Металдандыру арқылы жөндеу

Металдандыру арқылы жөндеу әдісі бастапқы материалдың балқуынан, оның ұсақ бөлшектерге шаңдануынан және оны ауа мен плазма ағынымен немесе жанғыш газдар жалынымен деталь бетіне ауыстырудан тұрады. Ағында үлкен жылдамдықпен (150...300м/с) жылжып отырып, бұл бөлшектер жөнделетін детальдың алдын ала дайындалған кедір-бұдыр беттеріне түсіп, бір-бірімен ілінісіп, жабынды құрайды.

Газплазмалы ұнтақты шандандыру әдісі пайдалану кезінде соққылы, таңбасы айнымалы күштерге түспейтін, 300 С температураға дейін қыздырылмайтын, тозуы 2,5 мм-ге дейін болатын, құрамына мыс пен алюминий кірмеген болат қорытпаларынан жасалған детальдарды қалпына келтіру үшін жасалған [8]. Ал газплазмалы ұнтақты балқытып қаптастыру әдісі таңбалы айнымалы және соққылы жүктемелерде және жоғары температураларда жұмыс істейтін, сұр шойыннан, болат құймадан, тат баспайтын хромникельді болаттан, құрамында көміртек 0,8%-ға дейін аспаптық болаттан жасалған детальдарды қалпына келтіру үшін қолданады.

Балқытылатын металды әдетте сым түрінде қолданады, ал балқытуды электрлік доғамен (электрдоғалы металдандыру); ацетилен оттекті жалынмен (газдық металдандыру); индукциялы қыздырумен (жоғары жиілікті металдандыру); плазмалық ағынмен (плазмалық металдандыру) жүргізеді (4.12- сурет).

 

4.12-сурет. Металдаушылардың шаңдату бастиектерінің сұлбасы:

а – электрдоғалы; ә – газдық; б – жоғары жиілікті (индукциялы); в – плазмалы; 1 – шаңдалатын сым; 2 – бағыттаушы құрылғылар; 3 – ауа арнасы; 4 – электрлік доға; 5 – балқытылатын бет; 6 – индуктор; 7 – вольфрамды электрод

 

Металдандырудың барлық әдістерінде балқытылған металды шаңдандыру және оны жөнделетін бетке ауыстыру үшін компрессорлық қондырғыдан келетін қысылған ауаны қолданады. Жөнделетін бетті дайындау металдандырудың бұл әдістерінде төмендегілерден тұрады: майдан, тотықтан, тот басудан, ылғалдан, кірден және т.б. тазалау; оған дұрыс геометриялық форма беру; жабындымен жақсы ілінісу үшін кедір-бұдырлықты жоғарылату; жабылмайтын бетті оқшаулау.

Металдандыру қатты тозған болат біліктерді, жылжымайтын отырғызу орындарын, шойын детальдардағы жүктемесіз элементтердегі сызаттарды, көміртекпен диффузиялық қанықтыруды қажет етпейтін цементациядан қорғау орындарын және т.б. жөндеу үшін қолданылады.

Цилиндрлік беттерді металдандыруды детальдың айналу қозғалысы мен металлизатордың сатылы қозғалысы біріккен кезде жүргізеді. Бір өтпедегі төселетін жабындының қалыңдығы, мм, [8]:

; (4.4)

мұндағы, – шаңдану кезіндегі шығынды есептегендегі сымды тиімді пайдалану коэффициенті, = 0,7...0,8; – аппарат өнімділігі, кг/ сағ; – детальдің айналу жылдамдығы, м/ мин; – аппараттың бойлық берілісі, мм/айн; – шаңдалған металл тығыздығы, г/см3

Металдандыруға жұмсауға қажетті негізгі уақыт, мин:

; (4.5)

мұндағы, – беттің номинал диаметрі, мм; – беттің және аппарат жүрісінің қорытынды ұзындығы, мм; =20...30 мм; – жабындыны салуға дейінгі және одан кейінгі өңдеудің припускілерін есептегендегі жабынды қалыңдығы, мм.

Металдандыру параметрлерінің жобалық мәндері 4.4-кестеде келтірілген [8].

4.4-кесте

Металдандыру параметрлерінің жобалық мәндері

Параметрлер Металдандыру түрлері
Газдық Электрдоғалы
Қысылған ауа қысымы, МПа 0,4...0,5 0,55...0,65
Шығару ұшынан бетке дейінгі қашықтық, мм 125...150 0,55...0,65
Детальдың айналу жылдамдығы, м/мин 10...15 10...12
Аппараттың бойлық берісі, S мм/айн (айналу жиілігі, мин-1): d мм болғанда мм болғанда 100 мм болғанда   2,5 (160) 1,5 (60) 1,2 (15)
Доғаның электродтарындағы кернеу U, B - 25...35
Доғаның ток күші, А - 60...80
Ацетилен қысымы, МПа -
Оттегі қысымы, МПа 0,25...0,3 -
Өңдеуден соңғы қабат қалыңдығы, мм; кем емес: d мм болғанда мм болғанда     0,6 0,95...1,0
Аппараттардың өнімділігі, кг/сағ: Станокті (ЗАТ-6, МЭС-1) қолмен ЭМ-9     - -     14...15

 








Дата добавления: 2016-12-08; просмотров: 1242;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.