Тақырып 50. Қазақстан Республикасының көлік кешенін жетілдірудің негізгі бағыттары

 

Экономикалық дамудың қазіргі кезеңіндегі ерекшеліктер және республика көлік кешенін жетілдірудің негізгі бағыттары:

Көлік факторы кез келген елдің экономикалық жүйесіне елеулі әсерін тигізеді.Сондықтан көлік кешені дамуының қажетті деңгейін және оның тиімді жұмысын қамтамасыз ету-маңызды да жауапты міндет,әсіресе ол үлкен аумақтарға ие елдер үшін тән өндіріс пен тұтыну орталықтарының едәуір кеңістікті бытыраңқы орналасуы кезіңде аса өзекті мәселе,сондай елдердің қатарына Қазақстан да жатады.

Нарықтық қатынастардың қалыптасуы республиканың әлеуметтік-экономикалық тыныс-тіршілігіне жаһандық өзгерістер жасады.Көлік секторында бәсекелі орта пайда болды және көлік кешеніндегі түрлі секторлар арасында ғана емес,сонымен бірге бір түрдегі көлік ішіндегі шаруашылық жүргізушісі жеке субьектілер арасында да қатал күрес жүрді.Осының барлығы өтпелі кезеңнің дағдарысынан туындаған әлеуметтік-экономикалық проблемаларға саяды.

Осы міндеттерді шешу мемлекеттің шектеулі қаржы мүмкіндіктерінің және отандық та, сондай-ақ шетелдік те капитал үшін көлік саласының инвестициялық төмен тартымдылығының себебінен тежеледі.

Қазақстан көлік кешенінің проблемалары «Қазақстан – 2030» ұзақ мерзімді стратигиясында көрсетілді. Осы құжатта инфрақұрылым, ең алдымен көлікпен байланыс елдің экономикалық дамуындағы басымдықтар ретінде белгіленді. «Қазақстан – 2030» стратегиясындағы шешуші міндеттердін бірі былай тұжырымдалады, ол отандық көлік коммуникациялық кешеннің әлемдік рыноктағы бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ету және ел аумағы арқылы сауда ағындарын ұлғайту. Бұл ретте даму мақсаттары халықтың және Қазақстан Республикасы экономикалық қажеттіліктерін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің өзіндік құнындағы көлік құрауышын төмендету арқылы жоғарғы сапалы көлік қызметтерімен толық қамтамасыз ету мен өзара тығыз сабақтастырылады.

Осы басымдылықтардын таңдалу кездей соқ емес және ол әлемдік тәжірбиеге негізделген: бұдан келіп шығатыны, кез келген экономикалық қоғамдастықтын жұмыс істеу тиімділігін арттыру ушін оның көлік жүйесі шаруашылықтың басқа салаларымен салыстырғанда анағұрлым жоғары қарқындарымен даму тиіс.

Қазақстанның қазыргі кезіндегі экономикалық дамуындағы өзіндік ерекшеліктердің бірі экономикалық үдерістерді мемлекеттік басқарудан оларды мемлекеттік реттеуге ауысу болып табылады. Осындай реттеу, халықаралық тәжірбие көрсеткендей, көлік саласын институционалды өзгертулер жағдайында және оның әлемдік көлік жүйесіне интерграция жасау міндеттерін шешуде әсіресе өзекті мәселе. Кейінгі жылдарда елдегі көлік кешенінің дамуына мемлекеттік ывқпалының едәуір төмендеуін атап өту қажет. Қайысы бір дәрежеде ол темір жол көлігінде сақталды және көліктің өзге қосалқы салаларында, әсіресе автокөлік саласында барынша азайды.

Нарық жағдайларында реттеуші қызметті орындау үшін мемлекттік органдар тиісті нормативтік – құқықтық база жасау; арнайы көлік бағдарламаларын іске асыру; тыныс – тіршілікке аса қажетті инфрақұрлымдық нысандарды инвестициялауға қатысу; нысаналы тариф, салық саясатын жүргізу; көлік қызметінің жеке түрлерін лицензиялау сияқты құқықтық, қаржылық, экономикалық ықпал ету шаралар жүйесіне ие.

Көлік саласын мемлекеттік реттеудің ықтимал шаралары жүйесінде нормативтік- құқықтық базаны қалыптастырудың алғашқылардың бірі болуы кездейсоқ емес, өйткені көлік қызметін реттейтін нақ сол нормативтік-құқықтық актілер жиынтығы осы кезеңдегі қажет жол бойынша көлік дамуын шектейтін және бағыттайтын негізгі «ойын ережелері »мен ауқымдарын белгілейді.Жаңа экономикалық ортада көлік жұмысының ерекшеліктерін көрсететін норативттік – құқықтық база жасау,- оның рынок жағдайларына бейімделуінің негізі.

Қызмет көрсету қатысты көлік шығындары неғұрылым аз болса, елдің экономикасы соғұрылым тиімді болады.Сондықтан соларды азайту үшін қажет жағдайлар жасауды ету көлік саласын дамыту мен жетілдірудің әрқашан негізгі қозғаушы күші болып келеді және солай қала береді де.Көлік шығындарының құрамына жүктерді жеткізу мен сақтауға байланысты көлік қызметтерін тұтынушылардың жұмсайтын шығындарын қоса есептегенде,өнеркәсіп кәсіпорындарынның,сауда-жабдықтау және өзге де ұйымдардың тасымалдар бойынша бүкіл шығыстары кіреді.

Жалпыұлттық шығындар құрамындағы көлік шығындарының үлесі ең алдымен көлік тарифтеріне байланысты болады.

Барлық көлік түрлеріннің жұмыс пайдалылығын қоғам мүдделерін қатар сақтаумен қамтамасыз ету мақсаттарында тариф жүйесін жетілдіру –республика көлік кешені дамуының қазіргі кезеңдегі күрделі де жауапты міндеті.

Нарықтық экономика жағдайларында активтерін жекешелендірудің жоғарғы үлесіндегі (автомобиль,су көлігі) көлік кешенінің жеке секторлары сұраныстар мен ұсыныстардың рыноктық механизімдерімен реттелетін шарттық тарифтер жүйесіне ауысты.

Қазақстан жағдайларында жүйе құрушы көлік саласы болып табылатын темір жол көлігінде республикалық тарифтердің деңгейін әзірше мемлекет реттейді.

Экономикалық ортаның өзгеруі темір жол тарифтерін түбегейлі түзетуді қажетсінеді.Ол күрделі де көп факторлы міндет,тек арнайы зерттеулердің негізінде ғана осы міндеттің оңтайлы шешімдерін табуға болады.Халақаралық сарапшылардың қатысуымен республикада қазір темір жол тарифтерінің жүйесін жетілдіру бойынша жұмыс жүргізіледе.

Қоғамдық көлік шығындарының құрамына кіретін шығындардың қалған элементтерін төмендету республикалық көлік кешені жұмысының тиімділігін арттыру жөніндегі қосымша шараларды іске асырумен байланысты.Осы шаралар жүйесінде қазіргі көлік технологияларын, атап айтқанда,әркелкі көлік түрлерінің жұмысын оңтайлы өзара ұштастыру негізінде мультимолдалды тасымалдарды ұйымдастыруды пайдаланумен тасымалдарды ұйымдық-технологиялық жетілдіру лайықты түрде жетекші роль атқарады.

Бұл әсіресе көлік қызметтері рыногындағы ңақты бәсекелестік кезіңдегі нарықтық жағдайларда оңтай міндет емес.Сонда да болса көліктің жеке түрлерінің жұмыс істеуіндегі ерекшеліктер осы міндеттің шешімін табу үшін белгілі бір алғышарттар жасайды.

Қойылған мақсаттарға жету үшін көліктің жеке түрлерінің ғана емес,сонымен бірге жалпы көлік кешенінің басымдықтарын ескеру арқылы іске асырылатын бағдарламалар мен жобалардың кешенділігін қамтамасыз етудің айырықша мәні бар.Біртұтас көлік және коммуникациялары Министрлігі аясындағы салалық комиттер мен департаменттер жүйесіне негізделетін көлік кешенін басқарудың қазіргі ұйымы өзара дамудың басымдықтары мен бағыттарын анықтау және ұштастыру үшін қажет алғышарттарды қамтамасыз етеді.

Біртұтас көлік жүйесін қалыптастыру кезінде біртұтас көлік тізбегіндегі жеке буындарды үйлесімді дамыту негізгі басымдылықтардың біріне жатады.Республикада осы міндетті ойдағыдай шешудің мысалы Хромтау- Алтынсарин темір жолының аяқталған құрылысы болып табылады,ол еліміздің солтүстік аймақтарына көлік қызметтерін көрсетуді жетілдірумен қатар Ақтау портының халықаралық қатынастардығы теңіз тасымалдарын жүзеге асыру бойынша техникалық мүмкіндіктерін анағұрылым қарқынды пайдалануға айтарлықтай дәрежеде септігін тигізеді.

Әркелкі көлік түрлерінің көлік үрдісінде тиімді өзара ұштастыру мен өзара іс-қимылды тасымалдар жүргізудің барлық салаларында дәлме дәл ұйымдастырусыз және оған бақылау жасаусыз үйлестіру мүмкін емес.Осы міндетті шешідің маңызды шарты бірыңғай ақпараттық кеңістік құру болып табылады,ол тасымалдарға қатысатын барлық тараптардың ақпараттық қажеттіліктерін ескереді.

Қазақстан көлік кешені дамуының қазіргі кезеңінде республиканың транзиттік-көлік әлеуетін дамыту және оны пайдалануды жақсарту,сондай-ақ оның сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыру үшін оңтайлы жағдайларымен қамтамасыз ету басты проблемалардың бірі болып саналады.Ұйымдық-техникалық және құқықтық сипаттағы шараларды іске асырумен қатар республика ішіндегі тасымал шарттарын жетілдіру үшін осы проблеманың стратегяилық бағыты Қазақстанның халықаралық көлік дәліздерін қалыптастыруға қатысуына және әлемдік көлік жүйесіне интеграция жасаудың ең нақты жолы ретінде соларды пайдалану мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастық жүргізуіне саяды.

Қазіргі жағдайларда республика көлік кешенінің жұмысын жетілдіру үшін маркетингтік зерттеулердің ерекше маңызы алып келе жатқанын атап өту қажет,маркетингтік зерттеулер көлік жүйесі жұмысының тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін оңтайлы шешімдер қабылдауға бағытталады.Осы зерттеулер кең ауқымдағы мәселелерді қамтуды ұйғарады-тікелей көлік саласының мүмкіндіктерін, қажеттіліктері мен ұйымдық ерекшеліктерін зерделеуден көлік рыногының жағдайына,жеке клиенттердің сұратулары мен жүріс-тұрыс уәждемелеріне,көліктің бәсекелес түрлері мен тасымалдар бағыттарына жан-жақты терең талдау жүргізуге дейін ескереді.








Дата добавления: 2016-06-24; просмотров: 2787;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.016 сек.