Тақырып 56. Жолаушылар автокөлігіндегі билет және тарифтер жүйесі
Тариф - жол жүру құнын белгілейтін шартты шама. Автобус көлігімен тасымалдауда тарифтің екі түрі қолданылады. Бірінші, қалаішілік автобус тасымалдарында қолданылатын бірыңғай тұрақты тариф. Ол жол жүру қашықтығына тәуелсіз тұрақты баға болады. Екінші, жол жүру арақашықтығына сәйкес анықталатын тариф. Ол қаламаңдық, қалааралық, халықаралық жолаушы тасымалдарында жол жүру қашықтығына, тасымалдау сапасына және жылжымалы құрамның түріне сәйкес белгіленеді. Сонымен қатар, қалаішілік, қаламаңдық тасымалдау қашықтығы үлкен жылдамдатылған жүрдек маршруттардағы тарифтер жолдың ұзақтығына, аудандық бөліністерге сәйкес белгіленеді.
Тарифтер жол жүру қашықтығына тәуелді жол ақысын төлеу жүйесі бойынша телімдік (учаскелік) бөліктер мен белдеулерге бөліну арқылы белгіленеді. Тарифтік белдеулер: 1-100 км жол арлығы 5 км сайын бір тарифтік белдеуге бөлінеді, 100-300 км жол арлығы 20 км. сайын бір тарифтік белдеу болып саналады.
Билет жол ақысының төленгендігін растайтын жол жүру құжаты болып саналатын түбіртек немесе арнайы жол жүру құжаты. Бірыңғай тарифтегі билет жүйесі өте қарапайым. Қалаішілік маршруттарда белгіленген тұрақты тарифке сәйкес біртекті билеттер, сонымен қатар жеңілдетілген төлем жүйесін растайтын арнайы жол жүру билеттері пайдаланылады.Қаладан тыс маршруттардағы жол қашықтығына сәйкес автовокзал кассаларында сатылатын билеттерде автобустың шығатын жері мен жолаушының түсетін жері, жүру және қажетті жерге жету уақыттары, орындықтың нөмері, билеттің құны көрсетіледі. Егер шартты белгіленген өлшемнен көп қол жүгі болса оған қосымша құн төленеді.
Жолаушы тасымалдау көліктерінде жеңілдетілген төлем жүйесі қолданылады. Жеңілдетілген төлем құқы балалар мен мектеп оқушыларына, студеттерге, мүгедектер мен арнайы әлеуметтік топ өкілдеріне беріледі. Бұл жеңілдетілген төлем жүйесі жол ақысына, қол жүгін тасымалдауға, әртүрлі айыппұлдар төлеу кезінде де аталған топ өкілдері үшін қолданылады.Жол жүру құнынан түскен ақша түсімі жұмыстың соңында жинақтау кассасында тапырылады. Ақша түсімі есептелініп, маршрут бойынша бекітілген жоспардың орындалу көрсеткіші бағаланады. Маршрутты автобустың тапсыруы тиіс ақша түсімінің жоспарын жасау үшін жолаушы ағынына және оның құрамына зерттеу жүргізу керек. Яғни, жолаушылардың ішіндегі жеңілдетілген тарифтік билет жүйесін қолданатын әлеуметтік топ өкілдерінің пайыздық үлесін шамалап белгілеу арқылы тәуліктік ақша түсімінің шамасын жобалап белгілеуге болады. Қалаішілік маршруттардағы ақша түсімін есептеу сатылған негізгі билеттердің нөмері арқылы анықталады. Билеттер орамы негізі және қосымша деп бөлінеді.
Автобустардағы жол ақысын дұрыс төлеу, жеңілдетілген жол жүру билеттерінің заңдылығы кондукторлармен қатар желілік бақылаушылар арқылы қадағаланады. Желілік бақылаушылар маршруттың уақыт бойынша жүрісін, ішкі тәртібін және жүргізушілер мен кондукторлардың жұмысын да тексереді. Желілік бақылаушылардың бір маршрутты тәулік бойына бақылауының арқасында нақтылы жинақ кассасына түсетін ақша түсімін анықтап, мүмкін болатын ақша түсімінің жоспарын белгілеуге болады. Егер жолаушы тасымалынан түскен пайда дұрыс жинақталса, жалпы кіріс көбейіп, автокөлік мекемесінің дамуына және жолаушы тасымалдау көліктерінің сапасының жақсаруына жол ашылады. Ең бастысы тасымалдау тарифі қанағаттанарлық деңгейде тұрақталып, халықтың тасымалдау көлігін ұтымды пайдалану көрсеткіші артады.
Қоғамдық көлікте тегін жүру құқы:
- Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне, лайықты құжаттары болса(немесе оның нотариуспен расталған көшірмесі);
- Қарағанды қаласының құрметті азаматтарына;
- Тыл еңбеккерлеріне, лайықты құжаттарымен мерзімі шектелмеген куәлігі болса (немесе оның нотариуспен расталған көшірмесі);
- Ленинград қоршауында болғандарға, лайықты құжаттары болса (немесе оның нотариуспен расталған көшірмесі)
- 7 жасқа дейінгі балаларға;
- 1-5сынып оқушыларына – оқушы билетіне көрсетпей – ақ, 6-8 сынып оқушыларына-оқушы билетін көрсету арқылы тиесілі.
- Жеңілдікпен жүру құқығын Қарағанды қаласының:
- Мектептерінің 9-11сыныптарының, КТМ, лицей, колледждерінің күндізгі бөлім оқушылары-тасымалдау тарифінің 50пайызы құнын төлеп немесе оқушының жолақы билеті болса (екі жағдайда да суреті бар оқушы билеті болса);
- Жоғары оқу орнының студенттері, студенттік билеті және студенттік жолақы билеті бар болса (сынақ кітапшасы, мерзімі ұзартылмаған студенттік билеттер жарамсыз);
- Жеңілдікпен жүру билеттері бар зейнеткерлік куәлігі бар болса;
- Зейнеткерлері мен жағдайы төмен жандар, өз атындағы әлеуметтік жолақы билеті мен жеке басының куәлігі немесе оның нотариуспен расталған көшірмесі болса (жолақы билетін басқа жандарға беруге тиым салынады);
- Тыйым салынған фактілер кездескен жағдайда, бақылаушы жандар (кондуктор немесе контролер-ревизор қайтарып беруге болмайтын жарамсыз жолақы билетін алып қоюға құқы бар, ал осындай келеңсіздікке жол берген жолаушы, жолақысын толық түрде төлеуге міндетті.
Қол жүгі мен теңдеме жүктер
Жолаушылардың билетсіз жол жүруі мен олард билетсіз алып жүру. Жолаушылар билетсіз жол жүруі және оларды билетсіз алып жүру қалалық және қала маңындағы қатынайтын автобуста және маршрутты таксиде, айлық есептік көрсеткіштің үштен бір бөлігі мөлшерінде айыппұл төлеуге мәжбүр етеді. Көлік қызметкерлерінің жолаушылардың билетсіз жол жүруіне ымыраласуы, оны айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл төлеуге мәжбүр етеді.
Дата добавления: 2016-06-24; просмотров: 2643;