Ыманың оқпан аймағы

Ұңғыма – тік немесе қиғаш бұрғыланған таулы өндіріс. Ол домалақ қималы, орта диаметрлі – 75 мм-ден 350 мм-ге дейін, тереңдігі – 100-150 м-ден 5000-6000 м-ге дейін және одан үлкен болады.

Ұңғыманың бөліктері: саға – жер бетіне шығатын бөлігі; түп – ұңғыма түбі; оқпан немесе қабырға – ұңғыманың бүйір беті.

Ұңғымалар келесідей категорияларға бөлінеді:

- өндіру (пайдалану);

- барлау (жаңа кен орындарында);

- айдау;

- пьезометрлік (зерттеу жұмыстары үшін).

Пайдалану ұңғымалары барлық ұңғымалардың 80%-ын құрайтын, маңызды құрылыс болып табылады.

Ұңғымалар қиғаш болып, сағалардың бір-бірінен ара қашықтығы метрмен өлшенетіндей аз болса, ұңғымалардың мұндай тобын кусты деп атайды.

Шегендеу бағаналары ұңғыманы бұрғылау мен пайдалану барысында оның қабырғаларын оқпанның жұмыс кеңістігінен оқшаулау үшін арналған және қажетті беріктік пен саңылаусыздықты қамтамасыз етеді. Бағыттаушы ( 245-1250 мм, l=100 м) – құбырлардың бірінші бағанасы, ол ұңғыманың сағасын жуу сұйықтығының әсерінен құлап, шайылып кетуден сақтайды. Бағыттаушының ішінде кондуктор ( 177-508 мм, l=100 м) орналасады. Бағыттаушы мен кондуктор арасына тех.бағаналар (аралық) түсірілуі мүмкін. Ұңғыманың соңғы, яғни ішкі шегендеу бағанасы – пайдалану ( 146-168) бағанасы деп аталады. Пайдалану бағанасы – пайдалану объектісін-қабатты ұңғыма сағасымен байланыстыратын канал қызметін атқарады.

Мұнай және газ өндіруге немесе конденсация жасауға арналған ұңғымаларды өндіруші деп атайды (1.2-сурет)

1.2-сурет. Өндіруші ұңғының сұлбасы:

1-тізбек басы; 2-бағыттаушы-сыртқы шегендеуші тізбек; 3-кондуктор-ішкі шегендеуші тізбек; 4-өндіруші тізбек; 5-ажырату клапаны; 6-сүзгі








Дата добавления: 2016-05-16; просмотров: 1793;


Поиск по сайту:

При помощи поиска вы сможете найти нужную вам информацию.

Поделитесь с друзьями:

Если вам перенёс пользу информационный материал, или помог в учебе – поделитесь этим сайтом с друзьями и знакомыми.
helpiks.org - Хелпикс.Орг - 2014-2024 год. Материал сайта представляется для ознакомительного и учебного использования. | Поддержка
Генерация страницы за: 0.005 сек.