V Мұнай мен газды жинау мен тасымалдауға дайындау жабдықтары.

Ыманың оқпан бөлігі.

Ыманың сүзгіш аймағының жабдығы. Тізбек басы.

 

Кіріспе

Мұнай, газ кенорындарын игеру бір-бірімен функционалды байланысқан түрлі машиналар, жабдықтар, аппараттар мен құралдардың көмегімен іске асырылады. Сондықтан мұнай-газ кәсіпшілігін геологиялық түзілім мен инженерлік құралдардың кешені ретінде қарастыру қажет. Сонымен бірге, машиналар мен құралдардан басқа бұл кешенді жүйе өлшеу және реттеу, автоматтандыру мен есептеу техникасынан да тұрады

«Мұнай кәсіпшілігінің жабдықтары» ұғымының астарында – жұмыстық көрсеткіштері белгіленген ұңғымалардан мұнай мен газды үздіксіз өндіруді, жөндеу жұмыстарын жүргізуді, қабаттың белсенді өндірілуін, мұнайды, газды және қабаттық сұйықтықты өндіріс ішінде дайындау мен тасымалдауды қамтамасыз ететін жабдықтар кешені түсіндіріледі.

МКЖ 5 топтамаға бөлінеді.

І Түрлі пайдалану жұмыстары кезінде қолданылатын жабдықтар.

1) Бұрғылаумен аяқталған ұңғыманың оқпаны мен сағасының жабдығы.

2) Құбырлар, жетектер.

3) Ұңғымалық тығындар.

ІІ Қабат өнімін ұңғымадан көтеруге арналған жабдықтар.

1) Фонтандау кезінде.

2) Компрессорлы өндіріс кезінде.

3) Штангасыз сорап қондырғыларымен пайдалану кезінде.

4) Штангалы сорап қондырғыларымен пайдалану кезінде.

ІІІ қабатқа әсер ету жабдықтары.

1) Мұнайды сумен, газбен және реагенттермен ығыстыру кезінде.

2) Термиялық, термо-химиялық және химиялық әсер ету әдістері кезінде.

3) Коллекторға механикалық әсер ету кезінде.

ІV ұңғымада жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған жабдықтар.

1) Мұнара мен мачталар.

2) Мұнарасы бар подъемниктер мен өздігінен жүретін агрегаттар.

3) Құбырларды бұрап-шешуге арналған механизмдер.

V Мұнай мен газды жинау мен тасымалдауға дайындау жабдықтары.

Кен ішіндегі мұнай қабаты астыңғы жағынан су қабатымен және оның үстіңгі жағында газ шапкасымен шектелген. Қабатты пайдалануға келесі ұңғылар қолданылады: бір бөлігі қабаттан сұйықты шығарып алуға, екіншісі – қабатқа суды немесе газды айдау мақсатында. Қабаттан сұйықты шығарып алу үшін ұңғыларды кешенді пайдалану жабдықтары қолданылады.

Олар сұйықтағы мұнай, газ, судан басқа механикалық қоспаларды жинау жабдықтарының (3) көмегімен тазартып, мұнайды сусыздандыру және тұзсыздандыру операцияларынан өткізіп, тұтынушыларға таза күйінде жеткізеді.

1.1-сурет. Мұнай-газ кәсіпшілігінің функционалды сұлбасы:

1-қабатқа су айдау ұңғысы; 2-қабатқа газ айдау ұңғысы; 3-қабат сұйығын жинау жүйесі және оларды мұнайға, газға және суға бөліп ажырату; 4-сораптық станциялар; 5-компрессорлық станциялар; 6-қабат қысымын ұстап тұру жүйесі; 7-мұнай ұңғылары; 8-газ шапкасы; 9-мұнаймен қаныққан қабат; 10-су жиналған қабат; 11-коллектордың өткізгіштігін көтеріп, қабат сұйығының тұтқырлығын азайту арқылы қабатқа әсер етіп, кен алуды қарқындатуға арналған жабдықтар кешені; 12-ұңғыны ағымды жөндеуге қажетті жабдықтар кешені; 13-ұңғыны іргелі жөндеуге арналған жабдықтар кешені; 14-ұңғыларды пайдалануға арналған жабдықтар

Кенорындарынан сұйықтарды шығарып алуды қарқындату үшін қабатқа қышқылды өңдеу, оны гидроажырату, сонымен бірге термиялық түрде әсер ету жабдықтарының кешені (11) қолданылады. Қабат энергиясының деңгейін көтеру мақсатында су немесе газ айдайтын жабдықтар кешені (6) пайдаланылады. Сонымен бірге ұңғыларды ағымды немесе іргелі жөндеу жабдықтары да кеңінен қолданылады.








Дата добавления: 2016-05-16; просмотров: 4223;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.004 сек.