Тақырып 54. Жолаушы тасымалының интеграцияланған жүйесі
Өтпелі кезеңнің дағдарысын жеңгеннен кейін және Қазақстан Республикасында экономикалық өрлеу басталғанда Алматы қаласы өз дамуының жаңа импульсін тапты. Өсудің н»тижелі көрсеткіштеріне жататындар (ҚР статистика жөніндегі Агентігінің деректері бойынша):
- жалпы аймақтық өнімнің 5,9 млрд. $US дейін өсуі (өсудің орташа қарқындары жылына 24%);
- Алматы қаласының ұлттық жалпы ішкі өнімді жасаудағы үлесінің 14,3-дан 18,3%-ға дейін артуы;
- жалпы халық санының 1175,2 мың адамға дейін өсуі (өсудің орташа қарқындары жылына 0,6).
Алматы қаласында қаржы және білім секторы, өндіріс және қызметтер көрсету слаларындағы шағын және орта бизнес кеңінен тараған. Кейінгі жылдар белсенді тұрғын ұй құрлысымен сипатталады.
Алматы қаласындағы дамудың Бас жоспары 2020 жылға қарай халық санының 1,5 млн. дейін өсуін көздейді. Алайда кенттенудің қазіргі қарқындары анағұрлым елеулі сияқты. Сондықтан 2020 жылға қарай Алматы қаласындағы халық санының шамамен 2,0 млн. жетуі ғажап емес (осы кездегі 8%-бен салыстытрғанда Қазақстан Республикасындағы халықтың болжалды санының 10%-ы).
Кенттенудің өскелең қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін қалыптасқан құрылыс салынатын аумақтарды жаңғырту мен жаңа құрылыстар салумен қатар қала аумақтарын батыс, солтүстік және шығыс бағыттарында кеңейту ұйғарылуда.
Осы тұрғыда Алматы қаласындағы көлік секторы істерінің жай-күйі қатты алаңдатушылық туындатады.
Кейінгі жылдарда қалада автомобиль паркінің – 6 % қарқынды өсуі байқалып отыр. 2005 жылдың бас кезіне қарай техникалық ақаусыз автомобильдердің Алматы қаласында тіркелген жалпы саны 236 мың бірлікке жетті. Бұған қосымша, қалада тұрақты негізде тағы да 50-60 мың басқа қалалардың автомобильдері пайдаланылады.
Көлік тасқындары қарқындарының еселенуі (соңғы бес жылда) күрт автомобильдендірілудің салдары болып табылады. Қаланың көпшілік магистральдарында қозғалыстың бір жолағына түсетін жүктеме алмағайып дәрежеге – 900 автомобильге жетті. Бұл қозғалыстың жылдамдығы 20-ға, ал орталық бөлігінде сағатына 10-15 км-ге дейін түсіреді. Жол шығындарының және көлік бара алмайтын жерлердің құралуы кәдімгі құбылысқа айналды. Аварияның шамадан тыс жоғары деңгейі (2004 жылы: 2272 ЖКО, 2448 адам зардап шекті және 182 адам қаза тапты) мен автомобиль көлігінің қаланың экологиялық жүйесіне тигізетін аса келеңсіз әсері сақталып отыр (автокөлік шығарындылары жылына 300 мың тоннаға жақындап келеді және қала атмосферасына түсетін жалпы түсімдердің 90%- нан асады).
Осы жағдайлар Алматыда тұрудың жайлылық деңгейін төмендетеді. Бұлар қаланы және оның маңайын халықаралық туристік және қаржы орталығы ретінде дамытуға кедергі жасайтын негізгі факторларға жатады және 2014 жылғы қысқы Олимпиадалық ойындардың ұйымдастырушысы жәрежесіндегі Алматы қаласының әлеуетті мүмкіндіктерін шектейді.
Көлік сипатындағы проблемаларды игеру үшін Алматы қаласының әкімі Алматы қаласындағы автомагистральдарға көлік жүктемесін төмендету жөнінде арнайы Бағдарлама бекітті (30.12.2004 ж.) бағдарлама аясындағы қызметтің негізгі бағыттары болып мыналар белгіленді:
- қала ішіндегі көлік байланыстарын дамту және жетілдіру, көш – жол желісінің жеке элементтерінің өткізу мүмкіндігін арттыру;
- автомобильдердің аялдату мен сақтаудың қазіргі заманғы әдістерін енгізу;
- бөтен қалалардағы автомобильдердің кіруін шектеу және олардың Алматы қаласындағы аумағында коммерциялық пайдалануына тосқауыл қою жөніндегі шаралар кешені;
- жол қозғалысын реттеу жүйесін одан әрі дамыту;
- қаладағы жолаушы тасымалының жүйесін жетілдіру;
- автокөлік құралдарын техникалық пайдалану мәселелерін реттейтін нормативтік-техникалық және өзге де құжаттамаларды жетілдіру;
- ГИС-технологиялылқ негізінде математикалық үлгілеуді дамыту арқылы Алматы қаласының аумағында көлік тасқындарының мониторингі мен жүйелік талдауын ұйымдастыру.
Халықты атомобильдендіру үдерісін тежеуге қатысты шешуші мезет ретінде Бағдарлама жүрдек жолаушы көлігінің қазіргі ззаманғы жүйесін жасау негізінде қаладағы жолаушы тасымалдарын жетілдіруді атады. Бұл ретте жүйенің жеке автомобильдерге қатысты бәсекеге қабілетті болуы атап көрсетілді.
Алайда бағдарламада осындай жүйені жасаудың идеологиясы мен рәсімі айқын жазылған жоқ, соның салдарынан қажетті, әділ негізделген басқарушылық шешімдер қабылдау мүмкін болмай қалды. Осы факт, сондай-ақ жүрдек жолаушылар тасымалдау жүйесін жасау мен қала құрылысы сипатындағы жеке мәселелер арасында анағұрлым тығыз өзара байланыс орнату қажеттілігі осы тұжырымдаманы және оны әске асыру жөніндегі жұмыстардың бағдарламасын әзірлеу мен орындауға қабылдау үшін негіздеме болып табылады.
Жолаушы тасмалдарын интеграцияланған жүйесін жасаудың негізгі мақсаты жолаушы тасымалдары рыногының тиімділігін артыру болып табылады, ол мыналарды ұйғарады:
- көрсетілген қызметтердің сапасын түбегейлі жақсарту;
- жолаушы тасмалдарын рыногының барлық сегметтерін үйлесімді дамыту және инвестицияларын ұтымды тарту;
- экономиканың осы секторы жұмыс істеуінің толық ашықтылығының қамтамасыз ету;
- көше – жол желісі мен қаланың экономикалық жүйесіне жүктемені азайту.
Бұған қосымша, жолаушы тасымалдарының интеграцияланған жүйесін құру жолаушы тасмалдарының рыногын институционаллды күшейтуді және қала құрылысындағы практиканың кейбір қағидаттарын өзгерту мақсат тұтады
Осы айтылған мақсаарға жету үшін мынадай міндеттер қойылады және шешіледі:
1. Мориторинг, математикалық үлгілеу және көлік пен жолаушы тасқындарына болжам жасау ұйымдастырылады;
2. Көлік дәліздеріне нысандандыру жүргізіледі (ресми тану және бекіту ) және оларды ғала құрылысымен қоршалуы жөнінде ережелер жасалады;
3. Зерттеулер жүргізіледі және метро LRT, жүрдек жолаушы көлік жүйесін жер асты және жер үсті аялдамалық кешендері интеграциясының ТЭО әзірленеді;
4. Зерттеу жүргізіледі және рельстік және жер үсті электр жолаушы көлігін дамытудың ТЭО сы әзірленеді;
5.Көлік дәліздерін (сонын ішінде көлік айырықтарын және жол қозғалысын техникалық реттейтін нысандарын салуға), жүрдек жолаушы көлік жүйесінің учаскелері мен желілерін жайластыруға ЖСҚ дайындалады;
6. Көлік дәліздерін жайластыру үрдісінде бұзуға өтем ақы жасау үшін муниципалды тұрғын үй құрылысының бағдарламасы әзірленеді және іске асырылады;
7. Көлік дәліздеріне басым жайластыру жұмысы ұйымдастырылады (жол салу, құрылыс, жаңғырту, жөндеу және т.с.с.);
8. BRT үшін бөлінген жерлердің құрылысы жүргізіледі;
9. Метроның бірінші желісінің бірінші кезектегі құрылысы аяқталады;
10. Мүмкіндіктер зерттеледі және қала жолаушы көлігінің инфрақұрылымына Алматы-I және Алматы –II стансалары,стансалары, Алматы-II вокзалы мен соған іргелес аумақтар арасындағы темір жолдың әрекеті аз учаскелері, сондай – ақ қала аумағында орналасқан ведомстволық технологиялық темір жолдар тартылады;
11. LRT желісінің кезен бойынша құрылысы жүргізіледі;
12. Жүрдек көлік түрлерін фидерлік қызмет көрсетуге қайта бағдарлау арқылы жолаушы көлігінің дәстүрлі түрлерінің маршруттарына оңтайландыру жүргізіледі;
13. Қазіргі заманғы жылжымалы құрамды сатыпи алу мен көлік құралдары паркттеріне жаңарту жүрізіледі ( EURO – IIIдеңгейінен төмен емес автокөлік құралдар үшін);
14. Инстиционалды күшейтудің қағидаттары мен тәртібі, жолаушы тасмалдарының жүйесіндегі менеджментің өзгерістері әзірленеді, қажетті нормативтік және құқықтық құжаттар дайындалады;
15. Алматы қаласында жолваушы тасмалдарының бірыңғай операторы институты құрылады;
16. Жолаушы тасмалдарының жүйесінде маманларды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жүзеге асырылады.
Тұжырымдаманы іске асыру тетіктері
Осы тұжырымдамада мазмұндалған негізгі ережелерді іске асыру тимділігі құқықтық тетіктердің және консалтингтің қызмет көрсетудіңі соның ішінде жетекші шетелдік мамандарды тартудың қолдауымен әкімшілік және экономикалық реттеудің көмегімен жүргізіледі.
Қазіргі қолданыстағы норматиытік және құқықтық базаны Қазақстан Республикасында жаңа көлік технологияларын бейімдеу мақсатымен жетілдіру, сондай – ақ қаладағы жолаушы тасмалдары саласындағы менеджментті институционалды күшейту және жетілдіру жөнінде жұмыс жүргізіледі:
- Инвесторды анықтау;
- ЖСҚ әзірлеу;
- Салу және енгізу.
Жолаушы тасмалдарының интеграцияланған жүйесінің құрамына кіретін көлік инфрамқұрылымын қалыптастыру мемлекеттік кепілдіктердегі инвестицияларды қатамасыз ету арқылы муниципалды өкімет биліктері мен мемлекеттің саяси және қаржылай қолдауымен жүзеге асырылады.
Автомобиль көмегімен жолаушы тасмалдары бойынша қызметті лицензиялау жүйесін қалпына келтіреді.
Бірлескен бағдарламалар мен хаттамалардың негізінде жолаушы көлігі мен автомобиль жолдары Департаментінің жұмысы жобаны іске асыруға қатасы бар өзге Департаменттермен және ведомсволармен тығыз үйлестіреді.
Бұған қосымша жолаушы көлігі және автомобиль жолдары Департаменті мен сәулеи және құрылыс жөніндегі Департаментін өкілеттері, сондай –ақ олардың Алматы қаласында көлік дәліздерін соның ішінде электр жабдықтауы қалыптастыпу мен қамтамасыз ету бойынша өзге ұйымдармен және ведомсволармен арақатынасы нақтыланады және үлестіріледі.
Басқарушылық қызметті оңтайландыру саланы мемлекеттік реттеу басқару және дамыту жөніндегі басты орган ретінде көләк және коммуникациялар Министрлігін ролін күшейтуге бағындырылады. Негізінде күш –жігерлер үйлестірілеген қызмет пен көлік дәліздер дамытуды қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттердің бір бөлігін аймақтарға, сектораралық кеңестер ұйымына табыстауды есепке алу арқылы шешімдер қабылдау тұсындағы іс – әрекеттерді үйлестіріге арттыруға бағытталады.
Қорытынды ретінде өз дамудың кезеңінде - ақ (2014 жылға дейін) жолаушы тасымалдарының интеграцияланған жүйесі жолаушы тасымалдарының жалпы көлемінің 40 % - ға дейінгі шамасын қамтамасыз ете алады.Жалпы алғанда,электр көлігінің үлесіне (LRT, дәстүрлі трамвай мен троллейбустар) қалалық қатынастағы жолаушы тасымалдарының ең кемі 60% -ы тиеді.
Алматы қаласындағы жүрдек жолаушы көлігінің жүйесі мына әрекеттердің есебінен өзінің даму жалғасын табады:
- алдын ала жоспарланған қажетті өткізу мүмкіндігі бар көлік дәліздерінің жаңа аумақтарын игеру;
-қала маңындағы жолаушы тасымалдарымен интеграция жасау (шығыс, солтүстік және батыс бағыттар) және оларды болашақта жоғары тиімділіктегі және жайлы рельстік көлікпен қызмет көрсетуге ауыстыру (ол үшін облыстық басқару органдарымен тиісті ынтымақтастық жасасу қажет болады).
Дата добавления: 2016-06-24; просмотров: 1702;