Көлік технологиялары жүйесіндегі мультимодалды тасымалдардың орны

Жүк тасымалдауда көліктің түрі мен технологиялық схеманы таңдау әрбір нақты жағдайда жүктің категориясына,оның жеке топтамаларының көлеміне,тасымалдардың қашықтығы мен бағытына,жүктердің бағасына,жеткізу мерзімдеріне,клиенттердің кірме жолдарының болуына байланысты тасымалдардың нақты жағдайларымен анықталады.

Қазақстан жағдайларында темір жол және автомобиль көлігін пайдалануға негізделген технологиялық көлік схемалары жиірек қолданылады.

1. Тікелей темір жол тасымалдары, вагонмен де сондай-ақ ұсақтау топтамалармен де.

2. Тікелей автомобиль тасымалдары.

3. Темір жол – автомобиль тасымалдары.

Тасымалдаудың оңтайлы схемасын таңдау- тұтынушының басымдығы.Тасымалдардың практикалық тәжірибесіне сүйене отырып,нақты технологиялық көлік схемасының көпшілік жағдайларда ең оңтайлы болатын салаларын анықтауға болады.

Ірі клиенттерге үлкен партияларымен салмақты жүктерді,(көмір,руда және т.б.) тасымалдау кезінде тікелей темір жол вагон тасымалдарды анағұрлым тартымды болады.

Жүктердің біршама шағын партияларын едәуір жақын және тіпті алыс қашықтықтарға да өте жедел тасымалдар үшін тікелей автомобиль тасымалдары басым күйінде қала береді.

Қалған жағдайлар үшін анағұрлым жетілдірілген көлік схемасына мультимодалды,соның ішінде құрама тасымалдар жатады,олар ең жаңа көлік технологияларымен жабдықталып,тасымалдарға қатысушы көліктің әр түрінің артықшылықтарын пайдаланудың есебінен жүктерді жеткізудің сапасы,бағасы мен мерзімдері бойынша көлікке қойылатын негізгі талаптарды қанағаттандырады.Осы технология автокөліктің икемділігін темір жолдың дәлдік,сенімділік,қауіпсіздік, тасымалдау бағасы бойынша артықшылықтарын ұштастыруға және жүкті «есіктен есікке» дейін жеткізу принципін іске асыруға мүмкіндік туғызады.

Қазір «шоссе- темір жол –шоссе» құрама тасымалдары Еуропа құрылығында көлік инфрақұрылымы мен тасымалдар ұйымдастырудың төл сипатына айналады,өйткені еуропа елдерінің жолдарындағы қарқынды қозғалыс жағдайларында осындай тасымалдар тиімділікті арттырумен қатар автомагистральдардағы қозғалыстар жиілігін сиретеді және жүк автокөлігінің қоршаған ортаға тигізетін жағымсыз әсерін күрт азайтады.

Мультимодалды тасымалдарды Қазақстан ұйымдастыру мен дамуту –республика көлік кешенін таяу перспективада жетілдірудің ең өзекті проблемаларының бірі.Осы жаңа технологияны тасымалдар практикасына енгізу көлік саласындағы жұмыстың тиімділігін арттырумен қатар тасымалдарға жұмсалатын қоғамдық шығындарды азайтуға,сондай-ақ халықаралық тасымалдарды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға және Қазақстан көлік жүйесінің әлемдік көлік жүйесіне интеграция жасауына мүмкіндік туғызады.








Дата добавления: 2016-06-24; просмотров: 1880;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.003 сек.