Ыманың құрылымын таңдау
Ұңғыманың құрылымы деп шегендеу тізбегінің санын, диаметрін, қабырға қалыңдықтарын, түсірілу тереңдігін және шегендеу құбырына арналған бұрғы қашауының диаметрін айтамыз.
Ұңғыманың құрылымы бұрғылау мақсатына, бұрғыланатын аймақтың геологиялық жағдайларына, ұңғыма тереңдігіне, бұрғылау тәсілі мен техникасына, ұңғыманы пайдалану мен жөндеуіне байланысты болады.
Шегендеу құбырының үлкен диаметрлерін таңдау бұрғылау шығырының, бұрғылау сораптарының, ротордың, түптік қозғалтқыштардың қуатының шектен тыс өсуіне және тәл арқандары мен мұнаралардың жүк көтергіштігінің өсуіне әкеліп соғатынын ескеру керек. Басқа жағынан алғанда шегендеу құбырларының диаметрін шамадан тыс кішірейту, беріктік көрсеткіштері төмен, бұрғылау кезеңі ұңғыманы жууда үлкен гидравликалық кедергілерді туғызатын кіші диаметрдегі бұрғылау құбырларын қолдануға мәжбүр етеді. Сондықтан пайдалану тізбегінің кіші диаметрі ұңғымаларды пайдалануды қиындатады.
Ұңғыманың тағайындалуына, мұнайдың немесе газдың күтілетін дебитіне, гиофизикалық және жөндеу жұмыстарын орындауға, сонымен қатар мұнайды өндіруді механикаландыруға арналған жабдықтарды түсіру мүмкіндігіне тәуелді таңдалатын пайдалану тізбегінің диаметрі ұңғыма құрылымын жобалауда шешуші параметр болып табылады.
Пайдалану тізбегіне арналған бұрғылаулардағы қашау диаметрін таңдау қолданыстағы шегендеу құбырларының жалғастырғышы диаметрлеріне тәуелді түрде жүзеге асырады.
, (8.1)
мұндағы, DД – қашаудың диаметрі; DМ - шегендеу құбыры жалғастырғышының диаметрі; ∆К – ұңғыма қабырғасы мен шегендеу құбыры жалғастырғышы арасындағы диаметралдық саңылау.
Ұңғыма қабырғасы мен жалғастырғыш диаметрі арасындағы саңылау өлшемі шегендеу тізбегін кедергісіз түсіруге сай болу керек. Ұңғыма қабырғасы мен шегендеу құбырының арасындағы рұқсат етілетін диаметрлердің әр түрлілігі 8.1-кестеде көрсетілген.
Дегенмен де соңғы жылдардағы бұрғылау тәжірибесі көрсеткендей шегендеу құбырының жалғастырғышы мен ұңғыма қабырғасы арасындағы саңылауды азайтуға ұмтылысты байқатады. Саңылауларды кішірейту мақсатында жалғастырғышсыз шегендеу құбырларын және пісірілген құбырларды қолданады.
Кейбір жағдайларда қашау диаметрін мына формуламен анықтайды:
, (8.2)
мұндағы, Dқаш. – қашаудың минимал диаметрі, мм; D – шегендеу құбырының диаметрі, мм; DМ – шегендеу құбыры жалғастырғышының диаметрі, мм.
|
Осыдан кейін, пайдалану тізбегіне арналған бұрғы қашауы өте алатын аралық тізбектің диаметрін таңдаймыз.
, (8.3)
мұндағы, dH – аралық шегендеу құбырының сыртқы диаметрі, мм; ∆ - шегендеу құбырының ішкі диаметрі мен қашау арасындағы диаметралдық саңылау, мм; δ – құбыр қабырғасының қалыңдығы, мм.
8.1-кесте
Қашаулар мен түсірілетін шегендеу құбырларының диаметрлерінің сәйкестігі
Қашаудың минималды диаметрі, мм | Диаметр, мм | Ұңғы қабырғасы мен жалғастырғыш арасында минимал рауалы саңылау | |
Шегендеу құбырының | Шегендеу құбыры жалғастырғыштарының | ||
139,7 | 114,3 | - | - |
165,1 | 127,0 139,7 | жалғастырғышсыз | - |
190,5 | 139,7 168,3 | жалғастырғышсыз | - |
215,9 | 168,3 177,8 | ||
244,5 | 193,7 219,1 | жалғастырғышсыз | - |
269,9 | 219,1 244,5 | жалғастырғышсыз | - |
295,3 | 244,5 | ||
349,2 | 273,1 298,9 | ||
393,7 | 323,9 351,0 | ||
490,0 | 377,0 425,5 |
Диаметралды саңылаудың ∆ шамасы 4-6 мм-ден кіші және 10-20 мм-ден артық болмауы тиіс. Алынған нәтиже бойынша минимал диаметрі есептік диаметрге жақын шегендеу құбырын таңдайды
Бұрғылауға арналған қашаулар мен құбырлардың өлшемдері және жоғары бөлімдерді бекіту аналитикалық түрде анықталады.
8.1-суретте мұнай-газ ұңғыларын бұрғылауды жоспарлағанда шегендеу құбырлары мен қашаулардың диаметрін таңдауға арналған номограмма келтірілген [3].
8.2-суретте ұңғыма құрылымының сұлбасы келтірілген.
Дата добавления: 2016-12-08; просмотров: 885;