Тақырып 43. Техника саясатының негізгі бағыттары және автокөлік құралдарының паркін жетілдіру
Автокөлік қызметтерінің болашақтағы дамуына жол ашатын негізгі басым бағыттар ретінде автокөлік тасымалдарының сапасы мен тиімділігін арттыру, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоршаған ортаға тигізетін жағымсыз әсерін азайту үшін автокөлік құралдарының паркін жетілдіру міндеттері жатады.
Автокөлік жол апаттарын азайту - жол қозғалысының қауіпсіздігін жетілдірудің негізгі бағыты - қордаланған міндеттер кешені шешуді талап етеді. Солардың ішіндегі ең маңыздылары:
- автокөлік қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы құқықтық және нормативтік базаны жетілдіру және оларды халықаралық талаптарға сәйкестікке келтіру;
- жаңа жолдарды салу, қолданыстағы жолдар желісін қайта құру мен кеңейту, көлік ағындарын реттеу, жол-көше желісін жаңалау және жаңғырту;
- жол қозғалысына қатысушылардың барлығына қозғалыс қауіпсіздігі туралы ақпараттық қамтамасыздандыру деңгейін арттыру;
- автокөліктерге техникалық қызмет көрсететін бекеттердің тарамдалған желісі бар жолдарда осы заманғы сервистер, жанармай құю станцияларын, қонақ үлер мен уақытша тұрақтар және т.с.с. ұйымдастыру;
- жол қозғалысын ұйымдастыру мен реттеудің тиімділігін реттеу;
- қолданыстағы автокөлік құралдарының техникалық жай-күйіне мемлекеттік бақылауды күшейту;
- дайындалатын (Қазақстан Республикасына әкелінетін) және пайдаланылатын (әсіресе қайта жабдықталған) автокөлік құралдары мен солардың қосалқы бөлшектерін сертификаттаудың қажетті деңгейін жасау;
- жүргізушілер құрамының біліктілік деңгейін арттыру;
Республикада жаңа пайда болып келе жатқан сала – автокөлік жасау саласының құқықтық және ұйымдық негіздерін қалау мәселелері айрықша маңызды мәселе болып табылады.
Автокөліктің қоршаған ортаға тигізетін, әсіресе ол автокөлік үлесіне атмосфераға тарайтын зиянды шығарындылардың негізгі көлемі келетін ірі қалаларда сезілетін жағымсыз әсеріне байланысты автокөлік қызметінің экологиялық аспектісінің де маңызы кем емес. Автокөлік қызметінен қоршаған ортаға келетін қауіп-қатерді сезіну әлемдік қоғамдастыққа арнайы мемлекеттік бағдарламалар негізінде автокөлік кешенінің жұмыс істеуіне тиетін нұсанды (залалды) барынша азайту жөнінде пәрменді шараларды іске асыруға қозғау салды. Мемлекеттік бағдарламалар кең ауқымды мәселелерді автокөліктердің техникалық деңгейі мен отын сапасын арттырудан қозғалысты ұтымды ұйымдастыруға, қоғамдық көліктің рөлін күшейтуге және жалпы қала құрылысы жетілдіруге дейінгі әрекеттерді қамтиды. Соның нәтижесінде Еуропаның көпшілік елдерінде кейінгі он жылдықтың ішінде автокөлік зиянды шығарындыларының абсолюттік көлемі 70-90%-ға кеміді.
Республика автокөлігінің экологиялық проблемасын шешу бағдаламасы ұзақ мерзімге есептелуі, осы саладағы халықаралық тәжірибені пайдалануға негізделуі, мемлекет тарапынан қажетті ұйымдық және материалдық қолдау көрсетілумен барлық мүдделі мекемелердің бірлескен күш-жігерлері арқылы табиғат қорғау шешімдері мен жобаларын іске асыруды көздеуі тиіс.
Осыны ескеру арқылы автокөлік саласын дамытудың техникалық саясаты таяу аралықта көбіне жылжымалы құрамның техникалық параметрлерін (салмағы, габариті, тежегіш жүйелері, руль басқаруы және т.б.) жетілдіруге және пайдалану, отын майлау материалдары мен қосалқы бөлшектеріне қойылатын техникалық талаптарды арттыруғы бағытталуы керек. Осындай әрекеттер республиканы анағұрлым үнемді және қауіпсіздік пен экология параметрлері тұрғысынан жетілдірілген жылжымалы құраммен толықтыруға алғышарттар жасайды.
Жылжымалы құрамның барлық түрлері үшін тән пайдалану мерзімінің уақытын есепке алғанда, оны таяу жылдарда жетілдірудің басты бағыттары мыналар болуы тиіс:
- автокөлік паріктерін жаңалау мен жаңарту;
- автокөлік паріктерін мүмкіндігіне қарай автокөлік жасаудың деңгейіне сәйкес жаңа буындағы көлікпен толықтыру;
- автокөлік бизнесіне барынша тартымдылық жасау;
- қоғамдық көлікті кепілдікті қаржыландыру жүйесін қалыптастыру;
-тозған автокөлікдерді жедел ауыстыруды қамтамасыз ететін экономикалық және қаржы механизмдерін әзірлеу мен іске асыру;
- республикаға қажетті автокөлік құралдарын әкелуді, сондай - ақ саладағы көлік құралдары паркінің сапа құрылымын жетілдіру үшін қолайлы жағдайлар ұйымдастыру жөніндегі басқа да іс- шараларды жетілдіру.
Дата добавления: 2016-06-24; просмотров: 1974;