Көлік техникасын жуу-тазалау және майлау жұмыстарын ұйымдастыру

 

Машиналар мен олардың құрамдас бөліктерінің күрделі жөндеуге келгенде ластығы әр түрлі деңгейде болады. Сондықтан жөндеу нысандарын тазалау және жуу машинаны бөлшектеу, дефектациялау және детальдарды қалпына келтіру алдындағы міндетті түрде жүргізілуі тиіс операцияларға жатады.

Дөңгелекті трактор базасындағы машиналардың сыртын жууға арналған қондырғы нұсқасы 3.2-суретте келтірілген. Қондырғы екі жуу камерасы мен машиналық бөліктен тұрады. Камералар арасында майлау материалдары мен отынды төгуге және машинаны бөлшектеуге арналған посттар орналастырылған. Базалық трактор және жұмыстық жабдық бетіне жуу сұйығы гидрожетектегі автоматты тербелетін жинағыштан жеткізіледі.

 

 

Жөндеу-ге қа-былдау
Сыртқы жуу
Цехта жөнделетін агрегаттар
Ревизия
Метал-құрыл-ымды жөндеу
Электр өткізгіш-терді жөндеу
Құбыр-өткізгіш-терді жөндеу
Майлау жүйесін жөндеу
Монтаж
Бөл-шектеу
Жуу
Дефек-тация-лау
Деталь-дарды жөндеу
Агрегат-тарды жинау
Стенд-тік сынақ-тар
Жет-кізу
Детальдарды дайындау
Сатып алынған бұйымдар
Ауысатын деталдар мен жинақ бірліктер
Жет- кізу
Наладка
Сынау
Бояу
Үрлеу, тазалау
Бөлшектеу
Дефек-тация
Жинау
Жеткізу
Жет-кізу  
Электрлік бөлікті жөндеу
Механикалық бөлікті жинау
Сатып алынған бұйымдар

 

3.1-сурет. Машиналарды жөндеудің өндірістік процесінің жалпы сұлбасы

 

 

 

3.2-сурет. ОМ-1 типіндегі дөңгелекті трактор базасындағы көлік техникасын сырттай жууға арналған қондырғы:

1 – бастапқы жағдай; 2 – үлкен камера; 3 – машиналық бөлім; 4 – кіші камера; 5 – тартым құрылғысының жетек станциясы; 6 – тракторды агрегаттарға бөлу посты; 7 – кіші бөлу посты; 8 – жану-майлау материалдарын құйып алу және ішкі бөлітерді булау посты

 

 

Қондырғының ауысымдағы өнімділігі – 16 машина, жылдық жоспар – 1000 машина, габариттік өлшемдері – 6170х3470х3500 мм.

Заманауи машиналар конструкциясының күрделілігі, олардың детальдарын дайындауда қолданылатын материалдардың әркелкілігі, жөндеу нысандарында ластанудың әртүрлілігі тазалау операцияларын бірнеше сатыда жүргізуге міндеттейді. Жөндеу кәсіпорындарының көпшілігінде жуу-тазалау жұмыстарын ұйымдастырудың 3.3-суретте келтірілген нұсқасы қолданылады.

Жөндеу-механикалық заводтары посттарының бірқатарында машиналарды жуу конвейерлік желідегі бөлшектеу участоктарымен біріктірілген. Бұл жұмысшылардың еңбек жағдайларын жақсартуға және бөлшектеу участоктарында өндіріс мәдениетін жоғарылатуға септігін тигізеді.

Лабомид-101, Лабомид-102 жуу құралдары машиналарды майлы асфальт-шайырлы кірлерден ағымды тазалауға арналған және машиналарды агрегаттарға, агрегаттарды детальдарға бөлшектеп жөндеу алдындағы тазалау операцияларында қолданылады. Олар су ерітінділері түрінде пайдаланылады.

Жуу құралдарын қолданудың технологиялық режимдерін детальдардың ластану сипатына, тазалау әдісіне, жуу жабдығының параметрлеріне, жуылатын бұйым материалына және басқа да факторларға байланысты анықтайды. Лабомид-101 және Лабомид-102 жуу құралдарының ең көп тараған жуу операцияларына арналған технологиялық режимдері 3.1-кестеде келтірілген.

 

 

Жөндеуге қабылдау алдында машинаны     жуу
Машинаны кіші бөлшектеу
Қоректендіру жүйесінің детальдарын тазалау
Электр жабдықтарының детальдарын тазалау
Картерлерді булау, жуу
Машинаны бөлшектеу
Агрегаттарды кіші бөлшектеу
Камераны, раманы булау
Агрегаттарды жуу
Агрегаттарды бөлшектеу
Детальдарды жалпы жуу
Детальдарды арнайы тазалау
Мойынтректерді жуу
Детальдарды қайнаудан тазалау
Детальдарды қалпына келтіру алдында майдан тазалау
Қалыптастырылған және майда детальдарды тазалау
Детальдарды тот басудан жуу
Детальдарды жинау алдындағы операция аралық жуу
Детальдарды күйіктен тазалау
Блоктар мен иінді біліктердегі майлау арналарын тазалау
Детальдарды бояу алдында майдан тазарту

 

3.3-сурет. Жуу-тазалау жұмыстарын ұйымдастыру сұлбасы

3.1-кесте

Жуу құралдарын қолданудың технологиялық режимдері

 

Тазалау нысандары Қолданылатын жабдық типі Препарат концентра циясы, г/л Температура, град Қысу құбырындағы қысым, Па Тазалау ұзақты ғы, мин Ерітіндіні ауыстыру арасындағы болжамды период, күндер
Жинақтағы машина ОМ-1438 МД-2 70-80 75-85 9,0 2,5
Жинақтағы қозғалтқыш МД-1 75-85 3,8
Трансмиссия детальдары АКТБ-116 80-85 4,5-5,0
Қозғалтқыш детальдары МК-1 МД-1, МД-2 АКТБ-116 АКТБ-14   70-80 70-80   80-85 80-90 2,5-3,5   4,5-5,0 15-20   8-10  
Қозғалтқыш детальдары МК-1 ОМ-2839 МД-1,МД2 80-85 80-90 80-85 3,0-4,0 4,5-5,0 2,5-8,8 20-45 12-20

 

Машина детальдары мен тораптарын батыру әдісімен жуу үшін әртүрлі типтегі жуу машиналары қолданылады. Мысалы, ОМ-7027 машинасы (3.4-сурет) жуу шомылғысынан, детальдарды бүрку бөлмешігінен, конвейерден, жуу және активациялау жүйелерінен тұрады.

ОМ-7027 жуу машинасының сипаттамасы

Шомылғының жұмыстық көлемі, м3.....................................18

Бүрку ваннасының жұмыстық көлемі, м3............................ 1,8

Детальдарды жуу өнімділігі, кг/сағ......................................3000

Жуу сұйығының температурасы, град................................

Қыздыру...............................................................будың көмегімен

Детальдардың жуу ерітіндісіне болу уақыты, мин................. 35

Конвейер жылдамдығы, см/мин............................................... 0,2

Бекітілген қуат, кВт.................................................................. 63

Жылдық жоспар, мың т............................................................ 16

Габариттік өлшемдер, мм.....................................8800х2280х2885

Жинақтағы детальдарды тазалау 0,5...1 сағ ішінде, ал асфальтты-шайырлы қалдықтары бар бұйымдарды тазалау 1,5...3 сағ аралығында жүргізіледі. Барлық шомылғылар мен сорап қондырғыларының бактары жуу құралының бетіне май жинайтын құрылғылармен жабдықталған.

3.4-сурет. Жүктеу әдісі бойынша көлік техникасының детальдары мен агрегаттарын жууға арналған жуу машинасы:

1 – тартым станциясы; 2 – жуу шомылғысы; 3 – жою камерасы; 4 – турбина; 5 – жетек станциясы; 6 – конвейер; 7 – регистрлер; 8 – құйып алу жүйесі

 

Каустикалық соданы пайдаланып жуумен салыстырғанда Лабомид құралымен жуу өндіріс мәдениетін өсіруге, жуу сапасын көтеруге, құралдарды үнемдеуге және бөлшектеу операцияларында еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

 

 








Дата добавления: 2016-12-08; просмотров: 3553;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.011 сек.