Механикалық өңдеу арқылы жөндеу

Өнеркәсіп салаларының біразында машина детальдарын орталықтандырып жөндеу өндірісті қажетті қосалқы құраммен қамтамасыз етудің тиімді жолдарының бірі болып қалды. Жөнделген детальдардың құны жаңа детальдар құнымен салыстырғанда едәуір төмен. Жөндеу кезінде беріктендіру әдістерін тиімді пайдалану жөнделген детальдар ресурстарын жаңа детальдар ресурстарымен салыстырғанда едәуір жоғары етуге мүмкіндік жасайды. Мұның барлығы да қалпына келтіретін жөндеу жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың жоғары тиімділігін айқындайды. Машиналардың көп санды парктерінде бұл материалдардың, энергия мен еңбекшығындарының әжептеуір үнемділігін қамтамасыз етеді.

 

Машина детальдарын жөндеу (қалпына келтіру) әдістері
Механикалық өңдеу
Ұсталық-механикалық өңдеу
Қысыммен өңдеу
Балқыту және дәнекерлеу
Электролиттік өсіру
Металдау
Желімдеу
Жаңа өлшемге
Номиналь-ді (бастап-қы) өлшемге
Жеке
Жөндеу
Қосымша жөндеу деталдарымен
Деталь бөлігін ауыстыру
Аралау
Шаберлеу
Үйкелеу
Жапсырма қою
Штифтеу
Аралау
Қысып шығару
Тарату
Қысу
Созу
Келтіру
Айналдыру
Дөңгелету
Бөлшек ағынмен жетпетіру
Чеканка
Электр доғалы балқыту
Газдық балқыту
Автоматтық және флюспен балқыту
Автоматтық электр импульспен балқыту
Индукциялық балқыту
Тозуға төзімді таспамен жанастырып жетпетіру
Плазмалық балқыту
Электр шлакты балқыту
Газдық
Электр доғалы
Индукциялы доғалы
Плазмалы доғалы
Плазмалы шаңдату
Қатты тегіс
Кеуекті
Хромдау
Темірлеу
Мыстау
Химиялық никельдеу
Мырыштау

 

4.1-сурет. Машина детальдарын жөндеу (қалпына келтіру) әдістері

 

Көлікте, құрылыста және де машиналарды жөндеудің орталықтандыру кең көлемде қолданылатын өнеркәсіптің басқа да салаларында жөндеу техникасы дамуының маңызы арта түскен және ол қалпына келтіру әдістерінің кең арсеналына ие.

Механикалық өңдеумен жөндеудің екі түрі бар: жаңа размермен және номинальді размермен жөндеу. Жөндеудің бірінші түрінде детальдің номинальді размерін бастапқыдан бөлек етіп қабылдайды, мысалы, 100 мм болған еді, 98 мм болды, мұнда жөндеу жеке және жөндеу размеріне сәйкес болуы керек. Жаңа размерге келтірілетін жеке жөндеуде ең бағалы детальдарды ондағы ақаулар жойылғанша өңдейді (мысалы, отырғызу бетінің өзгерген формасын түзегенге дейін).

Жанасқан детальдарды қайта дайындайды немесе осы жаңа размерге келтіреді. Жөндеу кезінде металдың минимал қабаты алынатын болғандықтан, жеке жөндеу негізгі детальдің жұмысқа жарамды мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді. Алайда ол өзара ауыстырымдылықты бұзады, бұл жөндеудің бірліктік өндірісінде ғана мүмкіндік болады. Жөндеу размеріне келтіріп жөндеуде бастапқыдан бөлек жаңа номинальді (жөндеу) размерін бекітеді, бірақ алғашқы шақтаманы сақтап қалады, бұл берілген размер аумағында өзара ауыстырымдылықты сақтап қалуды қамтамасыз етеді. Бұл, әрине, жөндеу кезінде ірі сериялы өндіріс әдістерін пайдалануға мүмкіндік жасайды да, оны арзандатады және қарапайым етеді.

Номинальді размерге келтіретін жөндеуде (4.2-сурет) детальдың бастапқы номинальді размерлері мен шақтамаларын металдың ақаулы қабатын жою немесе оның ақаулы бөлігіне қосымша жөндеу деталін (втулка, сақина, орама және т.б.) қою арқылы механикалық өңдеумен қалпына келтіреді.

 

 

4.2-сурет. Механикалық өңдеуде номинальді өлшемге келтіру арқылы жөндеу тәсілдері:

а – втулканы тесікке қою арқылы; ә – втулканы білікке тығыздап қондыру арқылы; б – жазық бетке табақшаны балқыту арқылы; в – ақауды жойып, жұлдызшаға жаңа тәжді балқыту арқылы;

1 – тозған бет; 2 – механикалық өңделген бет; 3 – втулка; 4 –білік; 5 – жазық деталь; 6 – жансырма; 7 – күпшек; 8 – тәж; – номинальді диаметр

 

Осы әдіспен, яғни жөндеу втулкасын, гильзасын, сақинасын қою арқылы тегіс бетті тесіктер; втулканы, сақинаны немесе жартылай втулканы престеу арқылы біліктер; тілікшелер мен жапсырмаларды қою арқылы жазық беттер және т.б. жөнделеді. Аталған әдіс бойынша жөндеудің технологиялық процесі мынадай сатылардан тұрады: детальдың ақаулы қабатын немесе ақаулы элементін жою және беттік қосылысты дайындау; жөндеу деталін немесе оның ауыстыратын бөлшекті жасау; қосымша жөндеу деталімен қосу немесе оның ауыстыратын бөлшегін негізгі детальмен біріктіру және бекіту; соңғы механикалық өңдеу және жөндеу сапасын бақылау.

 








Дата добавления: 2016-12-08; просмотров: 1470;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.008 сек.