Тақырып 55. Жолаушы автокөлігі тасымалының бүгінгі сипаты

 

Қазіргі заманғы барлық мегаполистер үшін көлік проблемалары бірінші дәрежелі мәнге ие.

Халықаралық тәжірибенің талдауы көрсеткендей муниципалды бі биліктер өздерінің негізгі күш- жігерлерін көпшілік тасымалдарын үлкен қашықтықтарға қамтамасыз ететін жолаушы көлігінің жүрдек жүйесін құруға жұмсайды, бұлар жайлылықтары, өз мүмкіндіктері мен жеткізу жылдамдықтары бойынша жеке автомобильдермен бәсекелеседі.

Жүрдек жолаушы көлігінің қазіргі заманғы жүйелері мына көлік технологияларына негізделеді:

- метро;

- дарарельсті жүйелер;

- жеңіл рельстік көлік (LRT-трамвайдың жаңа заманғы баламасы).

- жүрдек автобус немесе траллейбус тасымалдары (BRT).

Жолаушы көлігіндегі қазіргі заманғы технологиялардың басты айырықшалықты ерекшелігі қаланың көлік магистральдарынан қуатты жолаушы тасқындарын шығару болып табылады. Метро мен дарарельсті жүйелер үшін мұны жолаушы тасымалдарын жер үсті деңгейінен жер астына немесе арнайы эстакадаға ауыстыру жолымен жасауға болады. LRT немесе BRT қозғалысының жүрдек режимін қамтамасыз ету үшін бірқатар қосымша жағдайлар (шарттар) талап етіледі, олар қала құрылысы ахуалына елеулі ықпалын тигізеді. Ең алдымен, осы көлік технологияларын іске асыру үшін оқшауландырылған қозғалыс жолақтарын бөлу қажет болады. суреттерде мысал ретінде әлемдегі кейбір қалаларда жүзеге асырылған шешімдердің нұсқалары көрсетілді.

LRT және BRT оқшауландырылған қозғалысын сондай-ақ терең емес тоннельдерде немесе эстакадаларда ұйымдастыруға болады, бұл әрбір нақты жағдайда қала құрылысы ахуалының ерекшеліктерімен анықталады.

Жолаушы көлігі жұмыс істеуінің жүрдек режимінің бұдан басқа маңызды шартына бір деңгейдегі осыған ұқсас көлік түрі қиылыстарының көбіне болмауы жатады. Ал ең соңында LRT және BRT маршруттары үшін бір деңгейдегі қала көшелері мен қиылыстарда жол қозғалысын басым реттеу қолданылуы тиіс.

1-кестеде қазіргі жаңа көлік технологияларының кейбір техникалық сипаттамалары келтіріледі, осылардың ішінен солардың әрқайсысының кіре мүмкіндіктері туралы ақпарат ерекше қызығушылық танытады.

Жоғарыда қаралған технологиялардың әрқайсысы бойынша түрлі технологиялық шешімдер тасымалдардың әлеуетті көлемдерімен және оларды іске асыруға жұмсалатын шығындармен белгіленеді (анықталады). Кестелерде ең жоғары жүктемелердің шамамен алғандағы көлемдері мен жүрдек жолаушы көлігіне арналған кейбір жобалардың қаржы көрсеткіштері берілді, бұлар әлемдегі түрлі елдерде кейінгі жылдарда іске асырылды.

Өтелетін кіре мүмкіндіктері, жүрдек жолаушы көлігінің жобасын іске асыруға қойылатын мүлде әркелкі талаптар және оны жүзеге асыруға жұмсалатын шығындар әр нақты жағдайға қарай технологияны таңдау үшін біршама кең өріс береді. Бұл ретте мына жәйтті ескеру керек, көлік технологиясын таңдау сондай-ақ жүйенің жұмыс істеуіне байланысты кейінгі пайдалану шығындарын да есепке алуға тиіс. Осы шығындар BRT – да бәрінен төмен болса, ал LRT-да жоғары және метрода барынша жоғары.

 








Дата добавления: 2016-06-24; просмотров: 1470;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.