Тақырып 47. Қазіргі көлік саласындағы ақпараттық жүйе
Жаңа экономикалық нарықтық қатынастарға байланысты автокөлік саласы соңғы 15 жылдың ішінде күрделі реформаларға және қайта құруға ұшырады. Реформалардың негізінде құрылымдық, ұйымдық және техникалық даму бағыттары айқындалды.
Бұрын қолданылған басқару сатыларының бұзылуына, жаппай жекешелендірудің жүруіне және көлік қызметін ұсынушылардың арасында өзара байланыстың болмауына, сонымен қатар заңсыздықтар мен ретсіздіктердің етек алуынабайланысты ақпараттық статистикалық мәліметтер базасы өз күшін жойды.
Бегілі бір өзара экономикалық байланыстағы аймақ үшін негізгі байланыс, қарым-қатынас құралы – көлік туралы толық әрі нақтылы ақпараттың болмауы көлік қызметін тиімді пайдалануға кедергі келтіреді. Сондықтан жолаушы тасымалдау көлігінің қызметін дамыту стратегиясының ең басты бағыттарының бірі ақпараттандыру саласын жетілдіру болып саналады.
Ақпараттандыру мен мәліметтік базаны жетілдірудің және оның тиімділігін, қол жетімділігін арттырудың негізгі кезеңдері:
Ø Біртұтас экономикалық аймақтағы көлік қызметін ұсынушылардыңзаңды тіркелуін және олардың халықаралық немесе мемлекеттік талаптарға сай болуын қамтамасыз ете отырып мәліметтер қорын жасау;
Ø Мемлекеттік, аймақтық деңгейде немесе автокөлік мекемесінің өз ішінде тасымалдау көліктерінің жұмысын тіркеу, сұрыптау, өңдеу және оңдайландырып қайта шұғыл есептеу жұмыстарында жаңа техникалық құрал-жабдықтар мен ақпараттық технологияларды пайдалану;
Ø Көлік ағынын реттеу, көлік қозғалысының қауіпсіздігін арттыру, қадағалау, бақылау жұмыстарында ақпараттық мәліметтер нақтылы жаңа технологияларды ұтымды қолдану. Мысалы, бақылаушы камералар, жылдамдық анықтағыштар, бейне жазбалар, көлік номерін жол үстінде автоматты түрде тіркеу арқылы көлік пен жүргізуші туралы мәліметтер қорын жинақтаған ақпараттық базаға шығуға мүмкіндік беретін желілік компьютерлік технология т.б.
Ø Автокөлік мекемесінің автоматтандырылған, орталықтандырылғандиспетчерлік басқару жүйелеріндегі тіркеу, өңдеу жұмыстарында ыңғайлы бағдарламалар мен басқару жүйелерін пайдалана білу;
Ø Автовокзалдар мен автостанцияларда, қоғамдық орындар мен автобус аялдамаларында жолаушы тасымалдаушы автобустар мен оның маршруты туралы толық ақпарат беру;
Ø Көлік қызметі, автобус маршруттары, бос орындар мен қызмет сапасы, уақыты көрсетіліп тұратын телетайптар мен терминалдарды енгізу;
Ø Интернет желісі арқылы билет сату және сатып алу жүйесін қолданысқа кіргізу;
Ø Автобустың сыртқы жапсырмаларында маршрут бағытарындағы аялдамаларды нақтылы толық көрсету;
Ø Аялдамаларды және сол аумақтағы маңызды қоғамдық орындарды дыбыс күшейткіш арқылы хабарлау;
Ø Автобус ішінде теледидар арқылы автобус маршруттарын көрсету, қала картасымен таныстыру, жол-көлік қозғалысының ережелерін көрсету арқылы жолаушылардың ең қысқа тиімді маршрутты дұрыс таңдауына бағыт беру және қауіпсіз қозғалыс туралы ақпарат беру;
Ø Халықты автобус маршруттарының өзгерісі, жаңаруы туралы хабардар ету және олардың ұсыныс тілектерін электронды байланыс жүйесі арқылы қабылдай отырып, жолаушы тасымалын ұйымдастыру, жобалау жұмыстарында тиімді шараларға қол жеткізу.
Ақпараттандырудың төмен болуы мен мәліметтік қордың жүйесіз жұмысынан туындайтын негізгі мәселелер:
1. Көлік қызметін ұсынушылардың заңды тіркелмеуінің салдарынан жолаушы ағынына сәйкес көлік санын анықтауда ретсіздік туындайды.
2. Заңсыз көлік тасымалы сапасыз қызметке жол ашады және салықтан жалтарады.
3. Автобус маршруттарының бағыты, уақыты туралы қол жетімді ақпараттардың болмауы жолаушылардың уақыт шығынын көбейтеді.
4. Автокөлік мекемесінде жаңа технологиялардың енгізілмеуі еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік бермейді.
5. Ақпараттың жүйесіздігі мемлекеттің бақылауын шектейді.
Деректер базасы мен біртұтас ақпараттық жүйе құру автокөлік тасымалын жетілдірудің өзекті мәселесі болып саналады.
Осы мәселені шешу үшін ақпараттық және телекоммуникациялық қызметті пайдалану керек. Ол үшін қазір қолайлы алғышарттар бар. Олар: «Қазақтелеком» ақпараттық желісі және ведомстволық байланыстың талшықты-оптикалық жүйесі, сондай-ақ спутник жүйелері мен байланыстың борттық құралдары.
Дата добавления: 2016-06-24; просмотров: 2679;