Азақстан Республикасында мультимодалды тасымалдар жүйесін қалыптастыру
Қазақстан көлік саласы дамуының казіргі деңгейі белгілі бір базалық жағдайларды қамтамасыз етеді және сол арқылы мультимодалды тасымалдар жүйесін қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасайды.
Мәселен,көлік кешенінде қажетті бастапқы инфрақұрылым бар (терминалдар мен қатынас жолдарының желесі),жүктерді есіктен есікке дейін жеткізуді қамтамасыз ету үшін аралас тасымалдар қолданылады.
Республикада жұмыс істейтін көлік-экспедициялық фирмалар технологиясы бойынша мультимодалдыға жақын тасымалдарды орындайды,бірақ олар осы сөздің тура мағынасында бірқатар себептер бойынша мультимодалды тасымалдарға толық сай емес.
Қазірдің өзінде мультимодалды тасымалдарды ұйымдастыруға болатын тасымал қызметінің белгілі бір салаладары бар.
Мәселен,бірінші кезенде мультимодалды технологияларды қолдану үшін оңтайлы сала тұрақты тасымалдар болуы мүмкін.Сол тасымалдарды жетілдіру сөзсіз нақты экономикалық нәтиже береді.Олар ең алдымен едәуір алыс қашықтықтарға жасалатын автомобиль тасымалдары.
Респубилка темір жол станцияларынан едәуір алыс қашықтықта орналасқан.Түпкірдегі әкімшілік аудандарға көтере жеткізілетің жүк тасымалдары да мультимодалды тасымалдарды қолданудың нақты саласына айналуы мүмкін.Осы тасымалдарды,әсіресе республика ішіндегі қатынастарда қазір бастан аяқ дерлік көбіне автокөлік жүргізеді.Экономикалық негізделген жағдайларда маршруттың бір бөлігіне темір жолдарды қосу арқылы мультимодалды технологияларды қолдану жабдықтау шығындарын едәуір азайтуы мүмкін.
Оңтүстіктегі өндіруші аудандардан солтүстіктегі тұтынушы аудандарға ауыл шаруашылық өнімдері сияқты халық тұтынатын тауарларды тасымалдау үшін де мультимодалды тасымалдар ұйымдастыру перспективалы.Осындай тасымалдардың айқын көлік схемасы қоғамдық шығындарды үнемдеуді қамтамасыз еткен болар еді.
Республикада мультимодалды тасымалдарды дамыту үшін қолайлы алғышарттардың қатарына сондай-ақ әркелкі көлік түрлерінің тоғысына орналасқан ірі көлік тораптарының болуын да жатқызуға болады.Атап айтқанда, осы технологияларды дамыту үшін әлеуетті мүмкіндіктер Павлодар темір жол-су көлігі торабында бар,ол республиканың аса ірі су күретамыры- Ертіс өзенімен қиылысатын Тобыл- Құлынды темір жол магистралінің бойына орналасқан.
Кезінде «КК ҒЗИ» Екібастұз көмірін аралас темір жол –су қатынасымен Ресейге тасымалын ұйымдастырудың мақсатқа сәйкестігін зерттеді.Оның тиімсіздігінің басты факторлары мыналар болып шықты:ЖЭО-на судан көмірдің үлкен мөлшерлерін қабылдау үшін Омбыда қажетті керек-жарақтың болмауы; үлкен навигацияаралық қосалқы қорлар жасау қажеттілігі; көмір таситын кемелерлді тиеуді шектейтін өзен фарватерінің жай- күйі; көмір тиеу кезінде темір жол вагондарының бос тұруларын азайтатын тоқтаусыз жұмыс істейтін жоғарғы өнімділікті техниканың Павлодар портында болмауы.
Ақтау теңіз порты өте перспективалы мультимодалды көлік торабы болып табылады,ол темір жол,автомобиль және теңіз көлігі тоғысында жұмыс істейді.Каспий теңізі арқылы Ресеймен,Закавказьмен және Иранмен паром қатынасын ұйымдастыруға байланысты мультимодалды көлік схемаларын қолдану бойынша порт мүмкіндігі әсіресе өсті.
Мультимодалды технологияларды қолдану үшін экспорттық-импорттық тасымалдар саласында белгілі бір алғышарттар бар,мұнда өсу үдерісімен біршама орнықты жүк тасқындары қалыптасты.Осы тасымалдардың тиімділігін арттыру – еліміздің сыртқы экономикалық қызметін жетілдіру фактілерінің бірі.
Желінің кейбір жеке бағыттарында мультимодалды технологиялар- контрейлерлік тасымалдарды пайдалану арқылы транзиттік тасымалдар ұйымдастыру әбден мүмкін.
Бірақ сонда да болса мультимодалды тасымалдар жүйесін қалыптастыру республикада өте баяу жүріп жатыр.
Қазақстандағы көлік қызметтері рыногына мультимодалды технологиялардың баяу «енуі» себептерінің бірі,шамасы,елеулі тұрақты нәтиже алу үшін тасымал шарттарын жетілдіруге қаражаттар салудың қажеттілігі мен орындылығын ынталандыратын шоғырланған тұрақты жүк тасқындарының жоқ екендігі болса керек.
Мультимодалды тасымалдардың дамуын тежейтін себептердің біріне мамандандырылған жылжымалы құрамның болмауы мен жүктердің қауіпсіздігі мен сақталуына кепілдіктің жеткіліксіз деңгейін жатқызу керек.
Және ең ақырында,компьютерлік технологияларға негізделетін қазіргі заманғы ақпараттық қамтамасыздандырусыз мультимодалды тасымалдарды ұйымдастыру мүмкін емес.
Мультимодалды тасымалдарды дамыту республика қажеттіліктеріне көлік қызметін көрсетудің ғана емес,сонымен бірге халықаралық тасымалдардың да тиімділігін арттырудың маңызды шарты.
Мультимодалды тасымалдардың ұйымдастыру принциптерін Қазақстан аумағында транзиттік жүктердің өтуі кезінде ойдағыдай пайдалануға болады,мұның республика үшін ерекше маңызы бар,өйткені ел аумағын бірқатар халықаралық трансконтиненталды дәліздер қиып өтеді.
Дата добавления: 2016-06-24; просмотров: 2009;