та , Канадада, Жапонияда тасымал қызметімен қатар, экседиторлық қызметтер мен автомобильдерге сервистік қызмет көрсетуді лизензиялау практикасы тараған.
Орталық Еуропа елдердің автотасымалдарды лицензиялау тәжірибесі 60 жылдан көп уақытты қамтиды.
Автомобиль тасмалдарын лицензиялау Еуропалық Одақтың барлық мемлекеттерінде көлік заңнамасының бір саласы болып табылады. Жалдау және сыйақы бойынша жүргізілетін барлық тапсырмалар лицензиялауға жатады. Лицензиялар, қағида бойынша, ұлттық (ішкі) және халықаралық нысанға бөлінеді.
Тасмалдаушыға қойылатын ең аз талаптар 96/26/ЕО Кеңес Директивасында белгіленген, Директива кәсіби қызметке рұқсат берудің стандарттары мен критерийлерін бекітеді. Тасымалдаушыларға қойылатын талаптар мына бөлімде әсіресе қатаң:
Ø сенімділікке (іскерлік бедел);
Ø қаржы тұрақтылығына;
Ø кәсіби біліктілікке, яғни тар кәсіптік салада ғана емес, сонымен бірге заңнама, коммерциялық және қаржылық қызмет саласында да белгілі бір білімді қажетсінетін құзыретке, олар (тиісиі құжаттар, диплом, біліктілік сертификаты болмаған жағдайда) емтихан тапсыру арқылы расталады.
Лицензиялау кәсіпкерлік қызметін мемлекеттік реттеу әдісі Ресейде қолданылады. Автокөлік саласындағы лицензиялауға қатысты өкілеттіктер көлік министрлігіне жүктелген, ол қатысқан заңнамалық базаны басшылыққа ала отырып, мемлекет ішіндегі және, сондай- ақ халықаралық қатынастағы да жүк және жолаушы тасымалдарына лицензиялау жүргізеді.
Автокөлік қызметтерін сертификаттау жүйесі Ресей Федерациясының бүкіл аймақтарын түгелдей дерлік қамтиды, және жолаушы тасымалдары, автомобильге техникалық қызмет көрсету және жөндеу саласында, ЕО және БҰҰ ЕЭК директиваларына сәкес пайдалануға жарамдылығына сертификаттар беру арқылы халық аралық тасмалдар үшін автомобильдерді куәліктендіру кезінде кеңінен қолданылады.
Ал Қазақстанда автокөлік қызметін мемлекеттік реттеудің осы әдістері әзірше халықаралық жолаушы және жүк тасымалдарына, ондай– ақ қауіпті жүктердің тасымалдарына ғана қолданылады. Осы қызмыт түрлерін лицензиялау үкіметтік деңгейде бекітілген Ереженің негізінде жүреді.
Автокөлік қызметіндегі техникалық қызмет көрсету және жөндеу, автожанармай станцияларының қызметі, ел ішіндегі тасымалдар сияқты қоршаған ортаның жай - күйіне елеулі әсерін тигізетін түрлерінің мемлекеттік реттеу саласынан тыс қалғанын атап өту керек. Тасымалдаушыларды көлік қызметтеріне жіберу көпшілік жағдайларда таза тіркемелік қызмет алады да, ол тасымал қызметінің сапалық деңгейіне өте жағымсыз әсер тигізеді.
Жол қозғалысының қауіпсіздігін көлік қызметтерінің сапасы мен қоршаған ортаны қорғауды арттыру үшін лицензиялау және сертификаттауға жататын қызмет түрлерінің тізбесін кеңейту қажет, оған мыналар кіреді:
Ø Республика ішіндегі жүк және жолаушы автотасымалдары;
Ø Техникалық қызмет көрсету станцияларының және жанармай станцияларының қызметі;
Ø Автостанциялар мен автовокзолдардың қызметі;
Ø Әсіресе халықаралық тасымалдарға лицензиялар беру кезінде тасымалдаушылардың іскерлік беделін, қаржы жағдайын, біліктілік құзіретін ескеру арқылы оларға біліктілік талаптарын қоюды қатаңдату қажет секілді ( ЕО Директивасына сәйкес).
Автокөліктерді шекарадан өткізу бекеттері.
Автокөлік тасымалдары ұйымдық жүйесіндегі негізгі құрылымдық элементтерінің бірі және халықаралық қатынастарындағы тасымалдарды қамтамасыз ететін көлік дәліздерінің аса маңызды буынына автокөлік құралдарын шекарадан өткізу бекеттері жатады.
Автокөлік құралдарын шекарадан өткізу бекеттері өз қызметі арқылы қамтамасыздандырумен байланысты бақылау функцияларын жүзеге асыра отырып, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізігі принциптерін (қағидаттарын) іске асыруға айтарлықтай дәрежеде септігін тиізеді:
- мемлекеттің қауіпсіздігі (шекаралық, фитосанитарлық және ветеринарлық бақылау);
- елдің экономикалық мүдделері (кеден бақылауы);
- көлік саласының мүдделері мен міндеттері (көлік бақылауы);
ҚР Үкіметі бекіткен Тізбе (Тізім) бойынша Қазақстан Республикасыныңмемлекеттік шекарасында қазіргі күні 96 шекаралық автокөлік бекеттері жұмыс істейді. Солардың мемлекетаралық қатынастарындағы көлік құралдарын біршама тұрақты өткізуді 56 бекет қамтамасыз етеді. Каспий теңізі арқылы паром өткеленің ашылуына байланысты. Ақтау порты арқылы осы қатынаста да автокөлік құралдарыны өткізуге жүзеге асырылады.
Өзінің мәртебесі бойынша бекеттері кез келген бағытта автокөлік құралдарын өткізуді қамтамасыз ететін көп жақты, және тек шектес (іргелес) мемлекеттер арасындағы қатынастағы тасымалдарға ғана қызмет көрсететін екі жақты бекеттерге бөлінеді. Шекаралық өткізу бекеттерін аумақтық бөлу
Дата добавления: 2016-06-24; просмотров: 3270;