Пайдалану орындарындағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған заманауи пісіру жабдықтары
Қазіргі кезде елімізде көлік және жол нысандарын салу, газ және мұнай құбырларын төсеу бойынша жұмыс көлемі өскендіктен, техниканы пайдалану орнында жөндеу жұмыстарын жүргізу құралдарына деген, оның ішінде жылжымалы электрпісіру агрегаттары мен трансформаторларына деген сұраныс өсіп отыр.
Электрпісіру аппараттары мен трансформаторлары ең жиі қолданылатын пісіру аппаратары болып саналады. «Титран-Велс» атты Тихвин трактор заводы қазіргі кезде дөңгелекті және шынжыртабанды трактор базасындағы жылжымалы пісіру агрегаттарын кең көлемде шығаруда (4.13-сурет).
4.13-сурет. Жылжымалы пісіру агрегаттары:
а – АС-81 пісіру агрегаты; ә – АСГ-4 пісіру агрегаты
Агрегат АС-81 дала жағдайында доғалық пісіруді, металдарды кесу мен балқытуды бірпостты және көппостты тұрақты пісіру тогымен қоректендіруге арналған. Құрылыста және газ-мұнай құбырларын жөндеуде, компероссорлық станцияларды монтаждауда қолдық доғалық пісіруді автономды қоректендіру және халық шаруашылығы нысандарында пісіру процестеріне байланысты қосымша жұмыстарды атқару үшін қолданылады.
АС-81 агрегатының техникалық сипаттамасы
Агрегат базасы.................................................................К-700Т-1
Қозғалтқыш моделі................................................ЯМЗ-237HD3-1
ЯМЗ-238HD3-4
Қозғалтқыш қуаты, кВт (а.к)...........................................173(235)
184(250)
Агрегат базасының типі............................................... дөңгелекті
Оқшауланған нейтральді айнымалы
токты қоректендіру көзі................ 380 В үш фазалы генератор
Пісіру тогының түрі........................................................тұрақты
Пісіру тогы постын реттеу.................... қолмен, дистанциялық
Пісіру тогы постының реттеу шектері, А......................... 6-315
Посттар саны............................................................................1-8
Манипулятордың жүк моменті, кН*м, кем емес...................40
Габариттік өлшемдері (ұзындығы х ені х биіктігі) мм, кем емес............9120х3100х3950
Агрегат массасы, кг.............................................................18000
Т2Т-55А тракторы базасындағы АСГ-4 агрегаты дала жағдайында магистральді құбыр өткізгіштерді пісіру кезінде пісіру посттары мен қосымша электржабдықтарды қоректендіру үшін қолданылады; сонымен бірге ұңғыларды жалғауда, компрессор станцияларын монтаждауда, пісіру процесіне байланысты қосымша жұмыстарда да қолданылуы мүмкін.
АСГ-4 агрегаттың техникалық сипаттамалары
Агрегат базасы....................................................................ТДТ-55А
Пісіру постарының саны....................................................4
Қозғалтқыш қуаты, кВт (а.к) ............................................100 (137)
Генератор типі................................... .........................БГ-100
Номинальді пісіру тогі.......................................................1250
Жебенің жүккөтерімділігі,кг.............................................500
Отынның меншікті шығыны, г/ (квт.сағ), кем емес....... 234
Пайдалану массасы, кг.......................................................12100
Габариттік өлшемдер (ұзындығы х ені х биіктігі), мм.......7330х2580х3700
САТ типіндегі аспалы көліктік қондырғылар дала жағдайында қалдық доғалық пісірудің посттарын қоректендіруге арналған. Қондырғының пісіру генераторларының жетегі трактордың қуат таңдау бөлігінен іске қосылады.
САТ-400-01 тракторлық пісіру агрегаты 60...500А пісіру тогы аралығында жұмыс істейтін ГД-4006У2 пісіру генераторы соңына монтаждалған ЛТЗ-60 тракторынан тұрады. Генератор трактордың аспалы құрылғысына бекітілген плитаға орналастырылған. Ал пісіру торабы тракторға алмалы-салмалы етіп бекітілген. Айналдыру моменті қуатты таңдау білігінен жетек белдіктері арқылы беріледі. Біліктің айналу жиілігі 540 мин-1-ден кем емес. Редуктор мен белдікті беріліс арқылы ол 1800 мин-1-ге дейін көтереді. ГД-4006У2 генераторы индукторлы электрлік машиналар қатарына жатады. Осы қондырғымен өндірілетін жоғары жиілікті ток (470 Гц-ке дейін) электродты металды жылжыту процесін жылдамдатады. Бұл қондырғылар тұрақты ток көздері жоқ алыс аудандарда жол салу немесе құбыр төсеу жұмыстарында теңдесі жоқ жабдықтарға жатады.
ОСВ «Комби М», ОСВ «Комби Универсал», ОСВ-350 пісіру энергия агрегаттары (4.14-сурет) ауамен салқындататын қуаты 2...6 кВт болатын дизельді қозғалтқыштармен жабдықталған. Пісіру тұрақты токпен жүргізіледі. Жүктеменің номинал өнімділігі 85...93%, пісіру тогі 300 А, электрод диаметрі 6 мм-ге дейін. Энергия генераторының номинал кернеуі 230/400В, ток жиілігі - 50 Гц. ОСВ-350 агрегатының номинал жұмыс кернеуі 18...32 В, бос жүріс кернеуі – 60...90 В, отын шығыны – 1,5 м/сағ. Агрегат массасы 170 кг, габариттік өлшемдері 930 х 580 х 700 мм.
4.14-сурет. Дизельдік пісіру энергиялық агрегаттары:
а – жоғары сапалы пісіруге арналған ОСВ «Комби М» агрегаты; ә – дала жағдайында пісіруге арналған ОСВ «Комби Универсал» агрегаты; б – ОСВ-350 агрегаты
«Электраспап» заводында «Доға» пісіру түзегіштері шығарылады. Бұның конструкциясына енгізілген техникалық шешімдер аппарат өлшемдерін үйлестіру және пайдаланылатын энергияны бір мезгілде қысқарту кезінде доғалы электрпісірудің мүмкіндіктерін ұлғайтуға септігін тигізеді.
«Доға-318М1» пісіру аппараты кез келген полярлық тұрақты токты әртүрлі профильдегі металдар мен қорытпаларды сапалы түрде қолдық доғалы пісіруге арналған, массасы 42 кг. Даналық электродтардың барлық түрімен жұмыс істейтін мұндай құрылғыны қорғағыш газдар ортасында пісіру жұмыстары үшін де қолдануға болады. Тұтынатын қуат мөлшері 8,3 кВт болғанның өзінде пісіру тогының максимал шамасы 300 А-ге жетеді. Тек шамасының тұтынатын қуатқа қатынасы ретінде есептелетін аппараттың үнемділігі 36,14 А/ кВт құрайды. Бұл пісіру тогының ұқсас диапазоны арасында жұмыс істейтін шетелдік электр доғалы аппараттардың сәйкес көрсеткіштерімен салыстырғанда 2-3 есе асып түседі.
Жеңіл де қарапайым құрастырылған құрылғыны өндірістік цехтарда, жылдымалы шеберханаларда және де жоғары биіктіктерде пісіру жұмыстарын жүргізетін құрылыс алаңдарында қолдануға болады. Бұл аппарат электр желісінде қандай-да бір кедергілер тудырмайды.
ТДМ-401У2 пісіру трансформаторы металдарды айнымалы токпен балқытуда және кесуде, қолдық доғалы пісіру кезінде бір пісіру постының қоректендіру көзі болып табылады. Аппарат орамдары алюминий сымдардан жасалып, сенімді оқшауланған ұяларға орналастырылған. Пісіру тогын жайлап реттеу жүріс бұрамасының тұтқасы айналған кезде катушканың механикалық жылжуы арқылы жүзеге асырылады. Құрылғы реттеу диапазондарының екеуінен біреуін таңдап алуға мүмкіндік беретін ауыстырғыш қысқышпен жабдықталған. Үлкен де кішілі токтар үшін реттеу шекаралары сәйкесінше 200...460А және 70...200А болады. Трансформатор -40...+40С температура аралығында жұмыс істейді және ауа ылғалдылығы 75%-ға дейін болады. Өзінің техникалық сипаттамалары бойынша бұл трансформатор пісіру түзеткішін алмастыра алады.
«Лига» газдық пісіру аппараттары соңғы кезде кең қолданыс табуда. Олардың электролизден, жанғыштан және ұзындығы 6 м-ге дейін болатын шлангтан тұратын электролиздік газпісіру аппараттарының төрт моделі өндірісте шығарылады. Бұларда температурасы 2600С-қа дейінгі оттекті-сутекті жалын қолданылады. Жанғыш газ (сутегі) және қышқылдағыш (оттегі) электролиз кезінде үйлесімді қатынаста су алып тұрады. Бұлардың жылжымалы электролиздер түріндегі үлгісі жарылуға қауіпті ауыр баллондарды қолдану процесіне таптырмайтын бәсекелес болып саналады. Болаттарды, түсті металдарды, шыныларды және т.б. материалдарды пісіруге, кесуге және дәнекерлеуге арналған «Лига» пісіру аппараттарының жұмыс істеуі үшін тек электржелісі мен дистилденген судың болуы да жеткілікті. Металдарды кесу және пісіру қалыңдығы 3 мм-ге дейін болады, массасы аз (12 кг) және тұтынатын қуаты көп емес (1,8 кВт). Қол жеткізуге қиын жерлерде, мысалы, радиаторларды, қозғалтқыш блоктарын, күпшектерді, шанақтарды жөндеу кезінде пісіру жұмыстарын жүргізуге өте қолайлы.
Сонымен бірге қазіргі кезде кең көлемде металдарды пісіру мен кесуге арналған газдық кескіштер мен жанғыштардың әр түрлі медельдері қолданыс табуда. РПК-М маркалы арнайы газдық-оттегілік кескіштер пропан және оны ауыстырғыштарды пайдалану арқылы көміртектік және төмен легірленген болаттарды қолмен беттік оттегілік кесуге арналған. Кесетін материалдың қалыңдығы 500 мм-ге дейін жетеді, массасы 2,2 кг, габариттік өлшемдері 1220х120х65 мм. Ал РКН-03 маркалы отындық кескіштер қалыңдығы 3...250 мм болатын болаттарды кеседі, оларда жұмыс газы есебінде керосин, дизель отыны немесе спирттің барлық түрлерінің булары қолданылады.
Дата добавления: 2016-12-08; просмотров: 1551;