Тазалаудың термиялық әдістері
Тазалаудың термиялық әдісі жанып кететін немесе механикалық беріктілігін жоғалтатын қызғанға дейінгі температурада ласты алып тастауға негізделген және бөлшектердің бетінен алынып тасталынады. Жөндеу тәжірибесінде көбінесе термиялық тазалауды ашық отта немесе балқытылған ерітінді мен тұзға батырып қолданады. Ашық отпен оттегі-ацетиленді немесе керосинді жалынмен шайырлы қыртыстырды және шығардағы шуды тұншықтырғыш күйікті, шығу жинағыштарын және дизельдің келтеқұбырларын тазалайды.
Мұндай тазалауға арналған қондырғы төрт шомылғыдан тұрады. 1-шомылғы 65% каустикалық содадан, 30% азот қышқылды натрийден және 5% ас тұзынан құралған ерітіндіден тұрады. Ерітіндінің температурасы 380-420 С.
Бұл шомылғыда қара металдан жасалған бөлшектер 5 мин., ал алюминий ерітінділері 3-5 мин. ұсталынады, содан кейін оларды шомылғыдан алады да, 120-150 С дейінгі ауада суытып, сумен шаю үшін торлы себетке салып, 2-шомылғыға батырады және сілтінің қалғандарын бейтараптандыру үшін бөлшектерді қара металдан жасалған бөлшектерге арналған 50% тұз қышқылы және алюминий ерітінділерінен жасалған бөлшектерге арналған (125г/л) хромдық ангидридтен және (85 г/л) фосфор қышқылы толтырылған 3-шомылғыға батырады.
Ең соңында қара металдан жасалған бөлшектерді тринатрийфосфат және калцийленген сода (3-5г/л) ыстық су ерітіндісімен, ал алюминийдің ерітіндісінен жасалған бөлшектерді ыстық таза сумен 4-шомылғыда жуады.
Тұз бен сілті ерітіндісінде бөлшектерді тазалау және майын кетіру тез және жақсы болады. Бірақ та бұл әдістің кемшіліктері де бар: тазалау металдың қасиетіне әсер етеді, ерітінді тез ластанады, күрделі формалы бөлшектерді тазалауға болмайды және олардың деформациясының жіңішкелік мүмкіндігіне байланысты тазалау әдісі қиындау болып, қол еңбегін қажет етеді.
Дата добавления: 2016-12-08; просмотров: 1471;