Тақырып 51. Республикалық нормативтік көліктік құқықтық база
Ұлттық көлік заңнамасының аяқталған жүйесі мына түрде көрінеді:
Ø Көліктік туралы бірынғай негіз қалаушы заңнамалық акт.
Ø Әркелкі көлік түрлерінің қызметін реттейтін заңнамалық актілер.
Ø Көліктің барлық түрлері үшін ортақ мәселелерді реттейтін заңнамалық актілер(көлік –экспидициялық қызмет туралы Заң аралас тасымалдар туралы Заң).
Ø Заңдардың орындалуын қамтамасыз ететін Заңға тәуелді актілері.
Республикада ұлттық заңнама жүйесін қалыптастырға қатысты белсенді әрекетке қарамастан,көлік саласынада негізгі нормативтік –құқықтық актілерді әзірлеу мен қабылдау үрдісі біршама қиын болды және ұзаққа созылды.
Тек 1994 жылғы қыркүйекте ғана көлік жөніндегі републикалық бірінші заңнамалық акт – «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Заң қабылданды,Заңда көліктің барлық ттүрлеріне қолданылатын біріздендірілген нормалар мазмұндалады. Осы заңда Қазақстандағы көлік қызметінің жалпы ауқымдары белгіленіп,тасымалдаушылар мен көлік қызметтерін тұтынушылардың өзара қатынастарын реттеудің құқықтық негіздері берілді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін қабылдау (27.12.1994 ж.)көлік құқығын қалыптастырудың маңызды кезеңіне айналады, Кодекс жүк,жолаушы, жол жүк тасымалдары туралы шарттарды, тасымалдаушының жауапкершілігін, кінә қою ережелерін, көлік саласындағы қатынастарды реттейтін нормаларды қоса есептегенде,тасымал қызметінің түбегейлі негіздерін бекітті.Азаматтық кодекстегі «Тасымалдар» және « Көлік экспедициясы» арнайы тараулары осы мәселелерге арналған.
Қазақстан Республикасы темір жолдардының Уақытша жарғысы нақты түрінің қызметтің жүйелі реттейтін салалық нормативтік құқықтық актілердің алғашқыларының бірі болды,жарғы Үкіметтің 1996 жылғы қантардағы қаулысымен бекітіледі.Уақытша жарғы арқылы темір жол тасымалдарын жүргізу мен орындау тәртібі жүк, жолаушы, жол жүк пен пошта тасымалдарының негізгі шарттары, темір жолдардың өзге көлік түрлері мен өзара қатынастары, пайдалану сипатындағы мәселелер регламенттелді.
2001 жылы желтоқсанда «Темір жол көлігі туралы» Заң қабылданды,ол – көліктің осы түрінің қызметін реттейтін негізгі заңнамалық акт.Осы аталған заңның 97-бабына сәйкес темір жолдардың Уақытша жарғысының әрекеті қабылданған заңға қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.
Саланы қайта құрылымдаудың ерекшеліктері 2004 жылы 9 шілдеде қабылданған «Темір жол көлігі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының енгізу туралы» Заңда көрініс тапты,ол Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» және « Темір жол көлігі туралы» Заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.
Осы Заңның қабылдануы, сондай-ақ магистральды темір жол желісін пайдалану Ережелері ҚР көлік және коммуникациялары Министрлігінен магистральды желіні пайдалануға байланысты байланысты мәселелер кешенін реттейтін бірқатар нормативтік – құқықтық актілер қабылдауды талап етеді.
2002 жылы қантарда ҚР «Сауда қатынасында теңізбен жүзу туралы» Заңы қабылданды,ол сауда қатынасында теңізбен жүзу саласындағы мемлекеттік басқарудың құқықтық, ұйымдық, экономикалық және жүк тасымалдарына,теңіз көлігінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және қоршаған ортаны қорғауға байланысты қатынастарды реттейді.
2004 жылы шілдеде ҚР «Ішкі су көлігі туралы» Заңы қабылданды,Заң кеме қатынасты,жолаушы,жолжүк және тасымалдары кезінде ішкі су көлігі саласында мемлекеттік органдар,жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді,сондай-ақ ол солардың құқықтарын,міндеттері мен жауапкершілігін белгілейді.
2001 жылы шілдеде ҚР « Автомобиль жолдары туралы» Заңы қабылданды, ол Қазақстан Республикасындағы автомобиль жолдарын мемлекеттік басқарудың құқықтық,ұйымдық және экономикалық негіздерін,жолдардың құрылысын,пайдалану мен дамуын реттейді.
ҚР «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылы шілдеде қабылданған Заңы автомобиль көлігі саласында тасымалдаушылар,жолаушылар, жүк жөнелтушілер, жүк қабылдаушылар,өзге де жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын қатынастарды реттейді.
Қабылданған заңда мемлекеттік реттеу мен бақылаудың негізгі принциптері,ҚР Үкіметі мен автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті органның құзыреті белгіленіп,сондай-ақ жергілікті өкілдікті және атқарушы органдардың құзыры нақтыланады.
Бүгінгі күнге қарай ең толық құқықтық қамтамасыздықты теңіз көлігі алды. Заңнамалық акт қабылданған күннен бастап осы көлік түрі қызметтінің түрі аспектілерін реттейтін едәуір сандағы заңға тәуелді актілер қабылданды. Солардың қатарында жүк тасымалдарының Ережелері,сондай-ақ жолаушы және жолжүк тасымалдарының Ережелері бар.
Автомобиль көлігінде де сондай-ақ осы қызмет түрін регламенттейтін құжаттар блогы әзірленді. Солардың қатарында ҚР Үкіметі 2004 жылы наурызда бекіткен «Автокөлік құралдарымен қауіпті жүктерді тасымалдау, оларды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өткізу Ережелері» және қауіпті жүк таситын жүргізушілер мен көлік құралдарына қойылатын біліктілік талаптары,сондай-ақ «Қазақстан республикасы аумағында автокөлік құралдарымен тасымалдауға рұқсат етілетін қпуіпті жүктерді тізбесе» бар.
ҚР көлік және коммуникациялары министрі деңгейінде 2004 ьжылы автомобиль көлігімен жолаушы және жүк тасымалдарының Ережелері және автокөлік құралдарын техникалық пайдалану Ережелері қабылданды.
Кейінгі жылдарда ішкі және халықаралық қатынастарда аралас қатынастағы (мультимодальды), яғни тасымалдаудың бір құжаты бойынша көліктің екі немесе одан да көп түрі арқылы жасалатын тасымалдар барған сайын кеңінен таралуда.
Тікелей аралас қатынастағы тасымалдарды ұйымдастыру - құқықтық реттеудің күрделі міндеттерінің бірі, өйткені осындай тасымал туралы шарттың мынадай практикалық ерекшелігі бар,мұндай тасымалға бірнеше тең тасымалдаушылар қатысып, солардың әрқайсысы жалпы бүкіл тасымалға жауапкершілік алады. Тасымалдаушы тарапында бірнеше көлік ұйымы қатысса, ал жүк иесі жөнелту орнында бір ғана тасымалдаушымен шарт жасалады. Солардың арасындағы құқықтық жағдай мен өзара қатынастардың шарттары әзірше заң жүзінде реттелмеген. Халықаралық практикада тасымалдың тұтастығы мен оның лайықты орындалу жауапкершілігі үшінші тұлғаға –аралас тасымалдар операторына жүктеледі. Қазақстанда құқықтық негіздің болмауынан осындай институт әзірше дамыған жоқ.
ҚР Азаматтық кодексі(694-бап) тікелей аралас тасымалдар туралы заңнамалық акт қабылдауды көздейді.TACIS «ҚР көлік дәліздері саясатына қолау көрсету және дамыту» халықаралық жобасының шеңберінде осы заңның жобасы әзірленді. Жобада тікелей аралас тасымалдар туралы шарттың негізгі талаптары,тараптардың жауапкершілігі, дауларды шешу тәртібі белгіленді. Сонымен қатар Азаматтық кодекс экспедиторлық қатынастарды толық реттеуді мазмұндамайды, ал көлік экспедициясы туралы шарттарды реттейтін ең жалпылама ережелерді ғана қамтиды.
Көлік саласындағы нормативтік-құқықтық базаны қалыптастырудың маңызды бағытына оның бүкіл қызмет салаларын стандарттау жатады. Нормалар, ережелер мен қойылатын талаптар кешенін белгілейтін нортативттік – құқықтық құжаттар ретінде стандарттарды енгізу стандартталатын нысандардың қажетті сапалық деңгейін және олардың қазіргі ғылымы-техникалық жетістіктерге сәйкестігін қамтамасыз етеді.
Кейінгі жылдарда қолға алынған батыл шараларға қарамастан, осы салада шешімін талап ететін проблемалар әлі де бар. Бірақ қазақстандық көлік заңнамасын қалыптастыру үдерісі тоқтаусыз жалғасуда.
Дата добавления: 2016-06-24; просмотров: 2513;